"Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 838 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 456 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 838 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Тимур Сұлтанбекұлы Баймұханов Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері болып тағайындалсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады