"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы" мемлекеттік мекемесін қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 528 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы»
мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы және Қазақстан
Республикасы Үкіметінін кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 528 қаулысына баспасөз релизі

      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халыкты элеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесін кайта атау туралы жэне Казақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылгы 21 мамырдағы № 528 қаулысы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылгы 29 қазандағы №1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің 16-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі -Министрлік) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізуге міндетті.
      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасының кейбір заңнамалык актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Заңына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы құзыреттер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға берілді.
      Осыған байланысты, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды оқыту қажеттілігі туындайды.
      Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 9-5) тармакшасына сәйкес Министрлік зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кадрларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Министрлік өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыруға міндетті.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 69) тармағына сәйкес Министрлік еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру. мүгедектерді әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету жэне арнаулы элеуметтік кызметтер көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады.
      Еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қызметкерлер білуге тиіс қолданыстағы заңнама, үнемі өзгертіліп және жетілдіріліп отыратындықтан аталған саладағы тиісті мамандардың тұрақты негізде жүйелі түрде оқытуды және біліктілігін арттыруды жүргізу кажет.
      Соның ішінде. жаңа енгізілетін нормаларға мамандарды алдын ала дайындау қажет және жаңа нормаларды қатесіз және тиімді іске асыруға кепілдік беру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында талап етілетін білім беру керек.
      Жоғарыда айтылғандай, аталған қаулы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесін қайта атауды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізуді көздейді.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз