"Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 691 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

«Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 310-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2012 ж., № 12, 224-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы, серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері және серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.»;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы, серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы, серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі — Мемлекеттік сыйлық және мемлекеттік сыйлықтар) ғылым, техника, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары тану болып табылады.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығы ғылымының серпінді бағыттарындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері үшін базалық технологияларды құруды қамтамасыз еткен және оларды экономиканың әртүрлі салаларында енгізу нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық әсер көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығы 2014 жылдан бастап беріледі.»;
      «Жыл сайын серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы жеті мемлекеттік сыйлығы беріледі.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия, Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссиялар) қарайды.
      Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
      Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жүзеге асырады.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Ғылым мен техника саласындағы, серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарға ұсынылатын ізденушілер ұжымы 8 адамнан аспауға тиіс.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Ғылым мен техника саласындағы, серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізіледі.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техника, серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдайды.
      Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдайды.
      Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы, серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстар сыйлық берілетін жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады.
      Мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған, келіп түскен жұмыстар комиссиялардың қарауына ұсынылады.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен омырау белгісінің сипаттамасында:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы:»;
      2-тармақтың төртінші және жетінші бөліктеріндегі «САЛАСЫНДАҒЫ», «В ОБЛАСТИ» деген сөздер алып тасталсын;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен омырау белгісінің сипаттамасына 2-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломына жапсырма беттің ішкі жағының бейнесі» деген кіші бөліктегі «САЛАСЫНДАҒЫ», «В ОБЛАСТИ» деген сөздер алып тасталсын;
      осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережемен толықтырылсын;
      осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамымен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                           Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2014 жылғы « »    
№ Жарлығына     
1-Қосымша      

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 381 Жарлығымен  
Бекітілген     

Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік
сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
      3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.
      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру

      5. Комиссияның төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес оның жұмысын жоспарлайды.
      6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын төрағаның бірінші орынбасары орындайды.
      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады.
      8. Комиссияның отырыстары оның төраға бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
      Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болады. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
      9. Комиссияның шешімі жасырын дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. «Құпия» деген белгісі бар жұмыстарды қарауда және олар бойынша шешім қабылдауда құпия жұмыстар мен мәліметтерге тиісті нысандағы рұқсаты бар Комиссия мүшелері ғана қатысады.
      Мемлекеттік сыйлық отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауысының жалпы санынан кемінде 50 пайыз дауыс алған жұмысқа беріледі.
      Егер жасырын дауыс берудің қорытындылары бойынша жетіден астам жұмыс отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауысының жалпы санынан кемінде 50 пайыз дауыс жинаса, онда мемлекеттік сыйлықтар ең көп дауыс санын жинаған жеті жұмысқа беріледі.
      Қажет болған жағдайда, бірдей дауыс жинаған, бірақ отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы дауыс санынан кемінде 50 пайыз дауыс жинаған жұмыстар бойынша қайта дауыс беруге рұқсат беріледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      10. Мемлекеттік сыйлық алуға Комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда, олар бұл жұмыстарды қарау кезінде Комиссияның жұмысына қатыспайды.
      Егер:
      1) жұмысы Комиссияда қаралып жатқан адамның жақын туысқаны болса;
      2) Комиссия мүшесі жұмысты қарау нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі деп санауға негіз болатын өзге жағдайлар болса, Комиссия мүшесі Комиссияның жұмысына қатыса алмайды.
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда Комиссия мүшесі отырыста Комиссия төрағасын хабардар етеді, бұл жағдайда төраға шешім қабылдайды.
      11. Комиссияның жұмыс органы:
      1) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      2) жыл сайын Комиссияның атынан Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау және оларға қойылатын талаптар туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      3) Мемлекеттік сыйлық алуға үміткерлерден жұмыстарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
      4) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      5) мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа, жұмыстардың атауларын, олардың авторларын және (немесе) осы жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімін кеңінен талқылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      6) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға келіп түскен пікірлерге талдау жүргізеді және олардың нәтижелерін Комиссияға ұсынады;
      7) Комиссияның отырысынан 10 күн бұрын алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындыларын оның қарауына енгізеді;
      8) Комиссия қарауының қорытындылары бойынша белгіленген тәртіппен Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын әзірлейді;
      9) Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдарын ресімдеуді, омырау белгілерін дайындауды, лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысын төлеуді қамтамасыз етеді.
      12. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2014 жылғы « »     
№ Жарлығына     
2-Қосымша      

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 381 Жарлығымен  
Бекітілген     

Серпінді ғылыми зерттеулері мен инновацияларды енгізгені үшін
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы мемлекеттік
сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - төраға
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары - төрағаның бірінші орынбасары
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі - төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, хатшы
      Комиссия мүшелері:
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы
      «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
      «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының президенті (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Энергетика және машина жасау» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы
      «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізатты және өнімді қайта өңдеу» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы
      «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы
      «Өмір туралы ғылым» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы

Әділов
Жексенбек Макейұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

Күрішбаев
Ақылбек Қажығұлұлы

-

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)

Ақшолақов
Серік Қуандықұлы

-

«Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Бектұрғанов
Нұралы Сұлтанұлы

-

Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, техника ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

Мансұров
Зұлхайыр Айтмұхаметұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жану проблемасы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, профессор, химия ғылымдарының докторы

Шоманов
ҮрішбаЙ Шоманұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бас ғалым хатшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

Шарманов
Төрегелді Шарманұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады