"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 640 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1256 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 640 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 4364578400 (төрт миллиард үш жүз алпыс төрт миллион бес жүз жетпіс сегіз мың төрт жүз) теңге сомасында ақша қаражаты мынадай жобаларды іске асыру үшін Астана қаласының әкімдігіне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін бөлінсін:».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады