"Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 440 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 271 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2016 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 21, 304-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларында:
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20__ жылғы «___» «______» бастап 20__ жылғы «___» «________» аралығындағы кезеңде алынған (алынуға жататын) табыстарды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 151-1151-2151-3151-4151-5151-6151-7151-8151-9151-10-баптарында көрсетілген қызмет түрлерінен түсетін табыстарға жатқызу туралы растау-анықтаманы беруді сұраймыз (қажеттісінің астын сызу керек).».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады