"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасының Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) АЭА туралы ереже;

      2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) осы Жарлықтан туындайтын тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдауды;

      2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалауын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында және Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының іргелес жерінде орналасқан.

      АЭА-ның аумағы 595,01 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына алаңы 534,9 гектар "Металлургия-металл өңдеу" индустриялық паркі және алаңы 60,11 гектар № 1 "Кремний жазығы" қосалқы аймағы кіреді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.10.2015 № 95 Жарлығымен.

      2. АЭА:

      1) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;

      2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді кеңінен шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу саласын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      3) өндірілетін өнім түрлерін кеңейту және сапасын жақсарту;

      4) қазақстандық өнімнің өндіру мен өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне кірігуін жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау;

      5) тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістерді, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, жаңа өнім түрлерін шығаруды игеру;

      6) шикізатты тереңдете өңдеу жөніндегі өндірістерді және технологияларды құру мен жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      7) қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;

      8) құрылысқа инвестициялар тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің негізінде металлургия өнеркәсібін кешенді дамыту;

      9) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне енуін жандардыру үшін өңірді жедел дамыту;

      10) нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;

      11) әлеуметтік проблемаларды шешу және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында құрылады.

      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.11.2016 N 377 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. АЭА-ны басқаруды басқару органы — АЭА-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын басқарушы компания жүзеге асырады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      7. АЭА-ның қатысушыларына салық салу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Кедендік реттеу

      8. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі АЭА-ның барлық аумағында қолданылады.

      Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

      10. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.

      11. АЭА аумағында Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Кодексте белгіленген тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.

      12. ЕЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.

      13. АЭА аумағына әкелінген және еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерде орналасқан тауарлар ретінде қаралады.

      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. АЭА аумағындағы қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің және халықаралық табиғат қорғау және экологиялық стандарттардың талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылады.

6. АЭА-тың қатысушыларын құқықтық қорғау кепілдіктері

      16. АЭА қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңымен, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етілетін құқықтар мен мүдделерді қорғауға кепілдік беріледі.

7. АЭА-ны тарату тәртібі және мерзімдері

      17. АЭА оның құрылған мерзімі аяқталған соң таратылады.

      АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен таратылады.

      18. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Қорытынды ережелер

      19. Осы ережеде реттелмеген АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының және Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен бекітілген
  "Сарыарқа" арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША

"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.10.2015 № 95 Жарлығымен.
     


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің
нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол
жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

р/с

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері

(атауы)

Өлшем бірлігі

Негізгі кезең

(2012 жыл)

2015 жылға қол жеткізу,

оның ішінде

2020 жылға қол жеткізу,

оның ішінде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

-

7

3,5

80

40

1.1

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

-

4,9

2,45

56

28

1.2.

Отандық инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

-

2,1

1,05

24

12

2

Тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі

млрд. теңге

-

5,84

2,92

210,6

105,3

3

Қатысушылардың саны

компаниялар

-

8

4

14

7

4

Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлғалардың саны

адам

-

150

75

250

125

5

Жұмыс орындарының саны

адам

-

500

250

1 720

860

6

Өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі

%

-

18

9

40

20


      кестенің жалғасы

2025 жылға қол жеткізу,

оның ішінде

2030 жылға қол жеткізу,

оның ішінде

2037 жылға қол жеткізу,

оның ішінде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

9

10

11

12

13

14

210

105

345

172,5

372

186

147

73,5

214,5

120,4

260,4

130,2

63

31,5

103,5

52,1

111,6

55,8

895,1

447,55

1 904,0

952

4 212,6

2 106,3

19

10

24

12

30

15

300

150

325

162

400

200

4 000

2 000

6 000

3 000

10 000

5 000

50

20

60

30

70

35


      Ескертпе:

      индикатор көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген;

      есептеу кезінде 1 АҚШ доллары – 147 теңге бағамы қолданылған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады