Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Pecпубликacының Парлaмeнтi Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи
монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12; 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-бапта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жария тыңдау - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) немесе оның шекті деңгейінің жобасын, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) баға жобасын депутаттарды, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып талқылау рәсімі;
4) инвестициялық бағдарлама - бір немесе бірнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған табиғи монополия және реттелетін нарық субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;»;
7) тармақша алып тасталсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) техникалық сараптама - өңірлік электр желілері компаниясының қолданысқа енгізілген активтерінің техникалық жай-күйін (техникалық сипаттамаларын) және активтерді жұмыс істеуі қалпында ұстауды қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізу қажеттігін, өндіріс технологиясының сәйкестігін қоса алғанда, технологиялық процестің тиімділігін, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін бағалауды, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша негізгі құралдардың қолданыста болу деңгейін және олардың дұрыс бөлінуін талдау;»;
мынадай мазмұндағы 32) және 33) тармақшалармен толықтырылсын:
«32) сарапшылық кеңес - табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметаларының жобаларына сараптамалар жүргізудің ашықтығын арттыру мақсатында уәкілетті органның жанынан құрылатын, құрамына тәуелсіз сарапшылар кіретін консультациялық-кеңесші орган;
33) тәуелсіз сарапшы - уәкілетті орган жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшесі болып табылатын, табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) және тарифтік сметаларының жобаларына сараптама жүргізу үшін жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар жеке тұлға;»;
2) 4-баптың 1-тармағында:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін транзиттеу және экспорты мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау жөніндегі;
2) тауарлы газды сақтау, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы оны транзиттеу және экспорты мақсатында оны тасымалдауды қоспағанда, жалғастырушы магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;»;
3) 5-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының почта туралы және магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгіленген;»;
4) 7-бапта:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынғаны үшін олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, он-лайн төлемдер және (немесе) терминалдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті органның талап етуі бойынша қаржы есептілігі мен өзге де қажетті ақпаратты табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап уәкілетті орган белгілеген бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде электрондық құжатты уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде орналастыру жолымен қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде беруге;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) акционерлік қоғамдар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін аудиторлық ұйымдар арқылы жыл сайынғы міндетті аудитті жүргізуге тиіс. Аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылдық қаржы есептілігі бекітілген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей табиғи монополия субъектісі өзінің қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға тиіс;»;
7-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және жағдайларда тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға негіздемелерімен бірге және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайын есеп беруге;»;
мынадай мазмұндағы 7-6) және 7-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-6) инвестициялық бағдарламаларды орындау барысы туралы тұтынушыларды жарты жылда бір рет өздерінің интернет-ресурстары арқылы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен хабардар етуге;
7-7) тарифтік сметаны орындау барысы туралы тұтынушыларды жарты жылда бір рет өздерінің интернет-ресурстары арқылы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен хабардар етуге;»;
14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) өңірлік электр желілері компаниялары үшін салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тарифті және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен техникалық сараптама қорытындыларын беруге;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға және инвестициялық бағдарламада көзделген қаражатты табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттауға;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол бермеуге;»;
22) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
«23) желілердің жүктелгендігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) желілері қуатының бар екендігі және өткізу қабілеті туралы ақпаратты өз интернет-ресурстарында, ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органның интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастыруға;
24) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтаруға міндетті.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 7-3), 10), 17), 18) және 23) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Табиғи монополия субъектісінің басшысы өзінің кандидатурасына қойылатын талаптарға сәйкес келуге, атап айтқанда:
1) тиісті дипломмен расталатын жоғары кәсіптік білімі;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттамалық расталған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету саласындағы басшылық қызметтерде кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуға міндетті.»;
5) 7-2-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 7-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің бағасына сараптама жүргізу кезінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жария тыңдау өткізуге міндетті.
Жария тыңдау электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісіне дәлелді қорытынды жіберілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өткізіледі.
Жария тыңдау өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымдарында жария тыңдау өткізілгенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей жариялауға міндетті.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган босатылатын бағалар туралы хабарламаны немесе ақпаратты немесе реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, реттелетін нарық субъектісіне уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша:»;
6) 7-3-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себебін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялы жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде немесе уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде уәкілетті органға хабарлауға;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) алдын ала төлеусіз нақты ұсынылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) үшін ай сайын ақы алуға;»;
6) 7-4-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) электрондық түрде - қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы қабылдаған күн болып табылады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы берілген электрондық түрдегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық түрде берілген кезде уәкілетті орган уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісіне қабылдағаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.»;
8) 13-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
9) 14-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;»;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) сарапшылық кеңес құруға және ол туралы ережені бекітуге;»;
10) 14-1-баптың 1-тармағында:
1) тармақшада:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерден бес пайыздан астам орындалмауы жағдайларында табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға келтірген залалын өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, егер шекті тарифтердің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейлері жылдар бойынша әртүрлі болған жағдайда, уақытша өтемдік тарифті жыл сайын бекітуге жол беріледі.»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Нақты (сандық және сапалық сипаттамаларымен) және (немесе) қаржылық көрсеткіштері инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) бекітілгеннен (не шекті бағаларда ескерілгеннен) төмен іс-шараларды іске асыру инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау деп түсініледі.»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуын өтінімді беру нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздеуге;»;
4) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдауды өткізуге;
4-1) өңірлік электр желісі компаниялары үшін өздері белгілеген тәртіппен техникалық сараптама жүргізуге;»;
5) тармақшаның бесінші абзацындағы «бекітудің тәртібін айқындауға;» деген сөздер «бекітудің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы жөндеу және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісудің;
сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеудің және есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтарудың тәртібін айқындауға;»;
11) 15-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
12) 15-2-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салыстырмалы талдау әдісі қолданылған тариф электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен оны есептеудің әдістемесіне сәйкес әрбір өңірлік электр желісі компаниясы үшін жылдарға бөле отырып, үш жылда бір рет бекітіледі және кейінгі екі жылда осы баптың 2-тармағында берілген ақпараттың негізінде оның қызметінің тиімділігі ескеріле отырып түзетіледі.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңірлік электр желісі компаниясы көрсетілетін қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (салыстырмалы талдау әдісі бойынша тарифтің қолданысы кезеңінде) шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты жыл сайын 31 тамыздан кешіктірмей беруге міндетті.»;
13) 15-3-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысанын және оның орындалуы туралы ақпараттың нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
Инвестициялық бағдарламада (жобада) бір немесе бірнеше инвестициялық жобаларды қамтитын техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ жаңа активтерін құруға бағытталған қаражат айқындалады.
Жаңа активтерді құруға арналған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілері алынған қаражатты тұтынушыларға табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) айқындалған бекіту тәртібіне сәйкес тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) ішінара төмендету жолымен қайтаруға міндетті.»;
3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) оны бекітуге ұсыну және оны орындау туралы ақпаратқа талдау жүргізу кезеңінде жылына бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен түзетеді.»;
14) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қарауға қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде өтінім береді.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметалардың және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген (қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) өтініммен бірге табыс етуге міндетті.»;
15) 17-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктері тартылады.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жария тыңдау жариялылықты, хабардарлықты, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің балансын сақтауды, тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастырудың ашықтығын және шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Жария тыңдауларды өткізудің тәртібін, мерзімдері мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
16) 18-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайтылған тәртіппен бекіткен күнінен бастап тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды жалпы тәртіппен қайта қарау үшін тоғыз айдан кешіктірмей өтінім беруге міндетті.»;
17) 18-1-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгіленген қызметті қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің осы Заңда рұқсат етілген өзге де қызметті жүзеге асыруына;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1)-4), 5) тармақшаларында көрсетілген іс-әрекеттерді жасау үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға осындай іс-әрекеттерді жүзеге асыруға келісім беру туралы өтінімді қағаз жеткізгіште немесе уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға оны жүзеге асырғанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын осы қызметті көрсететіні туралы хабарлама жіберуге міндетті.»;
18) 18-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Табиғи монополия субъектісін-заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуді, сондай-ақ оның қызметінің тоқтатылуын тіркеуді тіркеуші орган уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіште табиғи монополия субъектісі ұсынатын өтінішіне уәкілетті органның алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырады.»;
19) 18-4-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «қолдау принциптерін сақтай отырып өткізеді.» деген сөздер «қолдау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарын сақтай отырып өткізеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда табиғи монополия субъектісі сатып алуды бір көзден алу, екі кезеңдік рәсімдерді қолдану тендері, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, оның ішінде электрондық сатып алу арқылы жүзеге асыра алады.».
2. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 93-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат, 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат, 2014 ж., № 1, 4-құжат):
5-баптың 2-тармағының тоғызыншы абзацы алып тасталсын.
2-бап.
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті