Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі 2014 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 маусымдағы № 661 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі 2014 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары және өзге де ұйымдары (келiсiм бойынша):
      1) Кешенді жоспарды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
      2) Кешенді жоспарда белгіленген айдың 15-күнінен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі 25 шiлдеге және 25 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкiметiне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 14 маусымдағы
№ 661 қаулысымен    
бекітілген       

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі
2014 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары

Р/с

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны*

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжанатын шығыстар (млн. теңге)**

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің жаңа моделі

1

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру

құқықтық акт

ТҚҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы шілде

талап етілмейді

-

2

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында экономиканың осал салаларындағы проблемалық мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізу

талдамалық ақпарат

ТҚҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

қажеттілігіне қарай

талап етілмейді

-

3

Жұмыс істеп тұрған ғылыми-практикалық орталықтардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру

талдамалық ақпарат

ТҚҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы шілде

талап етілмейді

-

4

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасының (жаңа редакциясы) тұжырымдамасын әзірлеу

тұжырымдаманы Үкімет жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару

ТҚҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

-

5

Бейнеролик шығару және орналастыру, кітапшаларды, буклеттерді дайындау, тұтынушылардың білімі туралы телехабарды тарату, тұтынышылардың құқықтарын қорғау бойынша тоқсан сайын журнал шығару арқылы халықтың тұтынушылық сауаттылығын арттыру

талдамалық ақпарат

ТҚҚА

2014 жылғы желтоқсан

2014 ж. – 39,4 млн. теңге

Республикалық бюджет

6

«Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау» автоматтандырылған көпфунционалдық ақпараттық-коммуникативтік жүйесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына инвестициалық ұсыныс енгізу

ЭБЖМ, БАА-не инвестициялық ұсыныс

ТҚҚА

2014 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

Республикалық бюджет

2. Санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы тәуекелдерді басқару және қауіп-қатерді бағалау

7

Өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық паспортын әзірлеу және енгізу бойынша ұсыныстар дайындау

талдамалық ақпарат

ТҚҚА, ДСМ

2014 жылғы шілде

талап етілмейді

-

8

Тиісті өндірістік практика стандарттарына (GМР) сәйкес диагностикалық және иммундық-биологиялық препараттарды өндіру бойынша өндірістік кешенді құруға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу

ЭБЖМ-ге техникалық-экономикалық негіздеме жіберу

ТҚҚА

2014 жылғы қараша

2014 ж. – 16,4 млн. теңге

Республикалық бюджет

9

Орталық референс-зертхана (бұдан әрі – ОРЗ) қызметінің ғылыми-практикалық және зерттеу бағыттары жөнінде ұсыныстар дайындау

талдамалық ақпарат

ТҚҚА, БҒМ, АШМ

2015 жылғы қаңтар

талап етілмейді

-

10

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес зертханалық жағдайларда биологиялық кауіпсіздік және биологиялық қорғау жөнінде практикалық нұсқауды әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

ТҚҚА, ДСМ

2015 жылғы ақпан

талап етілмейді

-

11

Облыстық және республикалық деңгейде ауруларды қадағалау жөнінде Электрондық ықпалдастырылған жүйені енгізу

құқықтық акт

ТҚҚА, ДСМ

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

Қаржыландыруды америкалық тарап 2007 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР және АҚШ арасындағы келісімді іске асыру шеңберінде жүзеге асырады

12

ОРЗ ғимаратының құрылысын аяқтау

құқықтық акт

ТҚҚА, БҒМ, АШМ

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

Қаржыландыруды америкалық тарап 2007 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР және АҚШ арасындағы келісімді іске асыру шеңберінде жүзеге асырады

3. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау жүйесін реформалау

13

Бақылау және қадағалау қызметін өткізуге, оның ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жоспарлы тексерулерден бас тартуға жаңа тәсілдерді қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау

талдамалық ақпарат

ТҚҚА, ӨДМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы тамыз

талап етілмейді

-

14

Мына:
- Бас жоспарлардың және нақты жобалау жоспарларының жобаларын қоспағанда, жобаларға;
- жер учаскесін беруге;
- қызметтің басталғаны туралы хабарлау сипатында оларды ауыстыру жолымен елеусіз эпидемиологиялық тәуекел объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді алып тастау бойынша ұсыныстар дайындау

талдамалық ақпарат

ТҚҚА, ӨДМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы тамыз

талап етілмейді

-

15

Объектілердің гигиеналық және эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілердің тізбесін қайта қарау

талдамалық ақпарат

ТҚҚА, ӨДМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

-

16

Санитариялық қағидаларда белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны үшін жауапкершілік шараларын күшейту бойынша ұсыныстар дайындау

талдамалық ақпарат

ТҚҚА, ӨДМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

-

17

Кәсіпкерлік және тексеруге жататын субъектілерге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарды қысқартуға бағытталған Санитариялық қағидалардың жалпы құрылымы мен мазмұнын қайта қарау

талдамалық ақпарат

ТҚҚА, ӨДМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы қараша

талап етілмейді

-

4. Қазақстан Республикасында өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу

18

Ішкі нарықты қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғау саласында Сарапшылық кеңес құру

құқықтық акт

ТҚҚА, ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы шілде

-

-

19

Өнімдердің санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау

талдамалық ақпарат

ТҚҚА

2014 жылғы тамыз

талап етілмейді

-

20

ТҚҚА Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының жанында тәуекелдерді және сыни бақылау межелерін талдауды басқару жүйесі бойынша (НАССР) Орталық-Азиялық оқыту орталығын құру

құқықтық акт

ДСМ

2014 жылғы қараша

5,0 млн. тенге

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» Дүниежүзілік банктің жобасы шеңберінде

21

Кеден одағының Техникалық регламенттерінің көрсеткіштеріне сәйкестігіне зертханалық зерттеу номенклатурасын кеңейту

талдамалық ақпарат

ТҚҚА, ИЖТМ

2014 жылғы қараша

талап етілмейді

-

22

Зертханалық қызметтерді оңтайландыруды, тәуекелді бағалау және мониторинг орталығын құруды есепке ала отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелді бағалау және басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау

талдамалық ақпарат

ТҚҚА

2014 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

-

23

Алиментариус Кодексі негізінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ұйымдармен (БҰҰ ААҰ, ДСҰ) ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар енгізу

талдамалық ақпарат

ТҚҚА

2014 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

-

      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ақпарат осы қаулының 3-тармағына сәйкес ұсынылады
      ** Қаржыландыру көлемі тиісті кезеңге арналған «Республикалық бюджет туралы» Заң бекітілген кезде нақтыланатын болады

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ДСМ        – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ        – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ӨДМ        – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ИЖТМ       – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
             министрлігі
АШМ        – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ТҚҚА       – Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
             агенттігі
ҰКП        - Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады