"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 735 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат):
      1) 30-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына тікелей немесе жанама қатысу жолымен жүзеге асырылады.»;
      2) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының негіздері
      1. Мемлекет мынадай:
      1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғамның мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
      2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және оны күтіп ұстаған;
      3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және оның тиімділігін талдау үшін құрылатын ұйымдардың қызметтерін жүзеге асыру;
      4) тиісті тауар нарығында ұқсас не бірін-бірі алмастыратын тауарды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) іске асыратын жеке кәсіпкерлік (-тер) субъектісі (-лер) болмаған;
      5) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерінде тікелей көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
      Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, және мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі олармен аффилиирленген тұлғалар осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерімен ұсынылатын қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды құруға құқығы жоқ.
      2. Мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құру, мұндай құру сондай-ақ, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.
      Қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 1-тармағының талаптарын ескере отырып бекітеді.
      3. Акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда құру, мемлекеттік-жекешілік әріптестік негізінде жобаның өтемділігі кезеңін ескере отырып, кейіннен мемлекеттің (үлестерін) акцияларын сатумен монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген критерийлерге сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерге жататын олармен аффилиирленген тұлғаларды құруға, сондай-ақ мемлекеттің оларға қатысуына тыйым салынады.
      4. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы шешім қабылдайтын орган монополияға қарсы органға негізделген материалдарды монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша бере отырып, мұндай құру туралы өтінішхат береді.
      Монополияға қарсы орган өтінішхат келiп түскен сәттен бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру болжанатын тауар нарықтарын тексеруге, осы тауар нарықтарында бәсекелестiктiң даму деңгейi туралы, оның iшiнде осы тауар нарығында мемлекеттiк кәсiпорынның, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның, онымен аффилиирленген тұлғаның қатысу мерзiмi туралы қорытындыны дайындауға және өтінішхатты берген тұлғаға негізделген шешiмдi жiберуге мiндеттi.
      5. Монополияға қарсы орган, егер мұндай құру бәсекелестікті шектеуге әкеп соғатын болса, мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құруға келісім беруден бас тартады.
      6. Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғалар монополияға қарсы органның алдын ала келісімінсіз құрылған жағдайда, монополияға қарсы орган көрсетілген іс-әрекеттерге сот тәртібімен шағым жасайды.
      7. Осы баптың 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларға ғана қолданылады.»;
      3) 39-бап мынадай мазмұндағы 26-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «26-3) өзінің ресми сайтына, мемлекеттік құпиялардан тұратын ақпараттарды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қоспағанда, тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның жай-күйі талдауларын жариялайды;»;
      4) 47-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Монополияға қарсы орган жыл сайын тауар нарықтарына талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша иеліктен шығаруға жататын мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың тізбесін, оның ішінде мемлекет үлестерін көрсете отырып,  сондай-ақ, бәсекелестік ортаға беруге жататын қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.».
      2. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж. № 1, 9-бап; № 2, 10,12-құжаттар; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      1) 97-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Мемлекеттік кәсіпорын шешім қабылдаған кезден бастап екі жыл ішінде мүліктік кешен ретінде жекешелендірілмеген жағдайда, мұндай мемлекеттік кәсіпорын таратуға жатады.»;
      2) 98-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Акционерлік қоғамдардың акциялары және мемлекеттің қатысуы жүз пайызын құрайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестері шешім қабылдаған кезден бастап екі жылдың ішінде жекешелендірмеген жағдайда, мұндай заңды тұлғалар таратуға жатады.»;
      3) 133-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекет мынадай:
      1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғамның мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
      2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және оны күтіп ұстаған;
      3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және оның тиімділігін талдау үшін құрылатын ұйымдардың қызметтерін жүзеге асыру;
      4) тиісті тауар нарығында ұқсас не бірін-бірі алмастыратын тауарды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) іске асыратын жеке кәсіпкерлік (-тер) субъектісі (-лер) болмаған;
      5) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен тікелей көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
      Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, және мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі олармен аффилиирленген тұлғалар осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерімен ұсынылатын қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды құруға құқығы жоқ.»;
      4) 135-баптың 3-тармағы мынадай редакция жазылсын:
      «3. Республикалық мемлекеттік кәсіпорын бәсекелестікке қарсы органның және Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен басқа заңды тұлғаны құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
      Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның келісімімен басқа заңды тұлғаны құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
      Мемлекеттік кәсіпорын – табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен басқа заңды тұлғаны құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.».
      3. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      19-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жиырма бес және одан көп пайызы тапсырыс берушіге тікелей немесе жанама тиесiлi ұйымдардан, тапсырыс беруші акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жиырма бес және одан көп пайызы тікелей немесе жанама тиесiлi ұйымдардан, сондай-ақ, олардың қызметінің негізгі нысанасы бойынша құрылтайшылары тапсырыс берушілер болып табылатын мекемелерден осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы тендер өткізу, баға ұсыныстарының сұрату тәсілімен, тауар биржалары арқылы аукциондарда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығындағы сатып алулар өтпеді деп танылған жағдайда ғана сатып алуы мүмкін.».
      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады