"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 284 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              С. Ахметов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында 36-2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзу»;
      2) 237-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы;»;
      мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы;
      8) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.»;
      3) 289-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы;»;
      4) 36-2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзу»;
      5) 317-6, 317-7, 317-8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «317-6-бап. Өтініш беру
      Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы өтінішті прокурор осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдар табылған жері бойынша сотқа береді.
      317-7-бап. Өтiнiштiң мазмұны
      Өтiнiште Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстремистік немесе террористік деп танылуы мүмкiн қызметті ұйымның Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыруы фактiсiн не оның өз атауын өзгертуі, сондай-ақ ақпараттық материалдарда экстремизм немесе терроризм белгілерінің болуы фактісін растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс.
      Прокурордың ұйымды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiшiнде қамтылған материалдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, соның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының сот шешiмдерiн де қамтуы мүмкiн.
      317-8-бап. Өтiнiш бойынша соттың шешiмi
      Сот ұйымды экстремистік немесе террористік деп және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп танып, ұйымның қызметіне тыйым салу және оны тарату және (немесе) ақпараттық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, онда басып шығаруға, жасауға және (немесе) таратуға тыйым салу туралы, сондай-ақ ұйымның мүлкін тәркілеу және мемлекет кірісіне айналдыру туралы шешім шығарады.
      Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы сот шешімі осы туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның арнайы есепке алу жүйесіне қосу үшін негіз болады.».
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 44-бап мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
      «5-2. Ғибадат үйін (жеке стационарлық ғимарат, құрылыс) салу үшін жер учаскесін беру оны салу туралы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамаға сәйкес берілген шешімі болған жағдайда жүргізіледі.»;
      2) 49-1-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      «1-2. Ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейінделген ғимарат (құрылыс) орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту осы үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу туралы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамаға сәйкес берілген шешімі болған жағдайда жүргізіледі.».
      3. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат, 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, шет мемлекеттердің, шетелдік ұйымдардың арнаулы қызметтерiнің және жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру мақсатындағы қол сұғушылықтарын анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қарсы барлау шараларын қамтамасыз ету мақсатында тек қана барлау және қарсы барлау ақпаратын алу үшін арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.».
      4. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 9, 10-құжаттар; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат):
      22-баптың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік қызметке қатыстылығы туралы мәліметтер болса, сондай-ақ оның іс-әрекетін сот аса қауіпті рецидив деп таныса;».
      5. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 9, 10-құжаттар; № 14, 72-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 13-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) жеке және заңды тұлғаларға тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеу туралы орындау үшін міндетті ресми алдын ала ескертулерді жазбаша түрде жариялау;»;
      2) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
      «15-1-бап. Алдын ала ескерту
      Жазбаша ресми алдын ала ескерту жариялау туралы шешімді Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан және жеке немесе заңды тұлғаның қылмыс жасауы үшін жағдайлар туғызатын іс-әрекеттерді жасағаны туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін он күн ішінде қабылдайды.
      Алдын ала ескертулерге қол қою құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына немесе оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының директорларына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтарына беріледі.
      Жеке немесе заңды тұлғаға ресми алдын ала ескерту жариялау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күннен кешіктірілмей ол жеке немесе заңды тұлғаға жолдануға (жариялануға және тапсырылуға) тиіс.
      Егер көрсетілген мерзімде жеке немесе заңды тұлғаға ресми алдын ала ескерту жолданбаса (жарияланбаса және тапсырылмаса), оны жариялау туралы шешім жойылуға жатады.
      Ресми алдын ала ескерту жарияланған (енгізілген) сәтінен бастап екі ай бойы қолданыста болады.
      Оған негіздер болған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаға ресми алдын ала ескерту жариялау туралы шешім қайта қабылдануы мүмкін.
      Жазбаша алдын ала ескертудің бір данасы ресми бланкте жарияланады және жеке немесе заңды тұлғаға қол қойғызып беріледі немесе почта арқылы жіберіледі, ал екіншісі қызметкері алдын ала ескертуді жіберген (жариялаған және тапсырған) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органында болады.
      Алдын ала ескерту нақты жеке немесе заңды тұлғаға арналып, Қазақстан Республикасының заңнамасында тергелуі ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған, жол берілмейтіні туралы жеке немесе заңды тұлғаға алдын ала ескертілетін қылмыстарды жасау үшін жағдайлар туғызатын іс-әрекеттер көрсетілуге (келтірілуге) тиіс.
      Алдын ала ескертуде алдын ала ескертуді жариялайтын ұлттық қауіпсіздік органының атауы және мекенжайы, жеке тұлғаның тегі және аты-жөні (сауалнама деректері), почталық мекенжайы, ал заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, оның алдын ала ескерту жарияланатын басшысының тегі және аты-жөні (сауалнама деректері), сондай-ақ шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Жеке немесе заңды тұлғаға алдын ала ескертуде оның ресми алдын ала ескертуге Қазақстан Республикасының жоғары тұрған ұлттық қауіпсіздік органына, прокуратураға немесе сотқа шағымдану құқығы түсіндіріледі.
      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы алдын ала ескертуді жібергеннен (жариялағаннан және тапсырғаннан) кейін жиырма төрт сағат ішінде оның көшірмесі прокурорға жіберіледі.
      Ұлттық қауіпсіздік органдары жазбаша нысанда жарияланған алдын ала ескертулердің есебін жүргізеді және олардың орындалуын бақылайды.»;
      3) 23-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс (арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін қоспағанда), коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы мен тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелері саласында шаруашылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым жүзеге асырады.
      Ұйымның қызметі сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарына негізделеді.
      Ұйым өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.».
      6. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат):
      2-баптың а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «а) аса қауіпті рецидив кезінде жасалған қылмыстар үшін, сол сияқты экстремизмнің белгілері бар қылмыстар немесе террористік қылмыстар жасағаны үшін;».
      7. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат):
      1) 1-бапта:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті беруі немесе жинауы, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызмет көрсетуі;»;
      15), 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) террористік топ – бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
      16) террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер, олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;»;
      18) тармақшаның жетінші, сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «терроризм идеясын насихаттау, террористiк материалдарды тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып тарату;
      көрсетілген әрекеттер террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік ұйымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын ұғына отырып, террористерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметі террористік деп танылған ұйымдарға қаржылық, құқықтық көмек көрсету немесе өзге де жәрдемдесу;»;
      мынадай мазмұндағы 19), 20) тармақшаларымен толықтырылсын:
      «19) терроризм актісін жасауға шақыру – жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінез-құлқына әсер ететін үндеу;
      20) террористік материалдар – террозим актісін жасау тәсілдері мен құралдары туралы ақпаратты, сондай-ақ террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға шақыруды (белгілерін) қамтитын не осындай iс-әрекеттi жүзеге асыру қажеттiлігiн негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар.»;
      2) 7-бапта:
      1) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының заңдарында өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және тергейдi, террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асырады, терроризмге қарсы операциялар өткізуді ұйымдастырады, қарсы барлау шаралары арқылы террористік іс-әрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады, шет мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) қаржы полициясы органдары терроризмді қаржыландыру көздерінің, арналарының және тәсілдерінің алдын алуды, оларды анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады;»;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шараларды іске асыруды және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;»;
      3) мынадай мазмұндағы 10-4-баппен толықтырылсын:
      «10-4-бап. Террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, жасауға және (немесе) таратуға жол бермеу
      1. Қазақстан Республикасының аумағында террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, жасауға және (немесе) таратуға тыйым салынады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын және террористік қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде терроризм актісін жасауға шақыратын не осындай қызметті жүзеге асыру қажеттілігін негіздейтін немесе ақтайтын ақпараттық материалдарды прокурордың мәлімдемесі бойынша осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдардың табылған жері бойынша сот оларды әкелуге, басып шығаруға және (немесе) таратуға тыйым сала отырып, террористік деп таниды.»;
      4) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1-бап. Террористік ұйымдарды, террористік деп танылған ақпараттық материалдарды және террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды есепке алу
      1. Терроризмнің профилактикасы, оны анықтау және жолын кесу мақсатында өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттардың шешімдері негізінде террористік ұйымдарды, террористік деп танылған ақпараттық материалдарды және террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді.
      2. Сот ұйымды террористік деп таныған және террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін оны тарату арқылы қызметіне тыйым салған, сондай-ақ ақпараттық материалдарды террористік деп таныған не террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін адамдарды жауапқа тартқан кезде өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға сот ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жіберуге міндетті.
      3. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот террористік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімдерін жүргізеді.
      Көрсетілген тізімдер өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.»;
      5) 13-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы операция жүргізуге қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.»;
      6) 15-1-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруді жүргізуге, ал олар болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаларды ұстауды жүзеге асыруға және жеке басын анықтау үшін оларды ішкі істер органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жеткізуге;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) құқық бұзушылықты немесе терроризмге қарсы операцияға қатысатын адамдардың заңды талаптарына кедергі келтіруге бағытталған өзге де әрекетті жасаған немесе жасайтын, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағына рұқсатсыз енуге немесе енуге әрекет жасауға байланысты әрекеті үшін адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға және ішкі істер органдарына жеткізуге;»;
      7) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Ұйымдардың террористік қызмет үшін жауаптылығы
      1. Террористік қызметті жүзеге асырған жағдайда ұйымның, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалының және өкілдігінің) қызметіне оны террористік деп тану және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жою арқылы тыйым салынады.
      2. Террористік деп танылған ұйымды жою кезінде оған (филиалына, өкілдігіне) тиесілі Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлкі тәркіленеді және мемлекет кірісіне айналдырылады.».
      8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «26-2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;».
      9. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжатар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      5-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;»;
      мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «терроризм актісінен зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар жатады.».
      10. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi – қаржы полициясы органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге, сондай-ақ экстремизмді және терроризмді қаржыландыру көздерінің, арналарының және тәсілдерінің алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.»;
      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1) экстремизмді және терроризмді қаржыландыру көздерінің, арналары мен тәсілдерінің алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу;».
      11. «Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      1) 1-бапта:
      7), 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) экстремистiк материалдар – экстремистік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға шақыруды (белгілерін) қамтитын не оларды жасау қажеттілігін негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар;
      8) экстремизмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің экстремистік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің экстремизмді жүзеге асыру не экстремистік топты, экстремистік ұйымды, қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті беруі немесе жинауы, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызмет көрсетуі;»;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) экстремистік топ – экстремизм белгілері бар бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ.»;
      2) 3-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағында мақсаттары немесе iс-әрекеттерi экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған ұйымдарды (филиалдар мен өкілдiктерді) құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.»;
      3) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қаржы полициясы органдары экстремизмді қаржыландыру көздерінің, арналарының және тәсілдерінің алдын алуды, оларды анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Прокурорлар жеке және заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін тапқан кезде немесе дайындалып жатқан құқыққа қарсы iс-әрекеттер туралы мәлiметтер болғанда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерiне зиян келтiруі мүмкін экстремистiк материалдар таратылған жағдайда, экстремизмнiң кез келген көрiнiстерiн, оны жүзеге асыруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру туралы прокурорлық қадағалау актілерін шығарады, ұйымдар экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда олардың қызметiне тыйым салу туралы сотқа өтiнiш бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.»;
      4) 8, 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Ұйымды экстремистiк деп тану тәртiбi
      1. Ұйымды экстремистiк деп тану сот тәртібімен жүзеге асырылады.
      Егер ұйымның құрылымдық бөлiмшелерінің (филиалдары мен өкілдiктерiнің) бiреуi болса да осы ұйымның басшы органдарының бiрiнiң рұқсатымен экстремизмдi жүзеге асыратын болса, ұйым экстремистiк деп танылады.
      2. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен прокурордың өтiнiшi бойынша сот экстремистiк деп таниды.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде прокуратура органдарына ұйымды экстремистiк деп тану үшiн қажеттi айғақтық базаны қалыптастыру үшiн материалдар беруге мiндеттi.
      9-бап. Экстремистік ұйымдарды, экстремистік деп танылған ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін      жауапқа тартылған адамдарды есепке алу
      1. Экстремизмнің профилактикасы, оны анықтау және жолын кесу мақсатында өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттардың шешімдері негізінде экстремистік ұйымдарды, экстремистік деп танылған ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді.
      2. Сот ұйымды экстремистік деп таныған және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін оны тарату арқылы қызметіне тыйым салған, сондай-ақ ақпараттық материалдарды экстремистік деп таныған не экстремизмді жүзеге асырғаны үшін адамдарды жауапқа тартқан кезде өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға сот ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жіберуге міндетті.
      3. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот экстремистік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімдерін жүргізеді.
      Көрсетілген тізімдер өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.»;
      5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      «9-1-бап. Экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара iс-қимылы Экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың көмегiн пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды;
      2) экстремизм белгілері бар және осы мемлекеттік органдардың құзыретiне жататын әрекеттерге дайындық және оны жасау фактiлерi мен белгiлерi туралы хабарлайды және өзара қажеттi көмек көрсетедi.»;
      6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру Қазақстан Республикасында экстремизмге қарсы iс-қимыл бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.»;
      7) 12-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын және экстремистік белгілері бар ақпараттық материалдарды прокурордың өтініші бойынша осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе материалдардың табылған жері бойынша сот оларды әкелуге, басып шығаруға, жасауға және (немесе) таратуға тыйым сала отырып, экстремистік деп таниды.»;
      8) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Ұйымдардың экстремизмдi жүзеге асырғаны үшiн жауаптылығы
      1. Ұйым экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда, оның, сондай-ақ оның құрылымдық бөлiмшесінің (филиалы мен өкiлдiгінің) қызметіне оны экстремистік деп тану және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жою арқылы тыйым салынады.
      2. Экстремистік деп танылған ұйымды жою кезінде оған (филиалына, өкілдігіне) тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкі тәркіленіп, мемлекет кірісіне айналдырылады.
      3. Экстремизм бұқаралық ақпарат құралын пайдалана отырып жүзеге асырылған жағдайда, осындай бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесінің немесе оны таратушының қызметін сот заңда белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады немесе тыйым салады.
      4. Жеке тұлғалар бiрлестiгi экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда оның қызметіне осы Заңның 7-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген органдардың өтiнiшi бойынша сот тыйым салады.».
      12. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      12-баптың 3-тармағының 10-1), 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-1) террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ақпараттық материалдарды, ұйымдарды;
      11) экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ақпараттық материалдарды, ұйымдарды;».
      13. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті беруі немесе жинауы, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызмет көрсетуі;»;
      2) 12-баптың 4-тармағының 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік қызметті немесе экстремизмді жүзеге асырушы ұйымды террористік немесе экстремистік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
      3) жеке тұлғаны экстремизм белгілері бар қылмысты не террористік қылмысты жасауға кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген өкімі;».
      14. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат):
      1) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі;»;
      2) 48-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік қызметке қатыстылығы туралы мәліметтер болса, сондай-ақ оның іс-әрекетін сот аса қауіпті рецидив деп таныған жағдайда;»;
      3) 49-бапта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы болған;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік қызметке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Көшіп келушілерге ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге тыйым салынады.».
      15. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      21-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасына қарсы бүлдіру әрекетін жүзеге асыратын, Қазақстанның егемендiгiне, аумақтық тұтастығына, оның халқының бiрлiгiне, елдегi қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылыққа жария түрде қарсы шығатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ егер оларға қатысты олардың экстремизмге немесе террористік қызметке қатыстылығы туралы мәліметтер болса не сот оларды аса қауiптi рецидивистер деп таныса, олардың Қазақстан Республикасына келуiне жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасының аумағында болатын және осындай мазмұндағы жария әрекеттерге жол беретін шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ел шегінен шығарып жіберілуге жатады, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес өзге де жауаптылықта болады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады