"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 286 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 728 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Қаржыландыру көздері және көлемі» деген кіші бөлімде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бюджеттен шығын қажеттілігі мынаны құрайды: 2 000 743,0 миллион теңге (бұдан әрі – млн. теңге), оның ішінде: 2012 жылы – 144 328,4 млн. теңге, 2013 жылы – 182 900,0 млн. теңге, 2014 жылы – 266 050,4 млн. теңге, 2015 жылы – 242 467,0 млн. теңге, 2016 жылы – 252 836,1 млн. теңге, 2017 жылы – 218 996,6 млн. теңге, 2018 жылы – 223 252,1 млн. теңге, 2019 жылы – 228 321,6 млн. теңге, 2020 жылы – 241 591,0 млн. теңге, оның ішінде:
      1) бюджеттік кредит беру – 435 020,5 млн. теңге, оның ішінде:
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сына жылдық 0,01 % мөлшерлеме бойынша тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сату үшін тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға – 402 820,5 млн. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 42 089,4 млн. теңге, 2013 жылы – 34 600,0 млн. теңге, 2014 жылы – 37 582,2 млн. теңге, 2015 жылы – 39 730,0 млн. теңге, 2016 жылы – 43 971,6 млн. теңге, 2017 жылы – 46 199,3 млн. теңге, 2018 жылы – 49 541,0 млн. теңге, 2019 жылы – 52 882,7 млн. теңге, 2020 жылы – 56 224,3 млн. теңге;
      Астана қаласының ЖАО-сына авариялық тұрғын үйді бұзу бойынша пилоттық жобалардың шеңберінде тұрғын үйді жобалауға және салуға 2014 жылы жылдық 0,01 % мөлшерлеме бойынша 20 000 млн. теңге;
      ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағытының Бағдарламаға қатысушыларына алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін ҚТҚЖБ жылдық 1 % мөлшерлеме бойынша 2012 жылы – 12 200 млн. теңге сомасында;
      2) нысаналы трансферттер – 1 565 722,5 млн. теңге, оның ішінде:
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сына:
      әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға – 263 600,0 млн. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 19 600 млн. теңге, 2013 жылы – 25 000,0 млн. теңге, 2014 жылы – 25 000,0 млн. теңге, 2015 жылы 27 000,0 млн. теңге, 2016 жылы – 30 000,0 млн. теңге, 2017 жылы – 31 000,0 млн. теңге, 2018 жылы – 33 000,0 млн. теңге, 2019 жылы – 35 000 млн. теңге, 2020 жылы – 38 000 млн. теңге;
      жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйді жобалауға, салуға (немесе) сатып алуға және оны тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатуға – 226 143,0 млн. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 13 160,0 млн. теңге, 2013 жылы – 15 000 млн. теңге, 2014 жылы – 21 953,3 млн. теңге, 2015 жылы – 25 246,3 млн. теңге, 2016 жылы – 26 369,4 млн. теңге, 2017 жылы – 28 597,2 млн. теңге, 2018 жылы – 29 711,1 млн. теңге, 2019 жылы – 31 938,9 млн. теңге, 2020 жылы – 34 166,7 млн. теңге;
      тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға – 811 000,0 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 51 000 млн. теңге, 2013 жылы – 60 000,0 млн. теңге, 2014 – 2020 жылдары 100 000 млн. теңге;
      Алматы облысының ЖАО-сына:
      Алматы қаласының төрт серіктес қаласын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге – 73 565 млн. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 4 065 млн. теңге, 2013 жылы – 10 100 млн. теңге, 2014 жылы – 9 100 млн. теңге, 2015 жылы – 9 300 млн. теңге, 2016 жылы – 9 100 млн. теңге, 2017 жылы – 9 700 млн. теңге, 2018 жылы – 7 500 млн. теңге, 2019 жылы – 5 000 млн. теңге, 2020 жылы – 9 700 млн. теңге;
      Алматы қаласының «Алтын сай» бесінші серіктес қаласын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге – 19 500 млн. теңге, оның ішінде: 2013 жылы – 900 млн. теңге, 2014 жылы – 6 200 млн. теңге, 2015 жылы – 6 200 млн. теңге, 2016 жылы – 6 200 млн. теңге;
      Ақмола облысының ЖАО-сына Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы ауылын дамыту жөнінде Ақмола облысында алдын ала жұмыстар жүргізуге – 29 114 млн. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 2 214 млн. теңге, 2013 жылы – 2 300 млн. теңге, 2014 жылы – 4 200 млн. теңге, 2015 жылы – 2 900 млн. теңге, 2016 жылы – 3 500 млн. теңге, 2017 жылы – 3 500 млн. теңге, 2018 жылы – 3 500 млн.теңге, 2019 жылы – 3 500 млн. теңге, 2020 жылы – 3 500 млн. теңге;
      жалға берілетін тұрғын үй салу үшін «ҚИК» ИҰ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға – 122 800 млн. теңге, оның ішінде: 2013 жылы – 15 000 млн. теңге, 2014 жылы – 42 014,8 млн. теңге, 2015 жылы – 32 090,7 млн. теңге, 2016 жылы – 33 695,1 млн. теңге;
      Астана қаласының ЖАО-на Астана қаласындағы авариялық тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде оның уәкілетті ұйымының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ алдында қабылданған міндеттемелерін өтеуге 2013 жылы – 20 000 млн. теңге.»;
      2-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны 2012 – 2020 жылдары қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері шеңберінде және бюджет заңнамасында көзделген рәсімдердің шеңберінде, бюджеттік инвестицияларды іске асыру тәртібін қараған кезде нақтыланатын болады.»;
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
      елу жетінші соңғысының алдындағы және елу сегізінші соңғы бөліктер алынып тасталсын;
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің іске асыру көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
      кестеде:
      бірінші бағанда:
      алтыншы жолдағы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының жалға беретін тұрғын үйі» деген сөздер «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші жолдағы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салу» деген сөздер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде тұрғын үй салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «2013» деген бағанда:
      «ЖТҚ» деген жолдағы «3200» деген сандар «3500» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Коммерциялық тұрғын үй» деген жолдағы «2432» деген сандар «1800» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

Басқалар

мың шаршы метр

ЖАО, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар

-

332

-

-

-

-

-

-

-

                                                                   »;

      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      бірінші бөлікте:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тұрғын үйі.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде тұрғын үй салу.»;
      екінші, үшінші, төртінші бөліктер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» деген кіші бөліммен толықтырылсын:
      «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үй», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар.
      1. «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» қатысушылар мынадай топтарға бөлінеді:
      1) I топ: «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) 67-бабы 1-тармағының 1-1)2)3) тармақшаларында көзделген адамдардың санаты.
      I топқа жататын адамдар санаты ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағытына, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттарына қатысады.
      2) II топ: адамдардың барлық санаты, оның ішінде «ҚИК» ИҰ» АҚ» тұрғын үй» бағыты бойынша басым санаттар:
      мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері;
      мынадай әлеуметтік салада:
      косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
      мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, білім беру саласында қызметтер көрсету;
      ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет және өнер (шоу-бизнесті қоспағанда) саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыратын кез келген меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері болып табылады.
      ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша басым санаттар белгіленбей, IІ топтағы барлық адамдар санаты қатысады;
      3) III топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағытына қатысатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін адамдар:
      кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы.
      2. Бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді сату тәсілдері:
      1) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы меншікке сатып алу немесе кейін сатып алу құқығымен жалға беру;
      2) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кейін сатып алу құқығымен жалға беру;
      3) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша меншікті қаражат, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері есебінен меншікке сатып алу үшін немесе жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін сатып алу құқығымен, жалға беру не ұзақ мерзімді сатып алған жағдайда Жылжымайтын мүлік қорының шарттарына сәйкес;
      4) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың шарттарына сәйкес кейіннен жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін сатып алу құқығымен жалға беру.
      3. ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша қатысуға өтініш берген І топтағы Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
      1) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алу үшін қарызға қызмет көрсету жөніндегі немесе кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға алу бойынша жалдау төлемдерін ескере отырып, тұрғын үй жинақтарын жинау бойынша төлем қабілеттілігін растайды;
      2) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша кейіннен сатып алу арқылы жалға берілетін тұрғын үй үшін төлем енгізу бойынша төлем қабілеттілігін растайды;
      3) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша кейіннен сатып алу арқылы жалға берілетін тұрғын үй төлемін төлеу үшін төлем қабілеттілігін не меншікті немесе қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екенін растайды.
      4. «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша қатысуға өтініш берген ІІ және ІІІ топтағы Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі болуы;
      2) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» және «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыттары бойынша Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй алуға үміттенген жағдайда, осы қалаларда кемінде 2 жыл тіркеуде болуы;
      басқа өңірлер бойынша қатысушы «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты және ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тіркеуде болуы;
      басқа өңірлерде ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша қатысушы тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тіркеуде болу талабы қолданылмайды;
      3) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген отбасының басқа мүшелерінің және өтініште көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
      4) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген отбасының басқа мүшелерінің және өтініште көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;
      5) тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алу үшін қарызға қызмет көрсету бойынша немесе жалдау төлемдерін ескере отырып, тұрғын үй жинақтарын жинау/«ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй үшін төлемдер енгізу бойынша төлем қабілеттілігін растау.
      Белгіленген талаптарға сәйкес келетін қатысушылар арасында бөлінбеген тұрғын үйлер болған жағдайда, Астана және Алматы қалаларында осы тармақтың 2) тармақшасының және басқа өңірлерде 3), 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмейтін адамдардың «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша Бағдарламаға қатысуына рұқсат етіледі.
      5. Бағдарламаға қатысушының негізгі талаптарға сәйкес келуін растау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (ЖАО-ға беру үшін нотариалды расталған көшірмесі);
      2) неке қию (некені бұзу) туралы құжат, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балаларының туу туралы куәліктері (ЖАО-ға беру үшін нотариалды расталған көшірмесі);
      3) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жылжымайтын мүлкінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
      4) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы тиісті елді мекенде тұратынын растайтын мекенжай анықтамасы;
      5) жұмыс орнынан жалақысы туралы анықтама (қаржы институттарына ұсыну үшін);
      6) өтініш берген сәтке Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнынан кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесімен немесе қызметтік тізімінен үзінді-көшірмемен жұмыс өтілі туралы анықтама («ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағытының II тобы үшін).
      І топтағы Бағдарламаға қатысушы, осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттардан басқа, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 1-тармағында айқындалған санатқа тиесілігін растау бойынша өзге құжаттарды ұсынады. Осы құжаттар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұсынылады.
      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 67-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген адамдардың санатына жататын, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша сатып алу-сату тетігі арқылы тұрғын үйді жеке меншікке сатып алатын І топтағы Бағдарламаға қатысушы меншікті және/немесе қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екені туралы өтінішті қосымша ұсынады.
      6. «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттарының Бағдарламаға қатысушысының төлем қабілеттілігін бағалау тәртібі:
      1) «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағытының Бағдарламаға қатысушылары тұрғын үй сатып алу үшін ҚТҚЖБ ішкі талаптарына сәйкес қарызға қызмет көрсету немесе кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға алу бойынша жалдау төлемдерін ескере отырып, жинақтарды жинау бойынша төлем қабілеттілігін растайды.
      «Халықтың барлық санаттар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысушы алдымен тұрғын үйді сатып алушы ретінде төлем қабілеттілігін растайды, ол төлем қабілеттілік шегін растамаған жағдайда, тұрғын үйді жалдаушы ретінде қаралады.
      Жалға берілетін тұрғын үйге үміткер Бағдарламаға қатысушылар отбасының ай сайынғы жиынтық кірісінің (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және басқа да аударымдар шегерілген) болуын мынадай шектерде растайды:
      ең төменгі – Астана, Алматы қалалары үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4 еселенген мөлшері, қалған қалалар үшін – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселенген мөлшері («Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағыты үшін);
      ең көп:
      ең төменгі күнкөріс деңгейінің 12 еселенген мөлшерінен аспайды («Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты үшін);
      ең төменгі күнкөріс деңгейінің 15 еселенген мөлшерінен аспайды («Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты үшін);
      2) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» және «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша кейіннен тұрғын үйді сатып алу үшін жалдау төлемдерін енгізу бойынша Бағдарламаға қатысушының төлем қабілеттілігін бағалау осы бағыттардың Бағдарлама операторларының ішкі талаптарына сәйкес анықталады, олар құжаттаманы және жалдау төлемдерінің ең жоғары сомасын есептеу бойынша автоматтандырылған бағдарламаны интернет-ресурстарына орналастырады.
      Бағдарламаға қатысушылар Бағдарлама операторларының интернет-ресурстарында орналастырылған жалдау төлемдерінің ең жоғары сомасын есептеу бойынша автоматтандырылған бағдарлама арқылы таңдап алынатын пәтер түрі бойынша төлем қабілеттілігіне өз бетінше алдын ала талдау жүргізуге құқылы.
      Осы талдауды жүргізу үшін Бағдарламаға қатысушыда отбасының ай сайынғы жиынтық кірісі бойынша (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және басқа да аударымдар шегерілген) мәліметтер болуы қажет.
      «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағытының Бағдарламаға қатысушылары отбасының ай сайынғы ең жоғарғы жиынтық кірісінің (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және одан басқа да аударымдар шегерілген) болуын мынадай шектерде растайды:
      Астана және Алматы қалалары үшін – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 15 еселенген мөлшерінен аспайды;
      қалған қалалар үшін – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 12 еселенген мөлшерінен аспайды.
      7. Бағдарлама шеңберінде Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша және Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 1 бірлік тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға рұқсат беріледі.
      Осы талаптың орындалуын бақылау барлық өңірлердің ЖАО-сына және Бағдарламаның операторларына жүктеледі.
      Бағдарламаға қатысушы жалдау шарттарын жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органда міндетті мемлекеттік тіркеуге тиіс.
      Бағдарламаға қатысушының, мәжбүрлі соттан тыс тәртіппен немесе соттың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кепілдікке алынған тұрғын үйді сату жағдайларын қоспағанда, Бағдарлама шеңберінде сатып алынған тұрғын үйді сатып алған күннен бастап екі жыл ішінде сатуына жол берілмейді.
      8. Салынып жатқан тұрғын үйді бөлу, сату ЖАО, ҚТҚЖБ және Жылжымайтын мүлік қоры арқылы жүзеге асырылады:
      1) ЖАО Бағдарламаға қатысушылар үшін:
      I топтағы – ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша;
      II топтағы – «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша;
      ІІI топтағы – ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлуге байланысты іс-шараларды жүргізеді;
      2) ҚТҚЖБ «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша II топтағы Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй бөлуді балл беру жүйесі бойынша жүзеге асырады.
      Пулдарды қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бөлімінде айқындалады. Пулдарды қалыптастыру, тұрғын үйді бөлу және сатып алу тәртібі ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында айқындалады;
      3) Жылжымайтын мүлік қоры I топтағы тұрғын үйді алуға үміткерлер болмаған жағдайда, Бағдарламаның «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» кіші бөлімі 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тұрғын үйді бөлуге байланысты іс-шараларды жүргізеді.
      9. Тұрғын үй мынадай мөлшерде және тәртіппен бөлінеді:
      1) «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша:
      I топтағы қатысушылар үшін 50 %;
      IІ топтағы қатысушылар үшін 50 %.
      Топтардың арасында тұрғын үй тепе-тең мөлшерде және бірдей пәтерлер түрімен бөлінеді. ЖАО мен ҚТҚЖБ арасында пәтерлерді бөлу тәртібі әрбір құрылыс объектісі бойынша ынтымақтастық туралы тиісті шартта айқындалады. Құрылыс объектісінде пәтер саны тақ болған жағдайда, осы қалдық ҚТҚЖБ-ға бекітіледі.
      I топтан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, ЖАО бөлінбеген пәтерлерді ҚТҚЖБ-ға береді.
      ІI топтан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, ҚТҚЖБ бөлінбеген пәтерлерді ЖАО-ға береді.
      І және ІІ топтан үміткерлер болмаған жағдайда, ҚТҚЖБ Бағдарламаның «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бөлімінде жазылған тәртіпке сәйкес Астана және Алматы қалалары үшін осы кіші бөлімнің 4-тармағының 2) тармақшасының және басқа өңірлер үшін 3), 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмейтін ҚТҚЖБ салымшылары арасында тұрғын үйлерді бөледі;
      2) «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша:
      I топтағы қатысушылар үшін 70 %;
      IІ топтағы қатысушылар үшін 30 %.
      Осы бағыттың I тобынан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, ЖАО осы кіші бөлімде белгіленген тәртіппен тұрғын үйді II топтағы қатысушыларға бөледі;
      3) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша I топтағы қатысушылар үшін ЖАО арқылы тұрғын үй сатуға Жылжымайтын мүлік қоры белгілегеннен 100 %.
      Сатып алу-сату тетігі арқылы тұрғын үйді жеке меншікке «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 67-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген адамдар сатып ала алады.
      Осы бағыт бойынша I топтан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, Жылжымайтын мүлік қоры қалған бөлінбеген тұрғын үйді сатуды осы кіші бөлімнің 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.
      10. ЖАО осы кіші бөлімнің 1 – 7-тармақтарының, 8-тармағы 1) тармақшасының, 9-тармағының талаптарын орындау мақсатында құрылыс аяқталған күнге дейін 6 (алты) ай қалғанда мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) тұрғын үй комиссиясын құрады не қолданыстағы тұрғын үй комиссияның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Бағдарламаға қатысу үшін өтініштер қабылдау пункттерінің орнын айқындайды, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды және халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді.
      Тұрғын үй комиссиясы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қалыптастырылады;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың және ҚТҚЖБ-мен жасалған келісімдердің негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күн туралы хабарландыру жариялайды;
      3) Бағдарлама бағыттарын ескере отырып, І, ІІ және ІІІ топтардағы Бағдарламаға қатысушылардан осы кіші бөлімнің 5-тармағына сәйкес Бағдарламаға қатысуға өтініштер және құжаттар қабылдауды жүзеге асырады;
      4) пәтерлердің тиісті түріне сәйкес келетін тұрғын үй санына сәйкес мыналарды ескере отырып, іріктеуден өткен Бағдарламаға қатысушылардың алдын ала тізімін қалыптастырады:
      ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үй алуға үміткер І топ бойынша: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес қалыптастырылған коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алудың жеке тізімдерінің кезек тәртібі;
      «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша тұрғын алуға үміткер ІІ топ бойынша: басым санаттар, Бағдарламаға қатысушының жұмыс өтілі (өтініш берген сәтке). Бұл ретте өтініш берген сәтке Бағдарламаға қатысушының жұмыс орны Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алу болжанып отырған елді мекенге жатуға тиіс.
      Бағдарламаға қатысушылардың шарттары тең болған кезде тізімге енгізу туралы шешімді тұрғын үй комиссиясы көпшілік дауыспен айқындайды.
      «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үй алуға үміткер ІІІ топ бойынша: ҚТҚЖБ желісі бойынша Бағдарламаның «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бөлімінде көзделген балдық жүйе;
      5) алдын ала іріктеуден өткен үміткерлердің тізімдерін ҚТҚЖБ-ға, «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа және Жылжымайтын мүлік қорына жолдайды, сондай-ақ тізімге енгізілген Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй алаңын, оның құнын немесе тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалдау құнын көрсете отырып, төлем қабілеттілігін бағалау үшін тиісті жолдама (бұдан әрі – жолдама) береді.
      Бағдарламаға қатысушылар осы жолдамамен ҚТҚЖБ-ға, «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа және Жылжымайтын мүлік қоры айқындаған өзге қаржы институттарына жүгінеді, олар Бағдарламаға қатысушы жолдаманы және құжаттардың толық топтамасын ұсынған сәттен бастап оларды 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды.
      Бағдарламаға қатысушылар жолдаманы алған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ЖАО-ға ҚТҚЖБ, «ҚИК» ИҰ» АҚ және өзге қаржы институттары берген төлем қабілеттілігін бағалау туралы хабарламаны ұсынуға тиіс.
      Бағдарламаға қатысушыға төлем қабілеттілігіне теріс баға берілген, сондай-ақ ЖАО жолдаманы берген сәттен бастап белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, қалған Бағдарламаға қатысушылардың арасынан басқа Бағдарламаға қатысушыны іріктеу жүргізіледі;
      6) таңдалатын пәтерлердің түрлері және тұрғын үйді сатып алу тәсілдері бойынша төлем қабілеттілігін растаған, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың тұрғын үйі» бағыты бойынша тікелей сатып алу арқылы тұрғын үйді сатып алуға дайын екені туралы өтініш білдірген үміткерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, тұрғын үй комиссиясының шешімімен бекітілетін түпкілікті тізімін қалыптастырады.
      «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша үміткерлердің тізіміне енгізген кезде артықшылық тұрғын үйді сатып алушыларға беріледі;
      7) іріктелген үміткерлерді хабардар етеді және үміткерлердің бекітілген тізімдерін ҚТҚЖБ-ға, «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа және Жылжымайтын мүлік қорына жібереді;
      8) І топтағы үміткерлердің Бағдарламаның бағыттарына байланысты жалдау немесе сатып алу-сату шарттарын жасау бойынша одан әрі бақылауды жүзеге асырады:
      осы кіші бөлімнің 7-тармағының талаптарын орындау мақсатында келісімге сәйкес ұсынылатын, басқа өңірлердің ЖАО-сы мен ҚТҚЖБ-дан алынған Бағдарламаның барлық бағдарламалары бойынша қалыптастырылған тізімдері бар ақпараттың негізінде І топтағы адамдардың Бағдарламаға қатысуына мониторинг жүргізеді;
      Бағдарлама бағыттары шеңберінде сатып алу немесе кейін сатып алу құқығымен жалдау арқылы тұрғын үй алған І топтағы Бағдарламаға қатысушыны коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебінен алып тастайды.
      Бағдарламаға қатысушылармен жалдау шарттарын жасау тәртібі «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» кіші бөлімдерінде айқындалады.
      11. ЖАО және Бағдарлама операторлары үміткерлердің қалыптастырылған тізімдерін, іріктеу критерийлерін (өтініштерді есепке алу күні, балдардың болуы, Бағдарламаға қатысушының санаты, осы кіші бөлімнің 4-тармағында көзделген критерийлер) көрсете отырып, бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.
      ЖАО және Бағдарлама операторлары өздерінің интернет-ресурстарында тұрғын үйлерді сату, Бағдарламаға қатысушылардың өтініштерін қабылдаған сәттен бастап пәтерлерді бөлу туралы шешім қабылданғанға дейін қарау туралы ақпаратты орналастыру арқылы тұрғын үйлерді бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
      Халықтың Бағдарламаға қатысуға қызығушылығын арттыру мақсатында ЖАО мен Бағдарламаның операторлары бұқаралық ақпарат құралдарында және өздерінің интернет-ресурстарында негізгі бағыттарды кеңінен жариялауды, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді.
      12. ЖАО-ның «ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» және «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыттары бойынша тұрғын үй салуына қойылатын талаптар.
      «ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша жайлылық деңгейі бойынша тұрғын үй 4-сыныпты, «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты болуға тиіс.
      ЖАО республикалық бюджет қаражатының есебінен көрсетілген бағыттар бойынша Бағдарламаның шеңберінде тұрғын үйді жобалауды, салуды және (немесе) дайын тұрғын үйді жеке құрылыс салушылардан сатып алуды жүзеге асырады. Тұрғын үй құрылысының құнынан артатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.
      «ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша жайлылығы 4-сыныпты мемлекеттік жалға берілетін үйдің 1 шаршы метрін салудың және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алудың құны өңірлерде 80 мың теңгеден артық болмайды (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде) және Астана мен Алматы қалаларында 120 мың теңгеге дейінгі мөлшерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) болады.
      «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін сату бағасы:
      1) Астана және Алматы қалаларында жайлылығы 4-сыныпты – 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 110 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде – 90 мың теңге (инженерлік желілердің құнын есептемегенде және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде);
      2) Астана және Алматы қалаларында жайлылығы 3-сыныпты – 142,5 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 115 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде) – 100 мың теңгеге дейін құрайтын болады;
      3) Алматы қаласының шекарасына іргелес Алматы облысының аумағында қала құрылысын ерекше реттеу аймағында таза әрленген тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін баға Алматы қаласы бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдің бағасы сияқты көзделеді. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағы «Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспары туралы (Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 қаулысында айқындалған.
      Жоғары сейсмикалық аудандар үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу құнына мынадай түзету коэффициенттері рұқсат етіледі:
      1) 10 балл – 1,27;
      2) 9 балл – 1,22;
      3) 8 балл – 1,16;
      4) 7 балл – 1,1.
      Тұрғын үй құрылысы ауданының сейсмикалығы «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» Қазақстан Республикасының 2.03-30-2006 ҚНжЕ-сіне сәйкес айқындалады.
      Өңірлер бойынша пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метрінің түпкілікті құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.
      2015 жылдан бастап құрылыстың құнына инфляция коэффициентін қолдануды ескере отырып, тұрғын үй салуға қаражат бөлу көзделіп отыр.
      Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың баға параметрлерін сақтау және тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту мақсатында мердігерлік құрылыс ұйымдарымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарын пайдалануға болады.
      Осыған байланысты, ЖАО объектілерді жобалау кезінде жапсарлас салынған сауда және кеңсе алаңдарын және/немесе қосымша қабаттарды көздей алады, олардың құрылысын қаржыландыруды мердігерлік құрылыс ұйымдары өз бетінше жүзеге асырады және кейін сатуға құқылы.
      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидатын іске асырған кезде ЖАО алаңдарды және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан үй-жайлардың құнын меншікті қаражат есебінен салынып жатқан үй-жайлардан бөле отырып, мемлекеттік сараптаманың қорытындыларын ресімдейді, сондай-ақ конкурстың шарттарында мердігерлік құрылыс ұйымдарының сауда және кеңсе алаңдары, қосымша қабаттар бөлігінде жобалауға арналған шығындарды өтеуін, тұрғын, сауда және кеңсе алаңдарын пайдалануға жеке енгізуін көздейді.
      Бұл ретте, ЖАО және мердігер құрылыс ұйымдары бекітілген және келісілген жұмыстар жүргізу кестесіне сәйкес құрылысты қаржыландыруды жүзеге асырады.
      Тұрғын үй салу мақсатында ЖАО оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тартуды қамтамасыз ете отырып, жер учаскелерін бөледі.»;
      ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» деген кіші бөлімде:
      бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы бөліктер алынып тасталсын;
      «1. Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» деген кіші бөлімде:
      төртінші бөлікте:
      2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖАО және ҚТҚЖБ әрбір құрылыс объектісі бойынша тұрғын үй салу және іске асыру тәртібі бойынша ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. ҚТҚЖБ тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулдарын қалыптастырады және ІІ топтағы қатысушылар үшін пәтерлерді бөледі, ал ЖАО – І топтағы қатысушылар үшін қалыптастырады және бөледі.»;
      жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он алтыншы бөліктер алынып тасталсын;
      «Тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйлерді жалдау пулын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар:» деген он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» кіші бөлімінің 8-тармағы 2) тармақшасының, 9, 11-тармақтарының және ішкі құжаттардың талаптарын ескере отырып, ІІ топтағы Бағдарламаға қатысушылар қатарынан тұрғын үй сатып алушылардың және кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдаушылардың пулдарын қалыптастырады.
      ЖАО-мен жасалған келісімде көрсетілген құрылыстың аяқталған күніне дейін 6 (алты) айдан кейінгі мерзімде пулдарды қалыптастыра отырып, іс-шараларды жүзеге асырады.
      ҚТҚЖБ бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күн туралы хабарландыру жариялайды.
      Пулдарды қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар:
      1) тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылардың пулдары ҚТҚЖБ салымшылары қатарынан Бағдарламаға қатысуға олардың өтініштерінің негізінде қалыптастырылады;
      2) пулдарды қалыптастырған кезде пулға қосудың басым құқығына мынадай көрсеткіштерді ескере отырып, ең көп балл жинаған ҚТҚЖБ салымшылары ие болады: бағалау көрсеткішінің мәні (шамасы), тұрғын үй құрылыс жинақтарының ең төменгі қажетті көлемін жинақтау, тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау мерзімі. Балдарды есептеу өтініш берушілердің пулдарға қатысуға өтініштерін қабылдау аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күніндегі жағдай бойынша жасалады;
      3) балдарды есептегеннен кейін ҚТҚЖБ Бағдарламаға қатысушының «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үй», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» кіші бөлімінің 4-тармағының, 6-тармағы 1) тармақшасының, 7-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.
      Бағдарламаға қатысушылар «ҚТҚЖБ желісі бойынша», «ҚИК» ИҰ» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» кіші бөлімінің 5-тармағына сәйкес құжаттарды, сондай-ақ ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарына сәйкес өзге құжаттарды ұсынады;
      4) пулға енгізу үшін қатысушылар арасындағы басымдық мынадай ретпен анықталады:
      ҚТҚЖБ қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және меншікті қаражат есебінен тұрғын үйді сатып алушылар;
      кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылар.
      Осы тармақта айқындалған топтар ішінде пулдарға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу кезінде таңдау басымдығы пулдарды қалыптастыру кезінде жинаған балл санымен айқындалады.
      ҚТҚЖБ қарыздары, Бағдарламаға қатысушылардың меншікті қаражаты және жинақталған жинақтары сомаларының арақатынасы ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.»;
      «Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берудің ерекшелігі:» деген он сегізінші бөлікте:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. ЖАО жүргізілген іріктеулердің негізінде І және ІІ топтар арасынан жалдаушылардың тізімдерін қалыптастыруды жүзеге асырады.
      ҚТҚЖБ ЖАО-ға ІІ топ бойынша жалдаушылардың тізімдерін жібереді.»;
      2-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ҚТҚЖБ-дан 3 ай бойы тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналарды жинақтау бойынша төлемдердің болмауы туралы ақпарат түскен кезде ЖАО-ның жалдаушыны және оның отбасы мүшелерін жалға берілген тұрғын үйден шығару тәртібі.
      Бұл жағдайда ЖАО жалға алушыны пәтерден шығарады.
      Жалдаушы шарттық міндеттерін орындамаған не ол ерікті түрде шыққан кезде ҚТҚЖБ ЖАО-ға оның жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін жалдаушы жинақтаған тұрғын үй құрылыс жинақтарынан және/немесе кепілдік жарнадан өтемақы аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде жинақ жинақтаудың стандартты шарттарымен есептелген салымға ай сайынғы жарна көлемінің бір еселенген мөлшерінде есептеледі.
      ЖАО жалдаушыны тұрғын үйден шығару не оның шығуы туралы, оның ішінде өтемақыны ЖАО-ға аудару үшін тұрған ай саны туралы ақпаратты ҚТҚЖБ-ға береді;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаға қатысушыда кепілдік жарна мөлшеріне тең не одан артық мөлшерде жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарының сомасы болған жағдайда, кепілдік жарнаны төлеу талап етілмейді.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Алдыңғы жалдаушының шарт міндеттемелерін орындамағанына не оның ерікті түрде шығуына байланысты кейінгі жалдаушыны іріктеу «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» кіші бөлімінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Кейінгі жалдаушы үшін тұрғын үйдің құнын ЖАО алдыңғы жалдаушының нақты тұрғаны үшін алынған өтемақының мөлшеріне азайтады.»;
      «Тұрғын үй қарыздарын алу үшін негізгі өлшемдер:» деген он тоғызыншы бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) сатып алынатын тұрғын үйді немесе сатып алынатын жалдамалы тұрғын үйді ҚТҚЖБ ішкі талаптарына сәйкес кепілге беру.»;
      «2. Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер» деген кіші бөлімде:
      екінші бөлік алынып тасталсын;
      үшінші бөлікте:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. ЖАО-ның Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге ҚТҚЖБ-да төлем қабілеттілігін бағалауға жолдамалар беруі.»;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаға қатысушыда кепілдік жарна мөлшеріне тең не одан артық мөлшерде жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарының сомасы болған кезде, кепілдік жарнаны төлеу талап етілмейді.»;
      9-тармақта:
      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұндай жағдайда ЖАО жалдаушыны пәтерден шығарады, ҚТҚЖБ ЖАО-ға тұрғын үй құрылыс жинақтарында жинақталған жарналар және/немесе қатысушының кепілдік жарналары есебінен Бағдарламаға қатысушының жалға берілетін пәтерде нақты тұрғаны үшін өтемақы аударады. Өтемақы сомасы жалға алу шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде қаражат жинақтаудың стандартты талаптарымен есептелген салымға ай сайынғы жарнаның бір реттік мөлшері шамасында есептеледі.»;
      бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші бөліктер алынып тасталсын;
      он сегізінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуді ЖАО балдық жүйе бойынша жүргізеді (ең көп балл саны бойынша):»;
      1) тармақша алынып тасталсын;
      он тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жалға берілетін тұрғын үйлерді бөлу кезектілігі жиналған балына сәйкес белгіленеді. Үміткерлердің балдары тең болған кезде шешімді тұрғын үй комиссиясы көпшілік дауыспен айқындайды.»;
      «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тұрғын үйі» деген кіші бөлімде:
      екінші бөлікте:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы «107,754» деген сандар «122,800» деген сандармен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. ЖАО:
      1) «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа салынған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар және абаттандырылған жер учаскелерін жалға берілетін тұрғын үй салу үшін, сондай-ақ қайта қолдану үшін жобалау-сметалық құжаттаманы береді;
      2) «ҚИК» ИҰ» АҚ-пен ынтымақтастық туралы келісім жасайды, «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үй», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» кіші бөліміне сәйкес жалға берілетін тұрғын үй берілуі мүмкін Бағдарламаға қатысушыларды іріктейді және олардың есебін жүргізеді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. «ҚИК» ИҰ» АҚ Бағдарламаға қатысушылардың төлем қабілеттілігін бағалауды жүргізеді.»;
      12-тармақта:
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың жарғылық капиталын толтыру және жеке инвестицияларды тарту арқылы 2013 – 2030 жылдары Бағдарламаның аталған тетігіне қаржылық құйылымдардың жалпы сомасы 1 370,417 млрд. теңгені, оның ішінде 2013 – 2020 жылдары – 441,253 млрд. теңгені, 2021 – 2030 жылдары – 929, 164 млрд. теңгені құрайды.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жалға берілетін тұрғын үйдің таза әрленген 1 шаршы метрін сату бағасы:
      1) Астана және Алматы қалаларында жайлылығы 4-сыныпты үйлер 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 115 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде – 110 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде);
      2) Астана және Алматы қалаларында жайлылығы 3-сыныпты үйлер – 140 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 125 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде – 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде) құрайтын болады;
      3) Алматы қаласының шекарасына іргелес Алматы облысының аумағында қала құрылысын ерекше реттеу аймағында таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін баға Алматы қаласы бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдің бағасы сияқты көзделеді. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағы «Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспары туралы (Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 қаулысымен айқындалған.
      Жоғары сейсмикалы аудандар үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу құнына мынадай түзету коэффициенттері рұқсат етіледі:
      1) 10 балл – 1,27;
      2) 9 балл – 1,22;
      3) 8 балл – 1,16;
      4) 7 балл – 1,1.
      Тұрғын үй құрылысы ауданының сейсмикалығы «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» Қазақстан Республикасының 2.03-30-2006 ҚНжЕ-сіне сәйкес айқындалады.»;
      «Авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй» деген кіші бөлімде:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Бағдарламаның шеңберінде Астана қаласында авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру көзделген.»;
      «1. Астана қаласы бойынша.» деген жол алынып тасталсын;
      он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрі құрылысының құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.»;
      «2. Маңғыстау облысы бойынша» деген тармақ алынып тасталсын;
      «Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу
      Салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру мақсатында тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды (кәрізді), инженерлік құрылыстарды, кварталішілік жолдар мен өтетін жерлерді, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардағы көшелерді, аулаішілік аумақтарды абаттандыруды қамтитын тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен (бұдан әрі – ИКИ) қамтамасыз ету қажет.
      ИКИ-ді жобалау, дамыту және салу, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардан ИКИ-ді сатып алу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте жеке құрылыс салушылар құрылысының сметалық құны бойынша мемлекеттік сараптаманың тиісті оң қорытындысын алуға тиіс.»;
      «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша тұрғын үй салу» деген кіші бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде тұрғын үй салу»;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы бағыт Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде тұрғын үйлер мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуды (сатып алуды) көздейді.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылдан бастап Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде жыл сайын 165,0 шаршы метрге дейін жалға берілетін тұрғын салу жоспарланып отыр.»;
      «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың тұрғын үйлері» деген кіші бөлімде:
      «Тұрғын үй объектілерін салу тетіктері:» деген бесінші бөлікте:
      1-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылжымайтын мүлік қоры ішкі рәсімдерге сәйкес жеке құрылыс салушылар (инвесторлар) ұсынған тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі жобаларға (бұдан әрі – жобалар) іріктеу жүргізеді және оларды қарайды.»;
      үшінші бөліктің 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      23 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. ЖАО-ның жер учаскелерінде Жылжымайтын мүлік қорының жобаларды іске асыруы.
      ЖАО Жылжымайтын мүлік қорына тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз ету жоспарланған жер учаскелерін берген жағдайда, Жылжымайтын мүлік қоры жобаларды іске асыруға қатысу үшін құрылыс компанияларын (инвесторларды) тарта отырып, осы кіші бөлімнің 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй салуды ұйымдастырады.
      Бұл ретте Жылжымайтын мүлік қоры құрылыс компанияларын инвесторлар және/немесе жоба бойынша бас мердігерлер ретінде тартуы мүмкін.
      3. Жобаларды нысаналы депозит арқылы іске асыру.
      Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін Жылжымайтын мүлік қоры нысаналы жедел банк салымдары туралы шарттар жасау арқылы екінші деңгейдегі банктерге нысаналы депозиттерді орналастырады, осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктер нысаналы салымның қаражаты есебінен тұрғын үй объектілерін салу үшін құрылыс салушыларға кредит беруді жүзеге асырады.
      Нысаналы депозиттің сомасын өтеу есебіне Жылжымайтын мүлік қорының меншігіне берілетін тұрғын үй осы кіші бөлімнің 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
      Жылжымайтын мүлік қорының екінші деңгейдегі банктерге нысаналы депозиттерді орналастыру шарттары мен тәртібі Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттамасымен регламенттеледі.
      3-1. Жылжымайтын мүлік қорының салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінде осы кіші бөлімнің 1-тармағы 1-3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерді және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды сатуы жалға беру, сатып алу құқығымен жалға беру және тікелей сату арқылы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерді ЖАО арқылы сатуы:
      ЖАО-мен тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісімге қол қою;
      Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттарына сәйкес сату бойынша сипаттамалары (саны мен алаңы, ай сайынғы жалдау төлемдерінің мөлшері, сату бағасы, сондай-ақ пәтерлердің әрбір түрі бойынша сату тәсілі) туралы ақпараты бар ЖАО арқылы сату анықталған тұрғын үй-жайлардың тізімдерін құрылыс аяқталатын күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын ЖАО-ға жіберу;
      тиісті қаржы институттарына Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларында айқындалатын жалдау төлемдерінің ең жоғары сомасын есептеу әдістемесін жіберу;
      ЖАО «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» кіші бөлімінде көзделген мерзімде және тәртіпте Бағдарламаға іріктелген үміткерлердің бекітілген тізімдерін ЖАО-дан алу;
      ЖАО ұсынған тізімдердегі реттік нөмірімен айқындалатын кезекке сәйкес үміткерлерге пәтер таңдау мүмкіндігін, оның ішінде аффилиирленген компаниялардың беруі, оларға тұрғын үйлерді бекіту және олардың шарттары Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларында айқындалатын сатып алу құқығымен жалдау немесе сатып алу-сату шарттарын жасау;
      2) Жылжымайтын мүлік қоры (аффилиирленген компания) мынадай:
      ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеу үшін төлем қабілеттілігі жетіспеген;
      сатып алу құқығымен жалдау шартын жасаған кезде кепілді жарнаның қажетті сомасын немесе сатып алу-сату шартын жасау үшін қажетті қаражат сомасын төлемеген;
      ЖАО тізімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік 40 (қырық) күн мерзімде талап етілген құжаттарды ұсынбаған жағдайларда ЖАО пулындағы жеке тұлғаға тұрғын үй-жайларды бөлуден бас тартуға құқылы.
      Жылжымайтын мүлік қоры ЖАО-ға сатып алу-сату немесе сатып алу құқығымен жалдау шарттарын жасаудан бас тартылған адамдар туралы тиісті ақпаратты береді;
      3) ЖАО арқылы сату белгіленбеген, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес бөлінбеген Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлері және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайлар Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларына сәйкес сатылуға тиіс.
      Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тұрғын үйі жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж адамдарға басым құқық беру қағидаты сақтала отырып, жүргізіледі.
      Жылжымайтын мүлік қоры (Жылжымайтын мүлік қорының аффилиирленген компаниясы) мен жалдаушының арасында сатып алу құқығымен жалдау шарты жасалады. Бұл ретте сатып алу құқығымен жалдау шартында жалдаушының жеке меншігіне үй-жайды мерзімінен бұрын сатып алу құқығы көзделуі мүмкін.
      Жеке тұлғалар өздерінің тұрғын үйді сатып алу, оның ішінде сатып алу құқығымен жалдау шартындағы құқығын бір реттен асырмай қолдана алады.
      Жылжымайтын мүлік қорының сатып алу құқығымен тұрғын үй-жайларды өткізуі 15 жылға дейін жүзеге асырылады. Жалдау ақысының мөлшері құрылысты қаржыландыруға бөлінген қаражаттың қайтарылу және Жылжымайтын мүлік қорының қаржылық тұрақтылық қағидаттары негізге алына отырып, анықталады. Пәтердің (үй-жайдың) жалпы алаңының 1 шаршы метрін тікелей сатудың базалық құны Жылжымайтын мүлік қоры өткізетін алғашқы жылы Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және қала маңы аймақтарында 180 000 теңгеден аспайды, Қазақстан Республикасының өңірлерінде 144 мың теңгеден аспайды. Одан арғы жылдары тікелей сатудың құны тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құнының өзгеруі ескеріле отырып, нақтыланатын болады.
      Жалдаушы сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдау шарты бойынша өзінің міндеттемелерін толық орындағаннан кейін Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй-жайды жалдаушының жеке меншігіне беретін болады.»;
      «Жер ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» деген кіші бөлімде:
      екінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылыс салушыға жер учаскелерін беруді қамтамасыз етуге тиіс.»;
      «Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімде:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кредиттік тұрғын үйді, кезекте тұрғандар мен жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлерді салуды, тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамытуды, ҚТҚЖБ-ты және «ҚИК» ИҰ» АҚ-ты қорландыруды, авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберінде тұрғын үй салуды, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, оның ішінде Астана және Алматы қалаларының серіктес қалаларын дамытуды және жайластыруды республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көлемі – 2 000,7 млрд. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 144,3 млрд. теңге, 2013 жылы – 182,9 млрд. теңге, 2014 жылы – 266,1 млрд. теңге, 2015 жылы – 242,5 млрд. теңге, 2016 жылы – 252,8 млрд. теңге, 2017 жылы – 219,0 млрд. теңге, 2018 жылы – 223,3 млрд. теңге, 2019 жылы – 228,3 млрд. теңге, 2020 жылы – 241,6 млрд. теңге.»;
      көрсетілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары»;
      кестеде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:

«

2-1.

Авариялық тұрғын үй бұзылатын аудандарда тұрғын үй салуға Астана қаласының бюджетіне нысаналы трансферттер

2012 - 2020 жылдары1-тоқсан

ӨДМ,
Астана қаласының әкімдігі

20,0, оның ішінде: 2013 жылы – 20,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

                                                                 »;

      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне авариялық тұрғын үй бұзылатын аудандарда тұрғын үй салуға кредиттер беру» деген жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астана қаласының бюджетіне авариялық тұрғын үй бұзылатын аудандарда тұрғын үй салуға кредит беру»;
      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне авариялық тұрғын үй бұзылатын аудандарда тұрғын үй салуға кредиттер беру» деген жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «ӨДМ, Астана қаласының әкімдігі»;
      мына:
      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредиттер беру» деген жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «442,8 оның ішінде: 2012 жылы – 42,1; 2013 жылы – 34,6; 2014 жылы – 57,6; 2015 жылы –39,7; 2016 жылы – 44,0; 2017 жылы – 46,2; 2018 жылы – 49,5; 2019 жылы – 52,9; 2020 жылы – 56,2»;
      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредиттер беру» деген жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «402,8 оның ішінде: 2012 жылы – 42,1; 2013 жылы – 34,6; 2014 жылы – 37,6; 2015 жылы –39,7; 2016 жылы – 44,0; 2017 жылы – 46,2; 2018 жылы – 49,5; 2019 жылы – 52,9; 2020 жылы – 56,2»;
      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне авариялық тұрғын үй бұзылатын аудандарда тұрғын үй салуға кредиттер беру» деген жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «20,0 оның ішінде: 2014 жылы – 20,0»;
      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «489,7, оның ішінде: 2012 жылы – 32,8; 2013 жылы – 40,0; 2014 жылы – 47,0; 2015 жылы –52,2; 2016 жылы – 56,4; 2017 жылы – 59,6; 2018 жылы – 62,7; 2019 жылы – 66,9; 2020 жылы – 72,2»;
      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «226,1, оның ішінде: 2012 жылы – 13,2; 2013 жылы – 15,0; 2014 жылы – 22,0; 2015 жылы – 25,2; 2016 жылы – 26,4; 2017 жылы – 28,6; 2018 жылы – 29,7; 2019 жылы – 31,9; 2020 жылы – 34,2»;
      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «844,2, оның ішінде: 2012 жылы – 57,3; 2013 жылы – 62,3; 2014 ж. – 104,2; 2015 ж. – 102,9; 2016 ж. – 103,5; 2017 жылы – 103,5; 2018 жылы – 103,5; 2019 жылы – 103,5; 2020 жылы – 103,5»;
      «Алматы және Астана қалаларының серіктес қалаларын дамыту» деген жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «33,2, оның ішінде: 2012 жылы – 6,3; 2013 жылы – 2,3; 2014 жылы – 4,2; 2015 жылы – 2,9; 2016 жылы – 3,5; 2017 жылы – 3,5; 2018 жылы – 3,5; 2019 жылы – 3,5; 2020 жылы – 3,5»;
      «Жалға берілетін тұрғын үйді және құрылысы аяқталмаған тұрғын үй құрылыс объектілерін, салынған және пайдалануға берілген (дайын) тұрғын үйді үшінші тұлғалардан алу (сатып алу) салуды қамтамасыз ету үшін «ҚИК» ИҰ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту.» деген жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «122,8, оның ішінде: 2013 жылы – 15,0; 2014 жылы – 42,0; 2015 жылы – 32,1; 2016 жылы – 33,7».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады