Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 640 қаулысы

      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 4364578400 (төрт миллиард үш жүз алпыс төрт миллион бес жүз жетпіс сегіз мың төрт жүз) теңге сомасында ақша қаражаты мынадай жобаларды іске асыру үшін Астана қаласының әкімдігіне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін бөлінсін:
      1) «Астана қаласында «110 кВ ЭБЖ бар 110/20 кВ Олимп ҚС салу.  II кезек. 110 кВ-ЭБЖ» 1024218500 (бір миллиард жиырма төрт миллион екі жүз он сегіз мың бес жүз) теңге;
      2) «110 кВ-ЭБЖ-қайта жүргізе отырып, жабық 110/20 кВ «Аэропорт-Новая» ҚС салу». II кезек. 110 кВ ЭБЖ қайта жүргізу» 2026384200 (екі миллиард жиырма алты миллион үш жүз сексен төрт мың екі жүз) теңге;
      3) «110 кВ-ЭБЖ бар жабық 110/20 кВ «Бәйтерек» ҚС салу» I кезек» 1313975700 (бір миллиард үш жүз он үш миллион тоғыз жүз жетпіс бес мың жеті жүз) теңге.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2014.11.28 № 1256 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады