2011 жылғы 24 маусымдағы "Мемлекеттік секторды реформалау және жаңғырту: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда Қазақстан Республикасының саясатын қолдау" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы қаржылық келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 389 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 24 маусымдағы «Мемлекеттік секторды реформалау және жаңғырту: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда Қазақстан Республикасының саясатын қолдау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы қаржылық келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа 2011 жылғы 24 маусымдағы «Мемлекеттік секторды реформалау және жаңғырту: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда Қазақстан Республикасының саясатын қолдау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы қаржылық келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға уәкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 389 қаулысымен   
мақұлданған      

Жоба

2011 жылғы 24 маусымдағы «Мемлекеттік секторды реформалау
және жаңғырту: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда Қазақстан
Республикасының саясатын қолдау» бағдарламасы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы қаржылық
келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі «ЕО» деп аталатын Еуропалық Одақ атынан өкілдік ететін, бұдан әрі «Комиссия» деп аталатын Еуропалық Комиссия бір тараптан және бұдан әрі «Бенефициар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші тараптан төмендегілер туралы келісті:
      Бұдан әрі «Қаржыландыру жөніндегі келісімшарт» деп аталатын Комиссия мен Бенефициар арасындағы 2011 жылғы 24 маусымдағы «Мемлекеттік секторды реформалау және жаңғырту: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда Қазақстан Республикасының саясатын қолдау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы қаржылық келісімнің мынадай шарттарына өзгерістер енгізілсін:

      «6-бап. Қосымшалар

      1. Мынадай құжаттар осы Қаржылық келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады:
      1-қосымша: Жалпы шарттар
      2-қосымша: Техникалық және әкімшілік ережелер.
      2. Қаржылық келісімнің Қосымшалары мен Арнайы шарттарының
ережелері арасында қайшылық болған жағдайда, Арнайы шарттардың
ережелері басымдыққа ие болады. 1-қосымша мен 2-қосымшаның ережелері
арасында қайшылық болған жағдайда 1-қосымшаның ережелері басым күшке
ие болады.
      3. Жалпы шарттардың (1-қосымша) 9.1-бабына № 1339/2011
Регламентпен (ЕО) және № 1341/2011 Регламентпен (ЕО) енгізілген
өзгерістерді, қосымша салық құны сияқты жанама салықтарды ескере
отырып № 1905/2006 Регламентке (ЕО) сәйкес кедендік және импорттық баж салығы, бенефициар-мемлекеттердегі басқа аударымдар мына жағдайларда, Бенефициар (немесе, оның серіктестерімен) қайтаруға мүмкіндік болмаған жағдайда қабылдауға тиісті шығындар деп есептеледі, себебі, ЕО-тың көмегі бенефициар-мемлекеттерде негізінен аталған салықтарды төлеу үшін көзделмеген».
      Қаржыландыру жөніндегі келісімшарттың басқа ережелері мен шарттары өзгеріссіз қалдырылады.
      Осы Қосымша келісім екі тарап қол қойған кезінен бастап күшіне енеді.
      Брюссель қаласында ағылшын тілінде үш данада жасалған: екі данасы Комиссияға және бір данасы Бенефициарға жіберілген.

      КОМИССИЯ ҮШІН               ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
                                  ҮКІМЕТІ ҮШІН

      Дирк Меганк                 Ерболат Досаев
      Директор                    Министр
      ЕК даму және ынтымақтастық  Қазақстан Республикасы
      бойынша Бас директораты -   Экономика және бюджеттік жоспарлау
      Азия, Орталық Азия, Таяу    министрлігі
      Шығыс және Тынық мұхиты
      өңірі елдері үшін
      ЕuropeAid офисі

      Қолы:                       Қолы

      Күні:                       Күні:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады