Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге уақытша тыйым салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 606 қаулысы

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес Қазақстан Респубикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары
мен қалдықтарын және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге уақытша тыйым салу енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін;
      2) Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсыныстар енгізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күннің ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай бойы қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 606 қаулысына 
қосымша      

Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша әкетуге тыйым
салынған өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың
сынықтары мен қалдықтары және құрамында бағалы металдар бар
шикізат тауарлары

Р/с №

Тауардың қысқаша атауы

СЭҚ ТН коды

1.

Өңделмеген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түріндегі алтын (платинадан алынған гальваникалық қаптамасы бар алтынды қоса алғанда):
– монетарлық емес:
– – ұнтақ;
– – өзге де өңделмеген нысандарда:
– – – өзгелері (өңделемеген, сол сияқты тазартылған түрдегі, тазалығы лигатуралық салмақтың 1000 үлесіне қатысты 995 мың үлеске тең немесе одан артық, бұл 995 сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес түйіршіктелген алтынды қоспағанда)



7108 11 000 0

7108 12 000 9

2.

Бағалы металдардың немесе бағалы металдар жалатылған металдардың қалдықтары мен сынықтары; негізінен бағалы металдарды шығару үшін пайдаланылатын, құрамында бағалы металл немесе бағалы металдардың қосылыстары бар өзге қалдықтар мен сынықтары:
– – алтын жалатылған металды қоса алғанда, бірақ құрамында басқа да бағалы металдар бар қалдықтарды қоспағанда, алтын

7112 91 000 0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады