"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 723 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дамуға
ресми көмек көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат, 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      5-бапта:
      8-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында басқа мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру;»;
      6-бап мынадай мазмұндағы 27-3), 27-4), 27-5), 27-6), 27-7), 27-8), 27-9), 27-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «27-3) дамуға ресми көмек саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыру;
      27-4) дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік органдар және мемлекеттік заңды тұлғалар іске асыратын жобаларды әзірлеу;
      27-5) дамуға ресми көмек саласында бағдарламалық құжаттардың жобаларын әзірлеу және олардың орындалуы жөнінде ұсыныстар енгізу;
      27-6) дамуға көрсетілген ресми көмекті есепке алуды жүзеге асыру;
      27-7) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру;
      27-8) Қазақстан Республикасы Үкіметіне дамуға ресми көмектің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
      27-9) халықаралық қоғамдастық пен Қазақстан тұрғындарына дамуға жәрдемдесу және жаһандық проблемаларды шешу жөнінде Қазақстан Республикасы қабылдайтын шаралар туралы хабардар ету;
      27-10) әріптес елде дамуға ресми көмек көрсету жөніндегі жағдайдың мониторингін және оны талдауды жүзеге асыру.».
      2. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат):
      11-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) дамуға ресми көмек шеңберінде гуманитарлық көмектен және техникалық жәрдемдесуден басқа, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы;».
      3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат):
      4-бап мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) дамуға ресми көмек көрсету шеңберінде шет мемлекеттер аумағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады