"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 876 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 699 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2022 № 699 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 қазандағы
№ 876 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 632 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің
құрамы

      Қазақстан тарапынан:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының президенті (келісім бойынша)

      Халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан:

      Дүниежүзілік Банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы Ислам Даму Банкінің Өңірлік өкілдігінің директоры (келісім бойынша)

      Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан бойынша директоры (келісім бойынша)

      Азия Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры (келісім бойынша)

      Шығыс көршілер мен Орталық Азия елдеріне кредит беру жөніндегі Еуропа инвестициялық банкінің басқарушы кеңесшісі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады