"Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 413 қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 334-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:

      11-тармақтын төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар 2015 жылғы

      1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Кеден одағына қатысушы елдерде шығарылған автокөлік құралдарын қоспағанда, осы талаптар 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.";

      12-тармақтын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында жасалатын жаңа автокөлік құралдары өтініш берушінің таңдауы бойынша "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында белгіленген 1-8, 10-схемалардың бірі бойынша сәйкестікті растаудан өтеді. Пайдалану мерзімі 3 жылдан аз, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім

      (1958 жылғы Женева келісімі) шеңберінде берілген, үлгіні мақұлдауды

      растайтын құжаты бар автокөлік құралдары "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген 9-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады