"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 589 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы
Үкіметінің арасындағы шекара өкілдерінің қызметі туралы
келісімді ратификациялау туралы

      2000 жылғы 13 желтоқсанда Ташкентте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы шекара өкілдерінің қызметі туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы
Үкіметінің арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
      тату көршілік қатынастарды дамытуға және мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты қуаттауға ұмтыла отырып,
      мемлекеттердің өздерінің мемлекеттік шекараларын қорғау жөніндегі шаралар қабылдаудың мызғымас құқығын тани отырып,
      Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының шекаралық өкілдерінің шекаралық жанжалдар туындауының алдын алу ісіне, ал олар туындаған жағдайда - шұғыл тергеу жүргізуді және оларды реттеуді қамтамасыз етуге қатысу қажеттілігін атап өте отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының шекаралық өкілдері мен шекаралық өкілдердің орынбасарларын Тараптар немесе Тараптардың өзге құзыретті органдары тағайындайды. Тараптар шекаралық өкілдерді және шекаралық өкілдердің орынбасарларын тағайындау туралы, олардың тегін, атын және әкесінің атын, қызмет ету учаскелерін және болу орындарын көрсете отырып, дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне хабарлайды.
      Шекаралық өкілдердің орынбасарларының шекаралық өкіл міндеттемелерін орындау кезінде олар орынбасарлары болып табылатын шекаралық өкілдер сияқты құқықтары мен міндеттемелері болады.

2-бап

      Шекаралық өкілдер өз мемлекеттерінің заңдарына, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға, осы Келісімде анықталған өкілеттеріне сәйкес, сондай-ақ осы Келісімге қол қою күнінен кейінгі 30 күннің ішінде қол қойылатын Шекаралық өкілдер қызметінің учаскелері туралы хаттамада (№ 1 қосымша) анықталған қазақстан-өзбекстан шекарасының учаскелері шегінде бір-бірімен ынтымақтаса отырып, өз міндеттемелерін орындайды.
      Жазбаша өкілеттіктерді (№ 2 қосымша):
      Қазақстан Республикасының шекаралық өкілдеріне және олардың орынбасарларына Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы береді;
      Өзбекстан Республикасының шекаралық өкілдеріне және олардың орынбасарларына — Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекаралық қызметінің директоры береді.

3-бап

      Шекаралық өкілдердің қызметін қамтамасыз ету үшін көмекшілер, хатшылар, қызметтік корреспонденцияны қабылдау-жіберу жөніндегі уәкілетті адамдар тағайындалады, сондай-ақ сарапшылар мен басқа да тұлғалар тартылады.
      Шекаралық өкілдер көмекшілерінің жазбаша өкілеттіктерін, хатшылардың куәліктерін, шекара арқылы екі жаққа да өтуге арналған бір мәртелік куәліктерді (№ 3-5 қосымшалар) шекаралық өкілдер береді.

4-бап

      Шекаралық өкілдер өз қызметтері учаскелерінің шегінде:
      шекара жанжалдар туындауының алдын алу жөнінде және туындаған жағдайда оларды реттеу жөнінде қажетті шараларды қабылдайды;
      Тараптармен белгіленген мемлекеттік шекарадан өту ережелерінің сақталуын бақылайды және белгіленген тәртіпті бұза отырып, мемлекеттік шекарадан өтуді болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;
      тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, құндылықтардың, валютаның, сондай-ақ радиоактивті заттардың контрабандасына қарсы күрес жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
      адамдардың мүдделерін тану рәсімдеріне қатысады және қажетті жағдайда оларды тапсыру бойынша шаралар қабылдайды;
      табиғатты мемлекеттік басқару және қорғау жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік шекарадағы шаруашылық жұмыстардың және басқа да іс-әрекеттердің өткізілуін, сондай-ақ шекаралық суаттардағы су пайдалануды тиісті түрде бақылайды;
      өрттердің, эпидемиялардың, эпизоотиялардың және ауыл шаруашылық зиянкестердің мемлекеттік шекара арқылы таралуының қауіптіліктері туралы бір-біріне уақытылы хабарлайды;
      мемлекеттік шекара режимін сақтауға байланысты басқа да мәселелер шешеді.

5-бап

      1. Шекаралық өкілдердің бірлескен жұмыстары отырыстарда немесе кездесулерде әдеттегідей жүргізіледі. Шекаралық өкілдерінің уағдаласуы бойынша олардың орынбасарлары мен көмекшілерінің арасында да кездесулер өткізілуі мүмкін.
      2. Шекаралық өкілдерінің отырыстары мен кездесулері олардың қатарындағы бір өкілдің ұсынысы бойынша өткізіледі. Ұсыныста отырыстың немесе кездесудің күн тәртібі, қатысушылардың құрамы, отырысты немесе кездесуді өткізудің орны және уақыты көрсетілуі тиіс.
      Жекелеген жағдайларда шекаралық өкілдердің өзара уағдаласуы бойынша олардың отырыстарында немесе кездесулерінде бұрын талқылауға ұсынылмаған мәселелер қаралуы мүмкін.
      Отырысты немесе кездесуді өткізу туралы ұсынысқа мейлінше қысқа мерзімде шекаралық өкіл, осындай ұсынысты қызметтік корреспонденцияны қабылдау-жіберу жөніндегі уәкілеттілер қабылдаған сәттен бастап 48 сағаттан кешіктірместен жауап беруі тиіс. Бұл орайда, қосымша мәселелер, сондай-ақ отырысты немесе кездесуді өткізу туралы басқа мерзім немесе орын талқылауға ұсынылуы мүмкін.
      3. Шекара өкілі ұсынған отырысқа немесе кездесуге көршілес мемлекеттің шекара өкілі өзі келуі тиіс. Егер ол мүмкін болмаған жағдайда, отырысқа немесе кездесуге оның орынбасары келеді.
      4. Шекара өкілдерінің отырыстарына немесе кездесулеріне олардың орынбасарлары, көмекшілері, хатшылар немесе болуы қажет етілетін тұлғалар (сарапшылар, куәгерлер, зәбір шеккендер және басқалар) қатыса алады.
      Шекаралық өкілдер көмекшілерінің кездесулеріне хатшылар, сондай-ақ қажетті жағдайда сарапшылар және басқа да тұлғалар қатыса алады.
      5. Жеке кездесуді қажет етпейтін мәселелер хат алысу арқылы немесе байланыстың техникалық құралдарын пайдалану арқылы шешілуі мүмкін.
      6. Шекаралық өкілдер өзара уағдаласуы бойынша отырыстарында немесе кездесулерінде қабылданған шешімдерді орындау жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы бір-біріне хабарлайды.

6-бап

      Шекаралық өкілдерінің және олардың орынбасарларының жоспарланған отырыстары немесе кездесулері әдеттегідей Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының аумақтарында кезек тәртібімен өткізіледі, ал жоспардан тыс болатындары — өткізуді ұсынған Тарап мемлекетінің аумағында өткізіледі.
      Шекаралық өкілдер көмекшілерінің бірлескен жұмысы шекаралық өкілдердің тапсырмасы бойынша әдеттегідей кездесулер кезінде жүргізіледі. Шекаралық өкілдер көмекшілерінің қабылдаған шешімдері оларды тиісті шекаралық өкілдер бекіткеннен кейін күшіне енгізіледі. Шекаралық өкілдердің көмекшілері келісе алмаған мәселелер тиісті шекаралық өкілдердің қарауына беріледі.

7-бап

      Шекаралық өкілдердің отырысы немесе кездесуі қорытындысы бойынша бірлескен хаттама жасалады. Ол хаттамада отырыстың немесе кездесудің күн тәртібі, қатысушылардың құрамы, отырыстың немесе кездесудің жалпы барысы қабылданған шешімдер және оларды орындау мерзімдері көрсетіледі.
      Отырыстың, кездесудің хаттамасы екі данада, әр қайсысы орыс тілінде жасалады, сондай-ақ шекара өкілдерінің немесе олардың орынбасары болып табылатын тұлғалардың қолымен және елтаңбалық мөрлермен бекітіледі.

8-бап

      1. Шекаралық өкілдер өзара келісу негізінде кездесуді мемлекеттік шекарада өткізудің пункттерін, сондай-ақ қызметтік корреспонденциямен алмасудың, байланыстың техникалық құралдарын пайдаланудың пункттері мен тәртібін белгілейді. Қызметтік корреспенденцияны қабылдау-жіберу жөнінде уәкілетті адамдар қызметтік корреспонденцияны мемлекеттік шекарада қабылдауды және жіберуді тәулік бойы жүзеге асыруға міндетті.
      2. Шекаралық өкілдер ұсталған адамдарды, сондай-ақ үй жануарларын, мүлікті және адамдардың мүрделерін тапсыруды әрбір Тараптың мемлекеттік заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Осындай кез келген тапсырудың уақыты мен тәртібін шекаралық өкілдер жеке анықтайды.
      3. Шекаралық өкілдер өзара уағдаласу негізінде адамдарды, жануарларды, мүлікті, адамдардың мүрделерін, қызметтік корреспонденцияны қабылдау-жіберу кезінде, сондай-ақ осы Келісімнің ережелеріне сәйкес басқа да іс-қимылдар жасау кезінде ресімделінетін актілердің, қолжазбалардың және басқа да құжаттардың үлгілерін белгілейді.
      Шекаралық өкілдер, олардың орынбасарлары және көмекшілері адамдарды, жануарларды, мүлікті, адамдардың мүрделерін тапсыруды жүзеге асыра алады.

9-бап

      Осы Келісімге сәйкес өздерінің міндеттемелерін орындау үшін шекаралық өкілдер, олардың орынбасарлары, көмекшілер, хатшылар, қызметтік корреспонденцияны қабылдау-жіберу жөніндегі уәкілетті адамдар, сарапшылар және басқа да тұлғалар, осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде, ол үшін белгіленген пункттерде немесе келісілген жерлерде мемлекеттік шекарадан өтеді.
      Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес мемлекеттік шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарды жоғалтқан жағдайда, олардың иегерлері көршілес мемлекеттің шекара өкіліне осы туралы хабардар ететін өз мемлекетінің шекаралық өкіліне ол туралы дереу хабарлауға тиісті.

10-бап

      1. Шекаралық өкілдерге, олардың орынбасарларына, көмекшілеріне, хатшыларға, қызметтік корреспонденцияны қабылдау-жіберу жөніндегі уәкілетті адамдарға және сарапшыларға осы Келісімге сәйкес міндеттемелерін орындау кезінде басқа Тарап мемлекетінің аумағында жеке қол сұғылмаушылығы, сондай-ақ оларға жүктелген міндеттемелердің орындалуына қажетті құжаттарының және мүлігінің қол сұғылмаушылығы кепіл етіледі.
      Жоғарыда аталған лауазымды адамдар белгіленген нысандағы киімде болуы мүмкін және басқа Тарап Мемлекетінің аумағына бажсыз және салықтар мен алымдар салынбайтын жұмыс үшін қажетті заттарды азық-түлік тағамдарын, темекі бұйымдарын және дәрі-дәрмектерді апаруы мүмкін.
      2. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімді өз аумағында орындауға байланысты шығыстарды көтереді және де отырыстар мен кездесулерді өткізуге байланысты шығындарды аумағында олар өткізілетін Тарап мемлекеті көтереді.

11-бап

      Шекаралық өкілдер төмендегілер туралы ақпаратпен алмасады:
      мемлекеттік шекарадан заңсыз өту фактілері туралы;
      шекара арқылы адамдарды заңсыз тасымалдаумен, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, құндылықтардың, валютаның, сондай-ақ радиоактивті заттардың контрабандасымен айналысатын адамдардың іс-әрекеті туралы:
      мемлекеттік шекараның маңында адамдардың және жануарлардың қауіпті инфекциялық ауруының туындауы туралы, сондай-ақ ауыл шаруашылық және орман зиянкестерінің жаппай таралуы, өрттер және су тасқындары туралы;
      әрбір Тарап мемлекетінің қауіпсіздігіне және мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін ықтимал іс-қимылдар туралы, сондай-ақ шекаралық жанжалдарды ескерту жөнінде қабылданған шаралар туралы:
      мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз етуге әсер ететін басқа да мәселелер туралы.

12-бап

      Шекаралық өкілдер шекаралық жанжалдарды болдырмау бойынша ынтымақтасады, шекаралық жанжалдар бойынша тергеу жүргізеді және оларды шешеді, атап айтқанда:
      адамдардың қайтыс болуына немесе жарақат алуына, мүліктің бұзылуына және басқа да ауыр салдарға әкеп соқтырғандарды қоса алғанда, мемлекеттік шекара арқылы адамдарға және аумақтарға қарай оқпен атыс жүргізу;
      адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуі;
      жүзу және ұшу құралдарын пайдалану арқылы мемлекеттік шекараны бұзу;
      мемлекеттік шекарадан өту арқылы контрабандамен айналысу;
      Тараптардың шекаралық қызметтерінің лауазымды адамдарының қызметтік міндеттемелерін орындау кезінде мемлекеттік шекарадан кездейсоқ өтуі;
      табиғи немесе апаттық жағдайларға немесе басқа да мән-жайларға қатысты басқа Тарап мемлекетінің аумағына өткен мүлікті табу;
      шекаралық белгілерді немесе басқа да шекаралық құрылыстарды өз еркімен немесе кездейсоқ жылжыту, оларға нұқсан келтіру немесе бұзу;
      үй жануарларының мемлекеттік шекарадан өтуі;
      өрттердің мемлекеттік шекара арқылы таралуы;
      Тарап мемлекеттерінің мүдделерін қозғайтын, бірақ дипломатиялық арналар арқылы шешуді қажет етпейтін мемлекеттік шекара режимін бұзудың басқа да түрлері.

13-бап

      1. Осы Келісімнің 12-бабында көрсетілген шекаралық жанжалдар жағдайларын түсіндіруді келісілген тәртіпте шекаралық өкілдер жүргізеді. Шекаралық жанжалдарды бірлесіп тергеу шекаралық жанжал болған мемлекеттің аумағында шекаралық өкілдің басшылығымен жүзеге асады.
      2. Шекаралық жанжалдың бірлескен тергеулерінің қорытындылары бойынша акт, ал қажет болған жағдайда мәжілістің хаттамасына қосымша ретінде алынған басқа да құжаттар жасалады.
      3. Осы Келісімде берілген құзыреттер шегінде шекаралық өкілдер екінші Тарап мемлекеттің аумағында болған үй жануарларын, мүліктерді қайтару мәселелерін шешеді.
      4. Шекаралық жанжалдарды бірлесіп тергеу құқық сақтау органдарының құзыретіне жататын әрекеттердің орнын ауыстыра алмайды.
      5. Реттелуі бойынша шекаралық өкілдер келісімге келе алмаған шекаралық жанжалдар дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.

14-бап

      №№1-5 қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Тараптар аталған қосымшаларға өзгерістер енгізу туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін хабардар етеді.

15-бап

      Осы Келісім Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы қатысушылары болып табылатын басқа да қолданыстағы халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттеріне ықпал етпейді.

16-бап

      Тараптардың келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 18-бабында көзделген тәртіпте күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

17-бап

      Осы Келісімнің ережелерін орындау немесе қолдану барысында туындайтын кез келген келіспеушіліктер немесе даулы мәселелер Тараптардың арасындағы келіссөздер арқылы шешілетін болады.

18-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемелекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алу күнінен бастап күшіне енеді және бес жыл бойы күшінде болады. Егер Тараптардың ешқайсысы осы Келісімнің қолданыста болу мерзімі біткенге дейін алты ай ішінде жазбаша екінші Тарапты оның қолданысын тоқтату туралы өзінің ниетін жазбаша хабарламаса, ол өздігінен мерзімі аяқталған сайын келесі бес жылға ұзартылатын болады.

      Ташкент қаласында 2000 жылғы 13 желтоқсанда, әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсаттары үшін орыс тіліндегі мәтін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының             Өзбекстан Республикасының
          Үкіметі үшін                           Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Өзбекстан Республикасы    
Үкіметінің арасындағы шекаралық 
өкілдердің қызметі туралы келісімге
№ 1-қосымша            

ШЕКАРАЛЫҚ ӨКІЛДЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

      Мұқаба — Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы
      1 - бет - ӨКІЛЕТТІК
      2 — бет —
      3 — бет — Фотосурет, мөр, иесінің қолы
      4 - бет — 2000 жылғы    "___" _______ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісімнің негізінде
_____________________________________________________________________
                  (шені, тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан-Өзбекстан шекарасының _____________________________ бойынша
                                     (телімнің атауы)
______________________ шекаралық өкілі (шекаралық өкілдің орынбасары)
(мемлекеттің атауы)
болып тағайындалды.

_____________________________________________________________________
                              (шені, тегі)
      Жоғарыда аталған Келісімде көзделген міндеттемелерді орындау уәкілеттенеді және осыған орай Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан өтуге және ______________________________________________________ шекаралық
                    (мемлекеттің атауы)
белдігінде болуға құқылы.

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(өкілеттік қол қоюға құқы бар лауазымды адамның аты)
__________________________________________________________________
(шені, тегі, қолы)

      Мөрдің орны
      200_   жылғы            "___"      ___________

5 - бет - 4 беттік ______________________ тіліндегі мәтін
6-бет —
7-бет —
8-бет -

Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Өзбекстан Республикасы    
Үкіметінің арасындағы шекаралық 
өкілдердің қызметі туралы келісімге
№2-қосымша                

ШЕКАРАЛЫҚ ӨКІЛДІҢ КӨМЕКШІСІНІҢ ӨКІЛЕТТІГІ

      Мұқаба — Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы
      1 - бет - ӨКІЛЕТТІК
      2 — бет —
      3 — бет — Фотосурет, мөр, иесінің қолы
      4 - бет — 2000 жылғы    "___" _______ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісімнің негізінде
_____________________________________________________________________
                  (шені, тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан-Өзбекстан шекарасының _____________________________ бойынша
                                     (телімнің атауы)
______________________ шекаралық өкілі (шекаралық өкілдің орынбасары)
(мемлекеттің атауы)
болып тағайындалды.

_____________________________________________________________________
                              (шені, тегі)
      Жоғарыда аталған Келісімде көзделген міндеттемелерді орындау уәкілеттенеді және осыған орай Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан өтуге және ______________________________________________________ шекаралық
                    (мемлекеттің атауы)
белдігінде болуға құқылы.

ШЕКАРАЛЫҚ ӨКІЛ

__________________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
__________________________________________________________________
(шені, тегі, қолы)

      Мөрдің орны
      200_   жылғы            "___"      ___________

5 - бет - 4 беттік ______________________ тіліндегі мәтін
6-бет —
7-бет —
8-бет -

Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Өзбекстан Республикасы    
Үкіметінің арасындағы шекаралық 
өкілдердің қызметі туралы келісімге
№3-қосымша                

ХАТШЫНЫҢ КУӘЛІГІ

      Мұқаба — Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы
      1 - бет - КУӘЛІК
      2 — бет —
      3 - бет — Фотосурет, мөр, иесінің қолы
      4 - бет -2000 жылғы   "___" Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісімнің негізінде
      _______________________________________________________________
                        (шені, тегі, аты, әкесінің аты )
      Қазақстан-Өзбекстан шекарасының _______________________ бойынша
                                          (телімнің атауы)
____________________ шекаралық өкілінің _____________________________
(мемлекеттің атауы)                         (лауазымы)
болып табылады және Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан өтуге және
____________________ шекаралық белдігінде болуға құқылы.
(мемлекеттің атауы )

ШЕКАРАЛЫҚ ӨКІЛ

__________________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
__________________________________________________________________
(шені, тегі, қолы)

      Мөрдің орны
      200_   жылғы            "___"      ___________

5 - бет - 4 беттік ______________________ тіліндегі мәтін
6-бет —
7-бет —
8-бет -

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі арасындағы
шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының  Үкіметі,
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы келісімнің 2-бабына сәйкес,
      төмендегілерді белгіледі:
      Шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері:
      Қазақстан Республикасы тарапынан:
      Ақтау учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Ақтау қаласы) - Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікменстанның мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінен Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының Арал теңізінің шығыс жағалауына шығатын жеріне дейін;
      Қызылорда учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Қызылорда қаласы) - Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекараларының Арал теңізінің шығыс жағалауына шығатын жерінен Қазақстан- Өзбекстан мемлекеттік шекарасын Сырдария өзені кесіп өтетін жерге дейін;
      Сарыағаш учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Сарыағаш қаласы) - Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын Сырдария өзені кесіп өтетін жерден Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесіне дейін;
      Өзбекстан Республикасы тарапынан:
      Ташкент учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Ташкент қаласы) Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінен Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын Сырдария өзені кесіп өтетін жерге дейін;
      Үшқұдық учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Ташкент қаласы (уақытша) - Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын Сырдария өзені қиып өтетін жерден Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасының Арал теңізінің шығыс жағалауына шығатын жеріне дейін;
      Қарақалпақстан учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Нөкіс қаласы) - Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасының Арал теңізінің шығыс жағалауына шығатын жерінен Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікменстанның мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесіне дейін.
      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісіммен бір мезгілде өзінің қолданысын тоқтатады.
      Астана қаласында 2001 жылғы «16» қарашада әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының             Өзбекстан Республикасының
           Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Өзбекстан Республикасы    
Үкіметінің арасындағы шекаралық 
өкілдердің қызметі туралы келісімге
№4-қосымша                

ЕКІ ЖАҚҚА ДА ШЕКАРАДАН БІР ЖОЛҒЫ
ӨТУГЕ АРНАЛҒАН КУӘЛІК

      Мұқаба — Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы
      1 — бет — Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан бір жолғы өтуге арналған КУӘЛІК
      2 - бет - 2000 жылғы "____"    ______________________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісімнің негізінде

__________________________________________________________________
(шені, тегі, аты, әкесінің аты )

      Қазақстан-Өзбекстан шекарасының екі жағына да өтуге және
____________________________ шекаралық белдігінде болуға құқылы.
    (мемлекеттің атауы)

      Иесінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен жарамды.

      200_ жылғы      "___"      ______ ден
      200_ жылғы      "___"      ______ дейін жарамды

ШЕКАРАЛЫҚ ӨКІЛ

__________________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
__________________________________________________________________
(шені, тегі, қолы)

      Мөрдің орны
      200_   жылғы            "___"      ___________

3 - бет - 4 беттік ______________________ тіліндегі мәтін
4-бет —

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің өзбек тіліндегі мәтіні қоса берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады