"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 738 қаулысы

      Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2014.12.19 № 1342 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасы
         Премьер-Министрі                        К. Мәсәмов

                                                                 Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілісін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат, № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 5 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;):
      1) 237-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «237-1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасының талаптарын бұзу
      1. Құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің құрылыс салушы, жобалау компаниясы және құрылыс объектісі туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны тарату тәртібін бұзуы не құрылыс салушының, жобалау компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы –
      заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға әкеп соғады.
      2. Инжинирингтік компанияның тұрғын ғимарат (тұрғын үй) құрылысы барысына мониторингтің нәтижелері туралы есепті ұсынбауы және (немесе)оның тұрғын ғимарат (тұрғын үй) құрылысы барысына жүргізген мониторингі шеңберінде анықталған бұзушылықтар туралы хабарламауы –
      заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Үлестік қатысу саласындағы сарапшының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасында белгіленген қорытындыға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс объектісі бойынша анық емес қорытынды бергені және (немесе) үлестік құрылыс саласындағы сарапшының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамада белгіленген шектеулерді сақтамауы –
      жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету құқығына сарапшының аттестатын тоқтата тұрып, бір жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құрылыс салушының, жобалау компаниясының әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттері –
      заңды тұлғаларға үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың күші жойылып, төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, инжиниринг компаниясы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер –
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, үлестік құрылыс саласындағы сарапшының әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттері –
      жеке тұлғаларға үлестік құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыруға құқық беретін сарапшының аттестатынан айыра отырып, екі жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 541-баптың бірінші бөліктегі «237-1,» деген цифрлар «237-1 (үшінші, төртінші, алтыншы бөліктерінде),» деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
      3) 576-4-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің «237-1 (бірінші, екінші, бесінші бөліктерінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-2 (бiрiншi – үшінші бөлiктерiнде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің «237-1 (бірінші, екінші, бесінші бөліктерінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-2 (бiрiншi – үшінші бөлiктерiнде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
      4) 636-баптың бірінші бөліктің 1) тармақшасында:
      жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (231 (екінші бөлігі), 232, 233, 235 (екінші бөлігі), 235-1 (төртінші бөлігі), 237-1 (үшінші, алтыншы бөліктерінде), 278 (бірінші бөлігі), 356, 357-1-баптар);»;
      елу үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының (81 (екінші және үшінші бөліктері), 127 (екінші бөлігі), 163-6, 237-1 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-2 (төртінші бөлігі), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 309-5 (екінші бөлігі), 342, 342-1 (бірінші, үшінші бөлік, бесінші бөліктің екінші, үшінші абзацтары), 343, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346–352, 374-1, 375-баптар);».
      2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсатнама жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-баптың 50) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «50) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтерді көрсету – Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнамасында көзделген көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);»;
      2) 33-баптың 1-тармағының 8-1-тармақшасындағы «тәртібін сақтауының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады.» деген сөздер «тәртібін сақтауына;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы сарапшылардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманың талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады.».
      3. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж.,№ 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж. № 2, 11-құжат):
      14-баптың 7) тармашасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) сот үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттан айырғаннан кейін тұрғын ғимараттарды (тұрғын үйлерді) жарнамалауға тыйым салынады.».
      4. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсатнама жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      көрсетілген Заңға қосымшада:
      1-тармағы мынадай мазмұндағы 94-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «94-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында;»;
      2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында;».
      5. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 36-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      2) көрсетілген Заңға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын;
      3) көрсетілген Заңға 2-қосымшада:
      «1-сынып – «қызметке берілетін рұқсаттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 87-1, 87-2 - жолдармен толықтырылсын:
      «

87-1

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру

Облыстардың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты


87-2

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялардың кәсіби бірлестігін аккредиттеу

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялардың кәсіби бірлестігін аккредиттеу туралы куәлігі


                                                               »;

      «5-сынып – «жеке тұлғаларға кәсіптік қызмет үшін берілетін рұқсаттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 369-1-жолмен толықтырылсын:

      «

369-1

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында инжинирингтік қызмет көрсету құқығына сарапшыларды аттестаттау

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында инжинирингтік қызмет көрсету құқығына аттестат


                                                               ».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады