"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 628 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы
экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 94-құжат; 2003 ж., № 8, 79-құжат; № 49, 558-құжат; 2005 ж., № 32, 424-құжат; 2007 ж., № 3, 35-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; № 44, 495-құжат, 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2013 ж., № 7, 148-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақтың 11) тармақшасындағы «өндіру болып табылады.» деген сөздер «өндіру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12) электр моторлары, генераторлар, трансформаторлар, электр тарату және бақылау аппаратурасының өндірісі;
      13) электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптар өндірісі;
      14) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес қызмет түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
      2) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 344-құжат; 2008 ж., № 41, 455-құжат; 2013 ж., № 7, 148-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы басым қызмет түрлері:
      1) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;
      2) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын шығару;
      3) үлбірден және теріден тігілетін киімді қоспағанда, киім шығару;
      4) иірілген, тоқылған және әрлендірілген бұйымдар шығару;
      5) киімнен басқа, тоқыма емес бұйымдар шығару;
      6) кілемдер мен кілем бұйымдарын шығару;
      7) ағаш қоймалжыңын және целлюлоза шығару;
      8) қағаз және қатырма қағаз шығару;
      9) теріні илеу мен өндіруді, үлбірді өңдеу мен бояуды қоспағанда, тері өнімін шығару;
      10) жазу қағазы бұйымдарын шығару болып табылады.»;
      3) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 17-құжат.):
      аталған Жарлықпен бекітілген «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
      1) металлургия өнеркәсібі;
      2) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
      3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;
      4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді жасау;
      5) компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарды жасау;
      6) электр жабдықтарын жасау;
      7) химия өнеркәсібі өнімдерін жасау;
      8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
      9) құрылыс материалдарын және металл емес минералдық өнімдер жасау;
      10) гидравликалық жабдықты жасау;
      11) өзге сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;
      12) өзге де шүмектер мен бұрандаларды жасау;
      13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;
      14) плиталарды, пештерді және пеш оттықтарын жасау;
      15) көтеру және тасымалдау жабдықтарын жасау;
      16) қол электр құралдарын жасау;
      17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;
      18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;
      19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;
      20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындарды өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;
      21) центрифугаларды (қаймақайырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) жасау;
      22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;
      23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;
      24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;
      25) өзге де металл өңдейтін станоктарды жасау;
      26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;
      27) тау-кен өндіру өнеркәсібіне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;
      28) тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі бұйымдарын өндіруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
      29) тоқыма, тігін, үлбір және тері бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;
      30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;
      31) резеңкені, пластмасса мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау болып табылады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                                    Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады