Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік секторды реформалау және жаңғырту: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда Қазақстан Республикасының саясатын қолдау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы қаржылық келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Нематұлы Келімбетовке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан «Мемлекеттік секторды реформалау және жаңғырту: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда Қазақстан Республикасының саясатын қолдау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы қаржылық келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 688 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
«Мемлекеттік секторды реформалау және жаңғырту: мемлекеттік
басқаруды жаңғыртуда Қазақстан Республикасының саясатын қолдау»
бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Еуропалық Одақ арасындағы қаржылық
келісім Арнайы шарттар
Бұдан әрі «ЕО» деп аталатын, Еуропалық Комиссия ұсынған, бұдан әрі «ЕО» деп аталатын Еуропалық Одақ бір тараптан және бұдан әрі «Бенефициар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап. Қызметтік сипаттамасы мен мақсаты
1. ЕО келесі Бағдарламаны қаржыландыруға өз үлесін қосады: «Мемлекеттік секторды реформалау және жаңғырту: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда Қазақстан Республикасының саясатын қолдау DCI-ASIE/2010/022-081» бұдан әрі «Бағдарлама» деп аталатын және осы Қаржылық келісімнің 2-қосымшадағы Техникалық және әкімшілік ережелерде егжей-тегжейлі Бағдарлама болып аталады.
2. Бұл Бағдарлама осы Қаржылық келісімге және оның мынадай қосымшаларына cәйкес іске асырылады: Жалпы шарттар (1-қосымша) және Техникалық және әкімшілік ережелер (2-қосымша).
2-бап. ЕО-ның қаржылық салымы
1. Бағдарламаның жалпы құны 10,0 миллион евроны құрайды.
2. ЕО 10 миллион евро мөлшерінде барынша жоғары сома бөлуге міндеттенеді. Бюджеттің баптары бойынша ЕО-ның қаржылық үлесін бөлу Техникалық және әкімшілік ережелерге, Қаржылық келісімге 2-қосымша, қосылған бюджетте көрсетілген.
3-бап. Бенефициардың салымы
1. Бенефициар Бағдарламаға қаржылық үлес қоспайды.
2. Бенефициардың қаржылық емес үлесі бойынша Қаржылық келісімге 2-қосымшаның Техникалық және әкімшілік ережелерінде егжей-тегжейлі талаптар белгіленеді.
4-бап. Орындау кезеңі
Жалпы шарттардың 4-бабында айқындалғанындай Қаржылық келісімнің орындалу кезеңі Қаржылық келісімге қол қойылған күннен басталады және аталған күннен кейін 84 ай өткен соң аяқталады.
5-бап. Мекенжайлар
Осы Қаржылық келісімді іске асыруға қатысты барлық хабарлар жазбаша түрде орындалады, Бағдарламаға арналған тікелей сілтемені қамтиды және мына мекенжайлар бойынша жіберіледі:
1) Бенефициар үшін
Қайрат Келімбетов мырза
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Орынбор к., 8, Министрліктер үйі, 7-кіреберіс
010000 Астана, Қазақстан Республикасы
2) Комиссия үшін
Норбер Жустен мырза
Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігінің басшысы
Шұбар ш.а. Космонавттар көш. 62
010000 Астана, Қазақстан Республикасы
6-бап. Қосымшалар
1. Мынадай құжаттар осы Қаржылық келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады:
1-қосымша: Жалпы шарттар
2-қосымша: Техникалық және әкімшілік ережелер.
2. Қаржылық келісімнің Қосымшалары мен Арнайы шарттарының
ережелері арасында қайшылық болған жағдайда, Арнайы шарттардың
ережелері басымдыққа ие болады. 1-қосымша мен 2-қосымшаның ережелері
арасында қайшылық болған жағдайда 1-қосымшаның ережелері басым күшке
ие болады.
3. Жалпы шарттардың (1-қосымша) 9.1-бабына № 1339/2011
Регламентпен (ЕО) және № 1341/2011 Регламентпен (ЕО) енгізілген
өзгерістерді, қосымша салық құны сияқты жанама салықтарды ескере
отырып № 1905/2006 Регламентке (ЕО) сәйкес кедендік және импорттық баж салығы, бенефициар-мемлекеттердегі басқа аударымдар мына жағдайларда, Бенефициар (немесе, оның серіктестерімен) қайтаруға мүмкіндік болмаған жағдайда қабылдауға тиісті шығындар деп есептеледі, себебі, ЕО-тың көмегі бенефициар-мемлекеттерде негізінен аталған салықтарды төлеу үшін көзделмеген.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2014 № 389 қаулысымен.
7-бап. Қаржылық келісімнің күшіне енуі
Осы Қаржылық келісім оған соңғы қатысушы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Қаржылық келісім Брюссельде ағылшын тілінде үш түпнұсқа данада жасалды, оның екі данасы Комиссияға және бір данасы Бенефициарға жіберіледі.
БЕНЕФИЦИАР ҮШІН КОМИССИЯ ҮШІН
Қайрат Келімбетов мырза Дирк Меганк мырза
Қазақстан Республикасы директор
Экономикалық даму және Азия және Орта Азия
сауда министрі бойынша директорат
Еurоре Аid
ынтымақтастық офисі
Қолы: [қолы, мөрі] Қолы: [қолы, мөрі]
Күні: Күні:
«Мемлекеттік секторды реформалау және
жаңғырту: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда
Қазақстан Республикасының саясатын қолдау»
бағдарламасы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Еуропалық
Одақ арасындағы қаржылық келісімге
1-қосымша
Жалпы шарттар 1-тарау. Жобаны/Бағдарламаны қаржыландыру 1-бап. Жалпы қағидат
1. ЕО-ның қаржылық үлесі Қаржылық келісімде көрсетілген сомамен шектелетін болады.
2. ЕҚ-ның қаржыландыруын беру Бенефициардың осы Қаржылық келісім бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты болады.
2-бап. Артық шығыстар және оларды жабу
1. Қаржылық келісімнің бюджеттік баптары бойынша жекелеген артық шығындары осы Жалпы шарттардың 17-бабына сәйкес жалпы бюджет шеңберінде қорларды қайта бөлу арқылы жабылатын болады.
2. Қаржылық келісімде белгіленген жалпы соманың артық шығын тәуекелі туындаған кезде Комиссия жобаның/Бағдарламаның ауқымын қысқартуы не Бенефициардың меншікті ресурстарын немесе ЕО-ға тиесілі емес басқа да ресурстарды пайдалануы мүмкін.
3. Жобаның/Бағдарламаның ауқымын қысқарту мүмкін болмаса немесе егер қаражаттың артық шығынын Бенефициардың меншікті ресурстарымен немесе басқа да ресурстармен жабу мүмкін болмаса, Комиссия айрықша жағдайда ЕО-ны қосымша қаржыландыруды ұсынуы мүмкін. Бұл туралы уағдаластыққа қол жеткізілетін болса, қосымша шығыстар Комиссия белгілеген қосымша қаржы үлесін беру арқылы ЕО-ның тиісті ережелері мен рәсімдеріне залал келтірмей қаржыландырылуы мүмкін.
2-тарау. Іске асыру 3-бап. Жалпы қағидат
1. Жобаны/Бағдарламаны Бенефициар үшін және оның атынан әрекет ететін Комиссия іске асырады.
2. Бенефициардың мемлекетінде Комиссияны өз Үкіметінің басшысы білдіреді.
4-бап. Орындалу кезеңі
1. Қаржылық келісімнің орындалу кезеңі екі кезеңнен тұратын болады:
негізгі жұмыс жүргізілетін операциялық іске асыру кезеңі. Аталған кезең Қаржылық келісім күшіне енген сәттен басталады және орындалу мерзімінің соңына дейін 24 айдан кешіктірмей аяқталады;
түпкілікті аудит және бағалау жүргізілетін, сондай-ақ техникалық және қаржылық жағынан Қаржылық келісімді іске асыруға төліндегі келісімшарттар жабылатын аяқталу кезеңі. Аталған кезең операциялық іске асыру кезеңі аяқталған күнінен басталады және осы күннен кейін 24 айдан кешіктірмей аяқталады.
2. Негізгі қызметпен байланысты шығыстарды егер, операциялық іске асыру кезеңінде келтірілсе ғана ЕО қаржыландыратын болады. Соңғы аудитке, бағалауға және қызметті аяқтауға байланысты шығыстар аяқталу кезеңінің аяғына дейін қаржыландырылуы тиіс.
3. ЕО үлесінің кез келген қаражат қалдығы орындалу кезеңі аяқталғаннан кейін алты айдан соң автоматты түрде күшін жойылады.
4. Ерекше және тиісінше негізделген жағдайларда операциялық іске асыру кезеңін және тиісінше орындалу мерзімін ұзарту ұсынылуы мүмкін. Егер ұзартуды Бенефициар сұраса, онда ұсыныс операциялық іске асыру кезеңі аяқталғанға дейін кемінде үш ай қалғанда жасалуы және осы күнге дейін оны Комиссия мақұлдауы тиіс.
5. Ерекше және тиісінше негізделген жағдайларда операциялық іске асыру кезеңі аяқталғаннан кейін қорытынды кезеңін және тиісінше орындалу кезеңін ұзарту туралы ұсыныс жасалуы мүмкін. Егер ұзартуды Бенефициар сұраса, онда ұсыныс қорытынды кезең аяқталғанға дейін кемінде үш ай қалғанда жасалуы және осы күнге дейін оны Комиссия мақұлдауы тиіс.
3-тарау. Гранттар беру және келісімшарттар жасау 5-бап. Жалпы қағидат
Қаржылық келісімді іске асыру жөніндегі барлық келісімшарттар тиісті рәсімдердің басталу сәтінде күшінде болатын сыртқы іс-шараларды іске асыру үшін Комиссия айқындаған және жариялаған рәсімдер мен стандартты құжаттарға сәйкес берілуі және іске асырылуы тиіс.
6-бап. Қаржылық келісімді іске асыру жөніндегі
келісімшарттарға қол қоюдың соңғы мерзімі
1. Қаржылық келісімді іске асыру жөніндегі келісімшарттарға Тараптар осы Қаржылық келісім күшіне енгеннен кейін үш жыл ішінде, атап айтқанда Қаржылық келісімге Тараптардың соңғысы қол қойғаннан күннен кейін үш жыл ішінде қол қоюы тиіс. Аталған соңғы мерзім ұзартылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесі кейіннен қол қойылуы мүмкін аудит және бағалау жүргізу жөніндегі келісімшарттарға, сондай-ақ қол қойылған келісімшарттардың қосымша баптарына қолданылмайды.
3. Қаржылық келісім күшіне енген сәттен бастап үшжылдық кезең өткен соң қаражаттың кез келген қалдығына қол қойылмаған келісімшарт күшін жояды.
4. Бұрынғы ереже төтенше шығыстарды жабуға арналған резерв қаражатының қалдықтарына қатысты қолданылмайды.
5. Қол қойылғаннан кейін үш жыл ішінде төлем жүргізілмеген келісімшарт автоматты түрде тоқтатылады, ал оны қаржыландыру күшін жояды.
7-бап. Қолайлылығы
1. Жұмыстарға, қызметтер беруге немесе көрсетуге арналған тендерлерге қатысу ЕО-ға қатысушы мемлекеттердің барлық жеке және заңды тұлғалары үшін және бенефициар үшінші елдердің немесе осы актілерде айтылған басқа кез келген үшінші елдің барлық жеке және заңды тұлғалары үшін ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің арнаулы ережелеріне сәйкес тең жағдайларда ашық болуы тиіс.
2. Ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілерде айталған арнаулы шарттар негізінде осы баптың 1-тармағында айтылғаннан басқа үшінші елдердің азаматтарына келісімшарттарға арналған тендерлерге қатысуға рұқсат ететін шешім қабылдануы мүмкін.
3. ЕО қаржыландыратын және жұмыстар орындауға қызметтер, беруге және көрсетуге арналған келісімшарттарды және қаржыландырылатын қызмет саласын іске асыру үшін грант бенефециарлары бастаған сатып алу рәсімдерін орындау үшін қажетті тауарлар мен жабдықтар негізгі актілерде басқаша баяндалғанды қоспағанда, осы баптың 7.1 және 7.2-тармақтарында белгіленген шарттарда қатысуға құқығы бар елдерден шығарылуы тиіс.
4-тарау. Келісімшарттарды орындауға қолданылатын ережелер 8-бап. Құру құқығы және тұру құқығы
1. Келісімшарттың сипатына байланысты қажет болған кезінде жұмыстарға жүргізуге, қызметтер беруге немесе көрсетуге арналған келісімшарттар жөніндегі тендерлерге қатысатын жеке және заңды тұлғалар Бенефициардың мемлекетінде құру және тұрудың уақытша құқығына ие болады. Бұл құқық келісімшартты бергеннен кейін бір ай бойы жарамды болып қалады.
2. Қызметтері келісімшартты орындау үшін қызметтері қажетті мердігерлер (грант бенефициарларын қоса алғанда) мен жеке тұлғалардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің жобаны/бағдарламаны іске асыру кезінде осындай құқықтары болады.
9-бап. Салықтық және кедендік ережелер
1. Егер Арнайы шарттарда өзгеше көзделмесе, Қаржылық келісімді іске асыруға байланысты салықтар, алымдар немесе басқа да төлемдер (қосылған құн салығын – ҚҚС-ті немесе барабар төлемдерді қоса алғанда) ЕО-ның қаржыландыруынан алып тасталуы тиіс.
2. Бенефициар үкіметі ЕО қаржыландыратын сатып алу келісімшарттарына немесе гранттарға қатынасы бар мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қолданатын неғұрлым қолайлы салық және кедендік режимдерді қолданады.
3. Тиісті Негіздемелік келісім немесе хаттар алмасу осы мәселе бойынша барынша егжей-тегжейлі ережелерді қолдануды қамтыса, олар да қолданатын болады.
10-бап. Шетел валютасы туралы келісім
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны іске асыру үшін қажетті шетелдік валютаны импорттауға немесе сатып алуға рұқсат беруге міндеттенеді. Ол қатысу құқығы бар және Жалпы шарттардың 7-бабында аталған мердігерлерге валютаның реттеу саласындағы өзінің ұлттық заңнамасын да адал қолданады.
2. Егер Қазақстан Республикасы және/немесе ЕО қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда валюталық реттеу мәселелері бойынша барынша егжей-тегжейлі ережелер көзделсе, осындай халықаралық шарттардың ережелері қолданады.
11-бап. Зерттеулердің деректерін пайдалану
Қаржылық келісім зерттеуді қаржыландыруды қамтыса, Қаржылық келісімді іске асыру үшін қол қойылған, осы зерттеуге жататын келісімшарт осы зерттеуге арналған меншік құқығын және Бенефициар мен Комиссияның зерттеулердің деректерін пайдалану, оларды жариялау немесе үшінші тарапқа ашу құқығын реттейтін болады.
12-бап. Келісімшарттар бойынша қайтарылған соманы бөлу
1. Қате жүргізілген төлемдер, алдын ала қаржыландыруға арналған кепілдіктер немесе осы Қаржылық келісім бойынша қаржыландырылатын келісімшарттар негізінде ұсынылған орындау кепілдіктері бойынша қайтарылған сома жобаға/Бағдарламаға бөлінеді.
2. Жалдаушы орган тендерге үміткерге немесе оған қатысушыға салған қаржылық айыппұлдар, егер оны сатып алу келісімшарт түпмәтіні негізінде алып тастаған жағдайда, тендерлік кепілдіктер бойынша алынған қаражат, сондай-ақ Комиссияға тиесілі келтірілген залал үшін өтемақы Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетіне төленеді.
5-тарау. Жалпы және қорытынды ережелер 13-бап. Қызметті жария ету
1. ЕО қаржыландыратын әрбір жоба/бағдарлама тиісті хабар мен ақпараттық операциялардың мәні болады. Осы операциялар Комиссияның мақұлдауымен айқындалуы тиіс.
2. Бұл коммуникациялық және ақпараттық операциялар бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде күшінде болған сыртқы операцияларды жария ету жөніндегі Комиссия белгілеген және жариялаған қағидаларға сәйкес келуі тиіс.
14-бап. Бұзушылықтарды, алаяқтықты және сыбайлас жемқорлықты болдырмау
1. Бенефициар бұзушылықтарды және алаяқтықты болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдайды және Комиссияның ұсынысы бойынша қате төленген қорды қайтару үшін шағым береді. Бенефициар қабылданған барлық шаралар туралы Комиссияға хабарлауы тиіс.
2. «Бұзушылық» дегеніміз Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетіне немесе олар басқаратын бюджеттерге Еуропалық Қоғамдастықтардың атынан жинақталған меншікті ресурстары немесе негізсіз шығыстар бабынан алынған табысты азайту немесе олардың түсімдерінің шығасылары түрінде зиян келтіріп отырған немесе келтіретін шаруашылық субъектісінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен Қаржылық келісімдер, келісім-шарттар немесе ЕО-ның заңдары ережелерінен кез келген ауытқуды білдіреді.
«Алаяқтық» дегеніміз:
Еуропалық Қоғамдастықтың жалпы бюджетінің немесе олар немесе оның атынан басқарылатын бюджет қаражатын заңсыз немесе мақсатсыз ұстап қалуға әкелуі мүмкін жалған, дұрыс емес немесе толық емес құжаттаманы немесе мәліметтерді пайдалануға немесе ұсынуға;
ерекшелік міндеттемелерге, осындай салдарымен зиян келтіретін ақпаратты жасыруға;
осындай қаражатты олардың бастапқы мақсатынан басқа мақсатта заңсыз пайдалануға қатысты кез келген әдейі әрекетті немесе әрекетсіздікті білдіреді.
Бенефициар бұзушылық немесе алаяқтық дейтіндей күдік тудыратын кез келген жағдайлар туралы Комиссияны дереу хабардар етуге тиіс.
3. Бенефициар келісімшарттарды немесе гранттарды беру немесе оларды іске асырудағы рәсімнің кез келген сатысында белсенді немесе пассивті сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін жою үшін барлық ықтимал шараларды қолдануға міндеттенеді. «Пассивті сыбайлас жемқорлық» дегеніміз ресми тұлғаның тікелей немесе делдал арқылы жеке өзі үшін немесе үшінші тарап үшін кез келген түрде сыйақы сұраған немесе алған немесе ол белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасаған кезде немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтың қаржылық мүдделеріне зиянын тигізген немесе тигізуі мүмкін ресми міндеттерін бұзудағы өз қызмет бабын пайдаланған кезде осындай сыйақы берілетініне уәде алған әдейі әрекетін білдіреді. «Белсенді сыбайлас жемқорлық» дегеніміз кімде-кімнің ресми тұлғаға жеке ол үшін немесе үшінші тарап үшін, ол белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасау үшін немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделеріне зиянын тигізген немесе тигізуі мүмкін ресми міндеттерін бұзуда өз қызмет бабын пайдалану үшін тікелей немесе делдал арқылы сыйақының кез келген түрін беруге уәделенуде немесе ұсынудағы әдейі әрекетін білдіреді.
15-бап. Комиссия мен ЕО Есеп комиссиясының бақылауы және тексерулері
1. Комиссия, Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі еуропалық бөлім (бұдан әрі – OLAF) және ЕО Есеп комиссиясы Қаржылық келісім бойынша (келісімшарттар мен гранттарды беру жөніндегі рәсімді қоса алғанда) ЕО берген қорды пайдалану жоқ құжаттамалық тексерістер және жергілікті жерлерде тексерістер жүргізеді және егер қажет болған жағдайда шоттар бойынша растау құжаттары мен бухгалтерлік құжаттар немесе жобаны/бағдарламаны қаржыландыруға қатысты басқа да кез келген құжаттар негізінде Қаржыландыру туралы келісімнің бар мерзімі және соңғы төлемнің күнінен кейін жеті жыл ішінде толық аудит жүргізу мүмкіндігімен келіседі.
2. Бенефициар OLAF-тың жергілікті жерлерде ЕО-ның заңнамасында көзделген рәсімдерге сәйкес алаяқтық пен басқа қателерден ЕО-ның қаржылық мүддесін қорғау үшін тексерістер мен бақылау жүргізуі мүмкін екендігімен келіседі.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес Бенефициар Комиссияның, OLAF-тың және Еуропалық есеп комитетінің лауазымды және олардың уәкілетті агенттеріне компьютерлік жүйелерді, сондай-ақ осы іс-шараларды техникалық және қаржылық басқаруға қатысты кез келген құжаттамалық және компьютерлендірілген деректерді қоса алғанда, Қаржылық келісім бойынша қаржыландырылған іс-шаралар өткізілген орындар мен үй-жайларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге және осы жұмыстарды жеделдету үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға міндеттенеді. Еуропалық Комиссияның, OLAF пен Еуропалық есеп комитетінің уәкілетті агенттері үшін қол жеткізу үшінші тарапқа қатысты қатаң құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттік құқықтық міндеттемелерге зиян тигізбей берілуі тиіс. Құжаттар қол жетімді және оларды қолайлы инспекциялауды қамтамасыз ететін тәртіпте тігілуі қажет және Бенефициар Комиссияға, OLAF пен Еуропалық есеп комитетіне олардың нақты орналасқан жері туралы хабарлауы тиіс.
4. Жоғарыда аталған тексерістер мен аудит ЕО қаржыландыруын алған мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты да қолданатын болады.
5. Бенефициар жергілікті жерлерде тексерістер жүргізу үшін Комиссия, OLAF пен Еуропалық есеп комитеті тағайындаған агенттердің миссиясы туралы жазбаша хабардар етіледі.
16-бап. Комиссия мен Бенефициар арасындағы консультациялар
1. Қаржылық келісімді іске асыру немесе оны түсіндіру кезінде келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келіссөздер жолымен шешеді.
17-бап. Қаржылық келісімді өзгерту
1. Тараптардың өзара келісімі бойынша Қаржылық келісімге жеке хаттамалар түрінде ресімделетін оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2. Егер өзгерту туралы ұсынысты Бенефициар жасаса, онда Бенефициар бұл ұсынысты Комиссияға Бенефициар тиісінше негіздеген және Комиссия қабылдаған жағдайларды қоспағанда, осы өзгерістердің болжамды күшіне енуіне дейін кем дегенде үш ай бұрын беруі тиіс.
3. Операциялық іске асыру кезеңі мен қорытынды кезеңді ұзартудың ерекше жағдайлары аталған Жалпы шарттардың 4-бабының 4 және 5-тармақтарымен реттеледі.
18-бап. Қаржылық келісімді тоқтата тұру
1. Қаржылық келісім мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін:
егер Бенефициар Қаржылық келісім бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, Комиссия Қаржылық келісімді іске асыруды тоқтата тұруы мүмкін.
Егер Бенефициар адам құқығына, демократиялық қағидаттарға қатысты міндеттемелер мен заң нормаларын бұзған жағдайда, елеулі сыбайлас жемқорлыққа жол берілген жағдайларда, Комиссия Қаржылық келісімді тоқтата тұруы мүмкін.
Қаржылық келісім төменде көрсетілгендей форс-мажор жағдайында тоқтатыла тұруы мүмкін. «Форс-мажор» дегеніміз тараптардың біреуіне өз міндеттемелерін орындауға кедергі жасайтын және ол тараптардың (немесе олардың мердігерлері, агенттері немесе қызметкерлері тарпынан) қателігіне немесе ұқыпсыздықпен қарағанына байланысты емес кез келген күтпеген және айрықша ахуалды немесе оқиғаны білдіреді және де ол барлық жұмсалған күш-жігерге қарамастан, еңсерілмейтін болып табылады. Жабдықтардың немесе материалдардың ақаулар немесе оларды беруді кешіктіру, еңбек даулары, ереуілдер немесе қаржылық қиындықтар форс-мажор ретінде қаралуы мүмкін емес. Тарап міндеттемелерін форс-мажорлық жағдайдың салдарының орындамағаны үшін жауапты болмайды. Форс-мажорға тап болған тарап ол туралы ықтимал ұзақтығы мен болжамды тигізетін әсерін сипаттай отырып, екінші тарапқа дереу хабарлау, сондай-ақ ықтимал залалды барынша азайту үшін барлық шараларды қабылдауы қажет.
2. Тоқтата тұру шешімі туралы алдын ала ешқандай хабарлама берілмейді.
3. Тоқтата тұру туралы хабарлама берілгенде ағымдағы келісімшарттарға немесе қол қойылуға тиіс келісімшарттарға тигізетін салдары көрсетілуі тиіс.
19-бап. Қаржылық келісімді бұзу
1. Егер Қаржылық келісімді тоқтата тұруға әкелген мәселелер ең көп дегенде, төрт ай ішінде шешілмесе, Қаржыландыру туралы келісімді тоқтату туралы екінші тарапқа екі ай бұрын хабарлап, кез-келген тарап оны бұзуы мүмкін.
2. Егер Қаржылық келісімге қол қойылғаннан кейін үш жыл ішінде бір де бір төлем жүргізілмесе немесе осы кезең ішінде оны іске асыру жөнінде келісімшарттарға қол қойылмаса, Қаржылық келісім автоматты түрде бұзылады.
3. Бұзу туралы хабарлама ұсынылған кезде онда ағымдағы келісім-шарттарға немесе қол қойылуға тиіс келісімшарттарға оның тигізетін салдары көрсетіледі.
20-бап. Дауларды шешу
1. Осы Жалпы шарттардың 16-бабында көрсетілген Тараптар арасындағы Қаржылық келісімге қатысты кез-келген дау консультациялар олар арқылы алты ай ішінде шешу мүмкін болмаса, ол Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша төрелік тәртібімен шешілуі мүмкін.
2. Бұл жағдайда, Тараптардың әрқайсысы төрелік туралы ұсыныстан кейін 30 күннің ішінде төрешіні тағайындайды. Мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда, тараптардың біреуі екінші төрешіні тағайындау өтінішімен Гаагадағы Халықаралық соттың Бас хатшысына өтініш жасай алады. Өз кезегінде, екі төреші 30 күннің ішінде үшінші төрешіні тағайындайды. Мұны жасау мүмкін болмағанда, тараптардың әрқайсысы Гаагадағы Халықаралық соттың Бас хатшысына үшінші төрешіні тағайындауға өтініш жасай алады.
3. Егер төрешілер басқа шешім қабылдамаса, онда Гаагадағы Халықаралық соттың халықаралық ұйымдарды және мемлекеттерді қамтитын Төрелік қараудың диспозитивтік ережелерінде белгіленген рәсімдер қолданылады. Төрешілердің шешімдері үш айдың ішінде басым дауыспен қабылданады.
4. Тараптардың әрқайсысы төрешілердің шешімдерін қолдану үшін қажетті шаралар қабылдауы тиіс.
«Мемлекеттік секторды реформалау және
жаңғырту: мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда
Қазақстан Республикасының саясатын қолдау»
бағдарламасы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Еуропалық
Одақ арасындағы қаржылық келісімге
2-қосымша
Техникалық және әкімшілік ережелер
ел/өңір – бенефициар |
Қазақстан Республикасы |
||
сұрау салушы орган |
Қазақстан Республикасының Үкіметі |
||
бюджеттің бабы |
191002 |
||
атауы |
Мемлекеттік секторды реформалау және жаңғырту: Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда саясатын қолдау |
||
жалпы құны |
10 млн.евро (ЕО) |
||
көмек көрсету әдісі/басқару режимі |
Тәсіл: |
||
DAC коды |
15110 |
СЕКТОР |
Мемлекеттік басқару |
1. Негіздеме Әлеуметтік-экономикалық жағдай
Тиімсіз мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жеткіліксіз деңгейі ресурстардың бақылаусыз мемлекет шығыстарына әкеп соғуы мүмкін екенін және жеке инвестициялар көлемінде, азаматтардың сенімі мен қанағаттануында келеңсіз көрініс табатынын назарға ала отырып, еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2030» стратегиясы қызметтерді жоғары деңгейде беруге және елдің дамуының жалпы мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге қабілетті тиімді, заманауи, кәсіби, мемлекеттік қызметтерді құруды көздейді. Осы мақсатта соңғы он жылдық ішінде мынадай қадамдар жасалды: мемлекеттік органдарды функционалдық талдау негізінде жаңа Азаматтық кодекстің қабылдануы (1998 жыл), мемлекеттік қызмет агенттігі мен академиясының құрылуы (1999 жыл), өкілеттіктердің аражігін ажырату және орталық мемлекеттік органдардың арасында, орталық және өңірлік әкімшіліктер арасында рөлдердің, функциялар мен міндеттердің қайта бөлінуі туралы заң (2005 жыл); мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң (2004 жыл); жаңа Бюджет кодексі (2007 жыл) және басқа да бірқатар бастамалар.
Сонымен бірге көптеген мәселелер сол күйінде қалып отыр, олардың ішінде: мемлекеттік құрылымдардың ішінде және арасында бұлыңғыр және қайталама функциялар мен міндеттер, ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастық пен үйлестірудің болмауы, саясатты әзірлеу, бюджеттеу, енгізу және бақылау арасындағы байланыстың жеткіліксіздігі, орталықтандырылған басқару мен мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылаудың болмауы, мемлекеттік қызметшілер әлеуетінің жеткіліксіздігі мен мемлекеттік басқарудың ескірген құрылымдары.
Осы мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметті қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарында жазылған ережелер негізінде мемлекеттік басқаруды кешенді реформалауға кірісті. Реформаның негізгі элементтері мыналарды қамтиды:
1) функциялар мен міндеттердің аражігін неғұрлым дәл ашу мақсатында функционалдық талдау жүйесін құрғаннан кейін мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру;
2) мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;
3) мемлекеттік қызметті кәсiбилендiру;
4) мемлекеттік басқару мен бюджетті олардың қызметін бағалау негізінде енгізу;
5) мемлекеттік сектор реформасының жалпы менеджментін жақсарту.
Осы Стратегияның іс-шаралары бүгінгі таңда іске асырылуда, бұл ретте мемлекеттік басқару реформаларына жауап беретін бірыңғай орган құру мүмкіндігі қаралып отыр.
Бірқатар мемлекеттік органдардың соңғы қайта ұйымдастырылу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне инновациялар мәселелері бойынша функция бөлінді, бұл білім беру, қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы салаларымен маңызды ұйымдастырушылық және тұжырымдық байланыстарды көздейді. ЕО осы бағдарлама шеңберінде тиісті министрліктерге ерекше акцент жасауды ұсынған болатын. Қаржылық қызметті мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты айтатын болсақ, бағдарлама шеңберінде 2009 жылы дайындалған «Мемлекетке берілетін қаржылық шығыстардың есебі» (бұдан әрі – PEFA) баяндамасы әлі күнге дейін Үкіметтің қарауында жатыр. Жүргізілген талдаудың нәтижелері мен ұсынымдары болашақта мемлекеттік басқарудың үкіметтік реформасының бір бөлігі болады деп күтілуде.
Жаңа стратегияның қабылдануы мемлекеттік басқару үшін, атап айтқанда мемлекеттік басқару саласындағы саясатты жоспарлайтын және іске асыратындар үшін, орындаушылар үшін, басшылар мен мемлекеттік басқару және біліктілік мәселелеріне жауап беретін орталық үкімет деңгейіндегі тұлғалар (атап айтқанда, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін даму департамент; салалық министрліктер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және мемлекеттік қызмет көрсету салалары) үшін күрделі қыр көрсетулерге ұштасқан.
2. Алынған сабақ және өзара толықтырушылық
ЕО қаржыландыратын және мемлекеттік секторды реформалаумен байланысты бұрынғы бастамаларды бағалау 2009 жылдың аяғында жүргізілді. Негізгі сабақтар жаңа бағдарламада айқындалды және ескерілді, атап айтқанда:
1) қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметін саяси, ұйымдастырушылық және уақытша шеңберлеріне біріктіру қажеттігі (мүдделілікті арттыру);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі құрылымдарымен стратегиялық диалогты сақтап қалу (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі);
3) келесі кезеңде озық тәжірибе мен сабақтарды ескеру мақсатында жергілікті жерлерде болуды қамтамасыз ете отырып және өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, ЕО-ның қолдауын пилоттық өңірлерге шоғырландыру;
4) ЕО-ның ішкі білімдері мен кәсіби тәжірибесін пайдалану (мәселен, ЕО-ның Мемлекеттік Басқару Желілері – EUPAN, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ);
5) сұраныс негізінде әрекет ету үшін икемділік элементін сақтау.
ЕО қаржыландыратын қызмет қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, мәдениет, әділет, білім беру, денсаулық салаларында өзара іс-қимылды көздейді. Өзара іс-қимыл үшін мүмкіндіктер Жергілікті дамуды қолдау бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Дамыту жөніндегі басқа әріптестер бұрын мемлекеттік басқаруды реформалауда белгілі бір қолдау көрсетіп келген. Мемлекеттік қаржыны басқару саласында 2009 жылы Дүниежүзілік Банк мемлекеттік қаржыны басқаруына шолу (баяндама әлі шығарылмаған) жүргізді, сондай-ақ бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – JERP), Қазақстан Республикасы Үкіметінің өтініші бойынша қысқа мерзімді сарапшыларды жібереді. 2010 жылы JERP бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қаржыны басқару мәселелері бойынша бірқатар консультациялар берілетін болады деп күтілуде. Өзінің «басқару» тақырыптық саласындағы түпмәтінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы ұлттық парламент пен жергілікті үкіметтік органдардың қадағалау функциялары мен заңнамалық өкілеттіктерін, сондай-ақ парламенттік процестер мен рәсімдердің тиімділігін нығайтуды қолдайды.
3. Донорлардың қызметін үйлестіру
Мемлекеттік басқаруды реформалау саласында жалпы көлемді қолдау бойынша дамыту жөніндегі халықаралық әріптестің жалғыз жобасын білдіретін жоба жоғары үкіметтік деңгейде, әзірлеу кезеңі барысындағы бас делдал болып табылатын – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі деңгейінде үйлестірілетін болады. Басқа донорлар жүргізіп жатқан қызмет қайталанбауы тиіс.
Мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы реформаны бүгінгі таңда бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы (JERP) Дүниежүзілік Банк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі қолдап отыр, бұдан басқа, өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде. Донорлардың қызметтерін үйлестіруге мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері саласындағы мемлекеттік орган жауапты болады.
4. Сипаттама
ЕО-ның мемлекеттік басқаруды жаңғырту саласында құнды тәжірибесі бар және бұрын да «ТАСИС» және «DCI», сондай-ақ «PDAP» бағдарламалары арқылы Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды қолдауға қатысқан. Бұдан алдыңғы тәжірибесіне негізделе отырып осы бағдарлама мемлекеттік басқару реформасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа стратегиясын қолдайтын және жалпы көлемді салалық саясатты құруға ықпал ететін болады. Бағдарлама тиісті мүдделі органдармен тығыз ынтымақтастықта әзірленді.
Орталықтандырылған басқару режиміне қарамастан, жоба жоғары үкіметтік деңгейде бекітілген (ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі) және билік органдары жылжытатын ағымдағы стратегиялармен біріктірілген.
Ұлттық стратегияларды қолдай отырып, жоба шеңберінде мемлекеттік басқару реформасының стратегиялық мәселелерінде әлеуеттің орнықты дамуына консультативтік көмек пен қолдау көрсетілетін болады. Толыққанды қолдауға қол жеткізуге бағытталған ережелер келесі кезеңде көзделеді.
5. Мақсаттар
Жалпы мақсат ел дамуының ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуді қолдауға және оны қамтамасыз етуге қабілетті заманауи және тиімді, мемлекеттік секторды дамытуға көмек көрсетумен тұжырымдалады.
Нақты мақсат Үкіметтің мемлекеттік сектор реформаларының жүзеге асыруын мыналарға екпін қоя отырып қолдау көрсету болып табылады:
1) төрт сектордағы орталық мемлекеттік басқару тиімділігі (білім беру, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп/инновация);
2) мемлекеттік қызмет стандарттарын арттыру;
3) мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыру.
6. Күтілетін нәтижелер
Ұлттық және жергілікті деңгейлерде іске асырылатын біріктірілген және стратегияларды қолдайтын жобалар мынадай нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін болады:
1) (R1 – 2-қосымша) мемлекеттік басқару секторын реформалау үшін заңнамалық және институционалдық негіздерді жетілдіру;
2) (R2 – 2-қосымша) пилоттық министрліктердің Үкіметтің жалпы стратегиясына сәйкес секторалдық стратегияларды әзірлеу, енгізу және олардың мониторингін жүргізу қызметтерінің тиімділігін арттыру;
3) (R3 – 2-қосымша) мемлекеттік қызмет стандарттарын тиімді сақтау және бақылау, азаматтардың пікірлерін ескеру;
4) (R4 – 2-қосымша) мемлекеттік қызмет мәселелерін басқару жүйесін жаңғырту;
5) (R5 – 2-қосымша) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік шенеуніктердің біліктілігін арттыру.
Мемлекеттік басқару реформасы бағытталған түйінді мәселе билікті ұйымдастыруды жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру жолымен тиімді басқару болып табылады. Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету қысқа мерзімді сарапшыларды тарту бойынша қатысушылар мен бенифициарлардың бірі болып табылатын Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің маңызды аспектісі болып табылады. Гендерлік мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің жалпы гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес ескерілетін болады.
7. Қызмет бағыттары және орындау мерзімі № 1 құрауыш: Орталық мемлекеттік басқарудың тиімділігі
Осы құрауыш шеңберінде мемлекеттік секторды реформалауға (бұдан әрі – МСР) қатысып отырған басқарушы ұйымдардың, сондай-ақ төрт пилоттық министрліктердің салалық саясаттың сапасын арттыруға, қызметтерді әзірлеу, оларды көрсету және нәтижелілік мониторингіне қатысты қадағалау және басқарушылық мүмкіндіктерін нығайту көзделеді. Мұндай пилоттық іс-шаралардың тәжірибесі басқа ұйымдарға берілетін болады. «Мемлекеттік секторды реформалау жолымен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деп аталатын осы құрамдауыш ЭЫДҰ-мен әріптестік туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
R1 Мемлекеттік секторды реформалау барысында заңнамалық және институционалдық базаның сапасын арттыру.
R1.1 МСР байланысты заңдар, стратегиялар, бұйрықтар және тиісті іс-шаралар жоспарлары қабылданады және біріздендіріледі;
R1.2 МСР-ға қатысатын ұйымдар МСР жүргізілуін талдау, бақылау, басшылық және мониторингті жүзеге асыру үшін ақпараттық жүйе мен талдамалық тетіктер қолданылуда;
R1.3 МСР мониторинг және бағалау тетіктері Қазақстан Республикасы Парламентінің, сондай-ақ жетекші және пилоттық үкіметтік мемлекеттік органдардың жұмысына формалды түрде енгізілген;
R1.4 Пилоттық ведомстволардың тәжірибесін басқа ұйымдарға беру тетіктері қабылданған және іске асырылу сатысында тұр.
Іс-шаралар:
1. МСР-дың және орталық мемлекеттік басқаруды ұйымдарының институционалдық МСР базасын талдау; ЭЫДҰ-ның озық тәжірибесіне негізделген неғұрлым тиімді басқару, сондай-ақ «жол картасы» бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2. Орталық мемлекеттік басқару, сондай-ақ оларды кейіннен институционалдандыру, «TAIEX» жобасы және осындай жобалар шеңберінде ҚР қатысуы мүмкін болатын қолайлы іс-шараларды анықтау үшін МСР-дің принциптерін, тетіктерін, әдістерін және ең үздік тәжірибесінің мәселелері бойынша МСР-ға қатысушы басшылық ететін және қадағалаушы ұйымдар үшін тренингтер, семинарлар, оқу сессияларын өткізу;
3. Негізгі ведомстволарға ұқсас/қайталама функциялары бар мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды және коммуникацияны жеңілдету мақсатында іс-қимылдар жоспарын әзірлеу мәселелері бойынша көмек көрсету;
4. Пилоттық және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы тәжірибе алмасуға көмек көрсету.
Кезектілік: А1-құрамдауышын іске асыру ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін дереу басталады одан әрі - А2 және А3 құрамдауыштары. А4 құрауышы келісімшарттың қолданылу мерзімінің ішінде іске асырылатын болады.
R2 Стратегиялық басымдықтарға сәйкес пилоттық органдардың салалық саясатты әзірлеу, іске асыру және оның мониторингі мен мемлекеттік қызметтерге көрсету мәселелері бойынша қызметінің тиімділігін арттыру.
R2.1 Функционалдық шолулар жүргізу және пилоттық мемлекеттік органдарды кейіннен қайта ұйымдастыру, басқа органдармен тәжірибе алмасу;
R2.2 ЭЫДҰ-ның шолуларында және ең үздік практикаларында негізделген пилоттық министрліктердің жұмыс моделінің реформасы;
R2.3 Пилоттық мемлекеттік органдар қызметкерлерінің стратегиялық құжаттарға сәйкес стратегиялық және операциялық жоспарларды әзірлеу, бюджеттеу, іске асыру және бақылау мәселелерінде біліктіліктерін арттыру;
R2.4 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен пилоттық мемлекеттік органдарға қажеттілігіне қарай СПДК нысанында қысқа мерзімді көмек көрсету.
Іс-шаралар:
1. ЭЫДҰ-ның ең үздік практикаларына негізделген орталық мемлекеттік аппарат жұмысына функционалдық шолулар (бұдан әрі – ФШ) әдістемесін бекіту; ФШ супервизорларын (атап айтқанда, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі, Экономикалық даму және сауда министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті) оқыту және оларға ноу-хауды беру және сараптамалық қолдау;
2. ФШ жүргізу жоспарын әзірлеу, пилоттық мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобын құру, ФШ-ны іске асыру және қайта ұйымдастыру процесінде оқыту және оларға ноу-хауды беру және сараптамалық қолдау;
3. Пилоттық мемлекеттік органдары ФШ жүргізу барысында оқыту, сүйемелдеу, көмек беру және сараптамалық қолдау;
4. Негізгі және пилоттық мемлекеттік органдармен бірлесіп, ФШ нәтижелеріне қарай пилоттық ведомстволардың ішінде, функцияларды, рөлдерді, міндеттер мен коммуникация тәсілдерін қайта бөлу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
5. Пилоттық мемлекеттік органдарды стратегиялық жоспарлау әдістемесі мен тетіктері, бюджеттеу және реформаны іске асыруды қадағалау мәселелері бойынша оқыту, көмек беру және сараптамалық қолдау; TAIEX және ҚР қатысуы мүмкін болатын осындай жобалар шеңберінде қолайлы іс-шараларды анықтау;
6. Пилоттық мемлекеттік органдардың қызмет модельдерін анықтау және олардың кемшіліктерін сәйкестендіру; пилоттық мемлекеттік органдарға жаңғырту және нәтижелілікті бағалау бойынша құралдарды институционалдандыру мәселелері бойынша оқу және консультативтік қызметтер көрсету;
7. Болашақта салалық тұрғыға көшу үшін қажетті бағалау жүргізу («7 столп» әдісі бойынша немесе ұқсас әдістемелер бойынша);
Кезектілік: А1-құрамдауышы ҚР Үкіметінің деңгейінде әдіснама анықталғаннан кейін басталады (№1 нәтиже), кезең қорытындаларымен А2, А3 және А4 құрамдауыштары. А5 және А6 құрамдауыштары бұдан алдыңғы кезеңнің қорытындылары бойынша айқындалады. А7 құрамдауышы қажеттілігіне қарай реформаны іске асыру барысында жүзеге асырылады.
№ 2 құрауыш: Мемлекеттік қызмет көрсетудің және мемлекеттік
қызмет менеджментінің сапасын арттыру
Осы құрамдауыш ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің айрықша стандарттарына, сапаны бағалауға, қолдау мен қадағалауға мән бере отырып, негізгі функцияларына, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бағалауға азаматтардың/тұтынушылардың қатысуына шоғырланатын болады.
R3 Тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуге сәйкестігін, бақылау және қатысу деңгейін арттыру.
R3.1 Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын жетілдіру бағалау, мониторинг және енгізу үшін заманауи құралдар мен әдіснамаларды әзірлеу және институционалдандыру;
R3.2 Қадағалау ведомстволары, салалық мемлекеттік органдар және жұртшылық арасындағы және неғұрлым тиімді коммуникациялармен өзара іс-қимылдар үшін база құру;
R3.3 Қызмет көрсетудің заманауи тәсілдері (электрондық үкіметті қоса алғанда) туралы мәселелер бойынша сарапшылық көмек көрсету, «TAIEX» және осындай жобалар шеңберінде ҚР қатысуы мүмкін болатын қолайлы іс-шараларды анықтау;
R3.4 Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеумен айналысатын қазақстандық және еуропалық ведомстволар арасында байланыс орнату;
R3.5 Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын арттыру бойынша гранттар шеңберінде қаржыландырылатын жобаларды іске асыру.
Іс-шаралар:
1. Ұсынымдар әзірлеу, мемлекеттік қызметтің сапа менеджментінің құралдарын енгізу бойынша консультативтік және оқу іс-шараларын жүргізу;
2. Жетекші және пилоттық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің тетіктері мен әдістерін және тиімділігін институционалдандыру бойынша көмек көрсету;
3. Мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде өзара тиімді іс-қимыл жасау мәселесі бойынша консультативтік және оқу қызметтерін өткізу;
4. Қазақстандық мемлекеттік органдармен байланыс орнатуға мүдделі ЕО ұйымдарының тізімін анықтау;
5. Мемлекеттік қызмет стандарттарының мониторингі және оларды жетілдіру мәселесі бойынша азаматтық қоғамның азаматтары мен ұйымдарының жеке және институционалдық құзыреттілігін арттыру мақсатында өтінімдер конкурстары негізінде жобалық ұсыныстарды іріктеу.
Кезектілік: А1-4 құрамдауыштары сервистік келісімшартты іске асыру барысында жүзеге асырылатын болады. А5 құрамдауышы өтінімдер конкурсының қорытындылары бойынша таңдалған жобаның түпмәтінінде іске асырылатын болады. Өтінімдер конкурсы туралы хабарландыру Қаржыландыру туралы келісімге (бұдан әрі – ҚтК) қол қойылғаннан кейінгі бірінші жыл бойында жарияланатын болады.
R4 Мемлекеттік қызметтің менеджмент жүйесін жаңғырту
R4.1 Нәтижелікке, бағалауға, қызметтік өсуге негізделген жалдау жүйелерін жаңарту және енгізу;
R4.2 Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті қызметкерлерді уәждеу және жалдау үшін заң базасын жетілдіру;
R4.3 Еуропалық ұйымдармен мемлекеттік қызмет менеджменті саласында байланысты нығайту және тәжірибе алмасу.
Іс-шаралар:
1. Мемлекеттік қызметтің қолданыстағы менеджмент моделінің ағымдағы жай-күйін және кемшіліктерін талдау, ұсынымдар беру; мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселелері бойынша сарапшылық көмек көрсету, «TAIEX» және осындай жобалар шеңберінде ҚР қатысуы мүмкін болатын қолайлы іс-шараларды анықтау.
2. Мемлекеттік қызметтегі жұмысқа тұрудың ағымдылығының негізгі себептерін анықтау, қызметкерлерді ұстау үшін ынталандыру тетіктері бойынша көмек көрсету;
3. Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) мемлекеттік қызмет жұмысын бағалау тетіктерін әзірлеу және іске асыру саласында көмек көрсету;
4. Агенттік пен тиісті еуропалық ведомстволар арасында байланыстар орнату.
Кезектілік: А1 және А2 құрамдауыштарын іске асыру тиісті сервистік келісімшартқа қол қойылғаннан кейін басталады. А3 құрамдауышы А1 және А2 құрамдауыштарының табыстылығына негізделетін болады. А4 құрамдауышы келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылатын болады.
R5 Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыру
R5.1 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың ұлттық жүйесін бекіту (оқу бағдарламасы және оқыту әдісі);
R5.2 Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес жаңартылған оқу модулімен оқыту.
Іс-шаралар:
1. Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың қолданыстағы жүйесі мен оның кемшіліктерін талдау, оны жетілдіру бойынша ұсынымдар беру;
2. Ұсынымдар әзірлеу және тренингтер жүргізу, мемлекеттік қызмет стандарттарының әзірлеушілері, оларды орындаушылар мен супервизорлар үшін Агенттіктің оқу бағдарламаларына мемлекеттік қызмет сапасын бағалау тетіктерін енгізу бойынша сарапшылық қолдау көрсету;
3. TAIEX және осындай жобалар шеңберінде ҚР қатысуы мүмкін болатын қолайлы іс-шараларды анықтау
4. Қазақстандық және еуропалық ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік басқару институттары арасында мемлекеттік қызмет саласындағы байланысты орнату және нығайту.
Кезектілік: А1-4 құрамдауыштары сервистік келісімшартқа қол қойылғаннан кейін іске асырылатын болады.
8. Жобаның орналасқан жері және ұзақтығы Жобаның орналасқан жері
Жоба Қазақстан Республикасында іске асырылады. Сервистік келісімшарт шеңберінде жалға алынған техникалық ассистенттер Астана қаласында болады.
9. Жобаның ұзақтығы
Келісімді іске асыру кезеңі 84 айды құрайды және Бас шарттардың 4-бабына (осы Келісімге 1-қосымша) сәйкес екі сатыдан тұрады.
операциялық саты Қаржылық келісім күшіне енуімен басталады және 60 айға созылады;
қорытынды сатының ұзақтығы 24 ай, операциялық саты аяқталғаннан кейін басталады.
Жалпы шарттардың 6-бабына (осы Келісімге 1-қосымша) сәйкес Қаржылық келісімді іске асыру туралы келісімшарттар Қаржылық келісім күшіне енгеннен кейін (бағалау мен аудит жүргізу келісімшарттарынан басқасы) үш жылдан кейіннен кешіктірмей қол қойылуға тиіс. Бұл мерзім ұзартылмайды.
10. Жобаны іске асыру Ұйымдастыру схемасы
Жобаны Еуропалық Одақ өзінің Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі арқылы іске асырады.
Жобаны іске асырудың жалпы бағыттарын қадағалау және бекіту үшін жалпы басшылық етуші комитет құрылатын болады (бұдан әрі – БасКом).
Ол жылына екі рет жиналады және құрамында мыналар болады:
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің өкілі;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің өкілі;
Агенттік өкілі;
Пилоттық министрліктердің өкілі;
Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігі Басшысының өкілі;
Техникалық көмек көрсету командасының өкілі (бұдан әрі – ТК).
Қажеттілігіне қарай жұмысқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері шақырылатын болады.
БасКом сол ұйымдардың өкілдерінен құрылатын Техникалық Комитеттің қолдауын пайдаланатын болады. Олардың міндетіне БасКомның шешімдерін орындау және саяси диалогта қатысу кіретін болады. Шоғырландырылған есептер, миссиялар және жұмыс жоспарлары көзделеді.
Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігі келесі құжаттарды жасайды (келісімшарт, келісімдер):
1. Ынтымақтастық туралы келісімдер (ең көбі 3 млн. евро). № 2 құрамдауышты іске асыру ЭЫДҰ-мен келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын болады. ЭЫДҰ кандидатурасы бенефициар мен ҚР-дағы ЕО Өкілдігі арасындағы келісім бойынша ЭЫДҰ-ның мемлекеттік басқару реформасын (МБР) жүргізу саласында мүмкіндіктерінің негізінде таңдалды. ЭЫДҰ SIGMA сарапшыларымен тығыз ынтымақтастықта болады және EUPAN мен ЕО ведомстволарының және МБР саласындағы мүше елдердің тәжірибелерінен пайдаланатын болады. ЭЫДҰ сарапшылары жұмыс топтарын құру және ҚШ мен қайта ұйымдастыруды өткізу мәселелері бойынша пилоттық министрліктерге, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне қадағалауды жүзеге асыруда көмек көрсететін болады.
2) Сервистік келісімшарт (ең көбі 4,6 млн. евро). № 2-құрамдауышты іске асыру келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын болады, оның жасалуына стандарттық тендерлік рәсім алғышарт болады. Бас стратегияға сәйкес сервистік келісімшартты саяси басшылық беруге және басқарудың орталық деңгейінде тиісті мемлекеттік органдардың құзыреттілігін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Сервистік келісімшартты іске асыру құрылымы мынадай болып табылады. Екі ұзақ мерзімді сарапшы жергілікті қызметкерлердің қолдауымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мен оның менеджменті мәселелері бойынша көмек көрсететін болады. Ішінара жұмыс істейтін бір ұзақ мерзімді сарапшы реформаға жалпы басшылық бойынша көмек көрсететін болады. СПДК нысанындағы қысқа мерзімді сараптама талап ету бойынша ұсынылатын болады. Осы келісімшарттың бір бөлігі көрнекілікті қамтамасыз ету болып табылатын болады.
3) Гранттар (ең көбі 0,9 млн. евро). Гранттармен байланысты құрамдауыш, мемлекеттік органдар мен азаматтар/тұтынушылар арасында түпмәтінде үнемді мемлекеттік қызметке қол жетімділік пен сапасына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтің көрінісін және жауапкершілігін нығайтуға мүмкіндік береді.
11. Есептілік
Ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі есептілік бойынша талаптар ҚтК-ге қол қойылғаннан кейін ұсынылатын болады. Сервистік келісімшарттар мен грант беру туралы келісімшарттарға қатысты есептілік бойынша талаптар техникалық тапсырмада айқындалады. Бұл ретте, есептер БасКомға әрбір алты айда тапсырылатын болады.
Шоғырландырылған есеп ұсынылуы мүмкін.
12. Жобаның/Бағдарламаның бюджеті
Жобаның жалпы құны 10 млн. евромен бағаланады, оның 10 млн. евросы Еуропалық Одақ бюджетінен бөлінетін болады.
Санаттар |
ЕО салымы |
Бірлесе қаржыландыру (мемлекеттік емес қатысушылар) |
БАРЛЫҒЫ |
Еуро (000) |
Еуро (000) |
Еуро (000) |
|
№ 1 іс-шара: Орталық мемлекеттік аппараттың әкімшілік реформасының өткізілуіне көмек көрсету |
3,0 |
0 |
3,0 |
№ 2 іс-шара: Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға көмек көрсету |
2,9 |
0 |
3,0 |
№ 3 іс-шара: Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру |
2,4 |
0 |
2,4 |
Коммуникациялар/көрнекілікті қамтамасыз ету |
0,2 |
0 |
0,2 |
Негіздемелік келісімшарт |
0,6 |
0 |
0,6 |
Алдын ала көріп білмеген шығыстарға қаражат |
0,7 |
0 |
0,7 |
Мониторинг, сыртқы бағалау және аудит |
0,2 |
0 |
0,2 |
ЖИЫНЫ |
10,0 |
0 |
10,0 |
13. Жобаның/Бағдарламаның бюджетін игеру Шарттық міндеттемелер
ТЕ командасы ЕО-ның ҚР-дағы Өкілдігімен жасалатын сервистік келісімшарттар жолымен қалыптастырылатын болады. Сервистік келісімшарттардың шеңберінде оқып-үйрету және біліктілік арттыру, оның ішінде семинарлар, тренингтер, оқу тапсырмалары мен көрнекілікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өткізу көзделген.
Мониторингке, бағалауға және аудитке арналған келісімшарттар ЕО-ның ҚР-дағы Өкілдігімен сервистік келісімшарттар негізінде жасалатын болады.
Ынтымақтастық туралы келісімге жобаны іске асырудың ұсынылатын жоспарына Ұлттық Үйлестіруші мақұлдағаннан кейін ЭЫДҰ қол қоятын болады.
Күтілмеген шығыстарға арналған қаражат ЕО-ның ҚР-дағы Өкілдігінің жазбаша келісімімен тек қана Ұлттық Үйлестірушінің жазбаша мәлімдемесі негізінде пайдаланылуы мүмкін.
Шарттар (келісімшарт) бойынша барлық төлемдерді Бенефициардың атынан Еуропалық Комиссия жүзеге асырады.
14. Мониторинг және бағалау
Мониторинг
Жоба шеңберінде мониторинг бойынша мынадай талаптар көзделеді:
1. ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде жобаны іске асыру жөніндегі әріптес ҚШ жүргізумен және пилоттық мемлекеттік органдар ішіндегі кейінгі шараларға байланысты, ішкі әдіснамаға (мәселен, «Governance at a Glance» әдістемесі) негізделген басқарудың практикалық индикаторларының мониторинг тетігін ЕО-ның ҚР-дағы Өкілдігімен Премьер-Министр Кеңсесімен келіседі.
2. ТЕ командасы мемлекеттік қызметтің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің менеджмент сапасын арттыру үшін нәтижелілікті бағалау және мониторинг тетігін негізгі бенефициарлармен тығыз ынтымақтастықта әзірлейді және БасКомға ұсынады.
Индикаторлардың көрнекі жинағы қоса берілген қисынды шеңберге енгізілген. Салыстырмалы талдау мен дәл икемге келтіру жобаның бастапқы сатысында жүзеге асырылатын болады.
Еуропалық Комиссия нақты техникалық тапсырмалар бойынша тікелей жалдаған тәуелсіз консультанттар нәтижеге бағдарланған сыртқы мониторингті жүзеге асырады (жұмыстардың басталуы шамамен жобаның алтыншы айынан бастап, ал операциялық саты аяқталғанға дейінгі алты ай бұрыннан кешікпей аяқталады).
Бағалау
1) Еуропалық Комиссия нақты техникалық тапсырмалар бойынша тікелей жалдаған тәуелсіз консультанттар сыртқы бағалауды жүзеге асырады, атап айтқанда:
орта мерзімді бағалау;
қорытынды бағалау (қорытынды сатының басында);
іс жүзіндегі бағалау (мүмкін).
2) Бенефициар мен Еуропалық Комиссия орта мерзімді бағалау барысында жасалған тұжырымдар мен ұсынымдарды талдайды және қажет болған жағдайда, жобаның бағдарын өзгертуді қоса алғанда, кейінгі іс-қимылдар мен кез келген талап етілетін түзетулер туралы бірлескен шешім қабылдайды. Мониторинг және бағалау бойынша қалған миссиялар туралы есептер Бенефициарға ұсынылады.
3) Еуропалық Комиссия сыртқы миссиялардың басталуына дейін кем дегенде бір ай бұрын Бенефициарды хабардар етуге міндеттенеді. Бенефициар мониторинг және/немесе бағалау бойынша сарапшылармен тиімді ынтымақтасуға, оларға барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды беруге, сондай-ақ жоба іске асырылатын жерге және басқа да іс-шараларға рұқсат беруге міндеттенеді.
15. Ақпарат және көрнекілікті қамтамасыз ету
Ынтымақтастық туралы келісім, сервистік келісімшарт және гранттар беру туралы келісімдер іске асырылып отырған жобаның шеңберінде ЕО іс-қимылдарының көрнекілігінің қамтамасыз етілуі туралы ережелерді қамтитын болады. Сервистік келісімшартты іске асырудың бастапқы сатысының ішінде мердігер (келісімшартты) көрнекілігінің қамтамасыз етілуі бойынша жоспарды әзірлейді және БасКомға бекітуге ұсынады.
16. Қосымшалар
1-қосымша – Қисынды шеңбер.
1-қосымша – Қисынды шеңбер
Мемлекеттік секторды реформалау және жаңғырту: мемлекеттік
басқаруды жаңғыртуда Қазақстан Республикасының саясатын қолдау
Ортақ мақсат |
Жұмыстың объективті тексерілетін көрсеткіштері |
Тексеру көздері |
Болжам |
Елдің дамуының ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге және оны қамтамасыз етуге қабілетті заманауи және тиімді мемлекеттік секторды дамытуға ықпал ету. |
2020 Стратегиясының мемлекеттік сектор реформасына қатысты ережелері және тиісті іс-қимыл жоспарлары іске асырылуда және мониторинг тәртібі әзірленді. |
Жобалық шолулар Елдік есептер (мемлекет, ЕО, ДБ, ХВҚ, БҰҰДБ). БАҚ және ҒЗИ есептері. ЗАҢ және Үкіметтің басқа да көздері. "Басқару мәселелері". Индикаторлар. |
2020 Стратегиясының және Президенттің жыл сайынғы жоспарларының тиімді іске асырылуы. МСР таяудағы болашақта Үкіметтің күн тәртібінде басым болып қала бермек. |
Жобаның мақсаты |
Жұмыстың объективті тексерілетін көрсеткіштері |
Тексеру көздері |
Болжам |
Мыналарға ерекше назар аудара отырып: |
Бюджетін, секторлық үйлестіруді, мониторинг тәртібі мен институционалдық базасын көрсете отырып, мемлекеттік секторды реформалаудың кешенді стратегиясы әзірленді. |
Мемлекеттік есептер |
Қазақстанның Үкіметті мемлекеттік басқаруды жаңғырту жолын ұстанады. |
Нәтижелер |
Жұмыстың объективті тексерілетін көрсеткіштері |
Тексеру көздері |
Болжам |
R1 Мемлекеттік секторды реформалау үшін заңнамалық және институционалдық базаның сапасын арттыру. |
МСР саласында заңдар, стратегиялар, қаулылар және тиісті іс-қимыл жоспарлары қабылданған және жеңілдетілген. |
ЗАҢ және басқа да мемлекеттік ақпараттық қызметтер. |
Үкімет 2020 Стратегиясының тиісті ережелерін іске асыруды жалғастыруда. |
Іс-шаралар (шамалас және ішінара тізбе): |
|||
R2 Пилоттық министрліктердің салалық саясатты әзірлеу, іске асыру және оның мониторингі мен тиісті қызметтерге қатысты жұмыстарының тиімділігін арттыру. |
Пилоттық министрліктерде мемлекеттік басқарудың заманауи, бюджеттеу бойынша, жұмыс сапасын және түпкілікті нәтижеге бағдарланған ішкі аудитті басқару қағидаттарын институционалдық ресімдеу туралы шешім қабылданды. |
Мемлекеттік есептер. Іске асыру жоспарлары. ҒЗИ есептері. Жобалық есептер. Түпкілікті нәтижеге бағытталған бағалау және мониторинг есептері. Бенефициарлардың есептері. Қызмет көрсету жоспарлары. |
Премьер-Министр Кеңсесі пилоттық Министрліктерде деңгейлес және сатылас функционалдық шолулар әзірлеу және өткізу жолын ұстанып қалуда және пилоттық ведомстволардың жұмыстарын жеңілдетуге бағытталған кейінгі бақылау шараларын қабылдауда. |
Іс-шаралар (шамамен және ішінара тізбе): |
|||
5. Пилоттық ведомстволар үшін стратегиялық жоспарлау әдістемесі мен тетіктері туралы, бюджеттеу және реформаны іске асыруды қадағалау мәселелері бойынша оқыту, көмектесу және сараптамалық қолдау; TAIEX және осындай жобалар шеңберінде ҚР қатысуы мүмкін болатын қолайлы іс-шараларды анықтау. |
|||
R3 Тұтынушылардың мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуде сәйкестігін, қадағалау және қатысу деңгейін арттыру (МҚС) |
МҚС саласында қадағалау функциясын орындайтын органдар (атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет агенттігі) қадағалау, мониторинг және бағалаудың тиісті тетіктерін әзірледі және институционалдық ресімдеді. |
Әкімшілік қаулылар. Жобалық есептер. ҒЗИ есептері. Қатысушылардың есептері. Азаматтық қоғам есептері. Тұтынушылардың қанағаттану деңгейі туралы есептер. Бағалау есептері. Гранттық жобалардың есептері. |
Үкімет мемлекеттік қызмет стандарттарын жетілдіру жолын ұстанып қалуда. |
Іс-шаралар (жобалық және ішінара тізбе) |
|||
R4 Мемлекеттік қызметтің менеджмент жүйесін жаңғырту |
Жалдаудың, бағалаудың, қызметтік өсудің нәтижелілігіне негізделген жүйелерді жаңарту және енгізу. |
Әкімшілік шешімдер. Шолулар. Бенефициарлардың есептері. Жобалық есептер. Мониторинг және бағалау. ЗАҢ және басқа да мемлекеттік ақпараттық қызметтер. |
Мемлекеттік қызмет менеджменті мен оқудың жүйелері 2020 стратегиясында белгіленген ережелерге сай. |
2. Мемлекеттік қызметтің қолданыстағы менеджмент моделінің ағымдағы жай-күйін қайта қарау және кемшіліктерін талдау; ұсынымдар беру; жаңғырту саласында сарапшылық көмек көрсету; TAIEX және осындай жобалар шеңберінде ҚР қатысуы мүмкін болатын қолайлы іс-шараларды анықтау. |
|||
R5 Мемлекеттің қызметтің біліктілік жүйесін қызметін жаңғырту |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың жаңартылған жүйесі әзірленді және іске асырылуда. |
Әкімшілік шешімдер. Бенефициарлардың есептері. Жобалық есептер. Мониторинг және бағалау. Тренингтер туралы есептер. |
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академия өз оқу бағдарламаларына мемлекеттік басқару бойынша жаңғыртылған элементтерді енгізу жолын ұстанып қалады. |
Іс-шаралар (шамамен және ішінара тізбе): |