Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 195-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы 464-2 және 464-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «464-2-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу
      464-3-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын бұзу»;
      469-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «469-бап. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы»;
      471-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «471-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органы қызметкерінің (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адам) талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару»;
      473-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «473-1-бап. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын бұзу»;
      мынадай мазмұндағы 474-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «474-2-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұза отырып, жаңа көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру»;
      2) 51-бапта:
      3-1-бөліктегі «екі» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-2-бөліктегі «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 52-баптың бесінші бөлігі «көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 58-бапта:
      «463-1 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «463-1 (төртінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «463-4 (төртінші бөлігінде)» деген сөздер «463-4 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 461-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 462-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың
                белгiленген жылдамдығын арттыруы

      1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң көлік құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыруы –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден асатын шамаға арттыру –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      7) 463-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе
                  жолдың жүру бөлігін кесіп өту

      1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      8) 463-2463-3 және 463-4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «463-2-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу

      1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде
                 орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу
                 қағидаларын бұзу

      1. Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не оның арасынан орын алу –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Егер бұл жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу –
      бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      463-4-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру
                 қағидаларын бұзу

      1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      9) мынадай мазмұндағы 464-2 және 464-3-баптармен толықтырылсын:

      «464-2-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау
                  қағидаларын бұзу

      1. Жеке тұлғалардың көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзуы –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      біліктілік куәлігінен айыруға әкеп соғады.
      3. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзуы –
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      464-3-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі
                 саласындағы заңнамасын бұзу

      1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерге бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын кәсіптік бірлестіктердің белгіленген мерзімде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұрып, жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрған себептерді жоймау –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлігінен айыруға әкеп соғады.
      4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аккредиттеу туралы куәліктен айыруға негіздер болып табылатын талаптарын бұзуы –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлігінен айыруға әкеп соғады.
      5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      10) 467-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «467-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,
                есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң
                күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын
                алкогольдік, есірткілік және (немесе)
                уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына
                беру

      1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру –
      үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан нақ сол әрекеттер –
      төрт жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер –
      бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер –
      жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер –
      жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Жүргізушінің (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық) масаң күйде болуы осы Кодекстің 629-бабының үшінші бөлігінде айқындалған тәртіппен анықталады.»;
      11) 469-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «469-бап. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты
                міндеттерді орындамауы

      1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, өзi қатысушы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы –
      бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адам жасаған нақ сол әрекеттер –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.»;
      12) 471-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «471-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау
                органдары қызметкерінің Қазақстан
                Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
                автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және
                Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік
                бақылау бекеттерінде, әскери полиция органы
                қызметкерінің (тек қана әскери көлік құралын
                басқаратын адамның) талаптарын орындамау,
                алкогольдік, есірткілік және (немесе)
                уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден
                жалтару

      1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдары қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
      бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға, ал мұндай құқығы жоқ не одан айырылған адамдарға қатысты жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
      айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау –
      үш жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      7. Осы баптың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер –
      жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекет –
      жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Жүргізушіні ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жүргізушінің және жолаушылардың (жолаушының) көлік құралы кабинасынан (салонынан) кетіп қалуы, сондай-ақ олардың көлік құралы кабинасынан (салонынан) шығу туралы талаптарды орындамауы –
      жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Нысанды киім киген ішкі істер (полиция), көліктік бақылау, әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы талабы ысқырып сигнал берумен бір мезгiлде қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беру арқылы не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигналдар жүргiзушiге түсiнiктi болуға және оларды орындау авариялық жағдай туғызбайтындай болуы үшін дер кезiнде берiлуге тиiс.»;
      13) 473-1-баптағы «техникалық байқаудан», «техникалық байқау», «Техникалық байқау» деген сөздер тиісінше «техникалық қарап тексеруден», «техникалық қарап тексеру», «Техникалық қарап тексеру» деген сөздермен ауыстырылып, тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      «473-1-бап. Механикалық көлік құралдары мен олардың
                  тіркемелерін міндетті техникалық қарап
                  тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу
                  қағидаларын бұзу

      1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын мынадай түрде бұзу:
      техникалық қарап тексеру операторының қызметіне тексеру жүргізу кезінде белгіленген, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйіне сәйкес келмейтін параметрлерді көрсете отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын беру;
      міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тарту;
      механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді табыс етпеу;
      техникалық қарап тексеру орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу;
      қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы халыққа ақпарат бермеу;
      міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесін бұзу;
      техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеруден өткізбей, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын беруі;
      міндетті техникалық қарап тексеруді бақылау-диагностикалық жабдықты пайдаланбай не ақаулы және (немесе) өлшеп тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалана отырып өткізу;
      техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген күннен бастап алты ай ішінде күнделікті жазба бейне файлдарының мұрағаттық сақталуын қамтамасыз етпеуі;
      міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу рәсімін бейне тіркеудің не техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында көлік құралын фото тіркеудің болмауы;
      техникалық қарап тексерудің бекітілген нысанға сәйкес келмейтін диагностикалық картасын жасау және беру;
      механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізбеу, сол сияқты анық емес және (немесе) толық емес енгізу;
      техникалық қарап тексеру орталығының өндірістік үй-жайы мен аумағының мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сай келмеуі –
      дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      14) мынадай мазмұндағы 474-2-баппен толықтырылсын:

      «474-2-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын
                  талаптарды қамтамасыз ету саласында
                  белгіленген нормаларды бұза отырып, жаңа
                  көлік құралдарының сәйкестігін растайтын
                  сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды
                  тану не беру

      1. Жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру үшін негіз болған көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұза отырып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру –
      бір жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан нақ сол әрекеттер –
      екі жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, денеге жеңіл және орташа ауырлықта зақым келтіруге әкеп соққан әрекеттер –
      үш жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      15) 541-баптың бірінші бөлігінде:
      «463-3 (бесінші бөлігінде)» деген сөздер «463-3 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «464-2 (екінші бөлігінде), 464-3 (екінші – төртінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      «469» деген цифрлар «469 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «471 (бірінші, екінші, төртінші – он бірінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «474-1,» деген цифрлардан кейін «474-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      16) 543-бапта:
      бірінші бөлікте:
      «463-3 (бірінші – төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «463-3 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «464-1 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «464-2 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 464-3 (бірінші, бесінші – жетінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      «468 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «469 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      «471 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «471 (үшінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «474 – 476» деген цифрлар «474, 475, 476» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      6) тармақшада:
      «463-1 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «463-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде)» деген сөздер «463-3 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 463-4 (төртінші – алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «464-1 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «464-2 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 464-3 (бірінші, бесінші – жетінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      «471 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «471 (үшінші және он үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада:
      «463-3 (бірінші – үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «463-3 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «464 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «465 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      «467-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «469 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      «470 (бірінші, үшінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «471 (он екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 556-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң
                органдары

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары осы Кодекстiң:
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдары жүргізушілеріне (әскери қызметшiлерге және жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге) қатысты 461 (бірiншi – үшінші, төртiншi – сегізінші бөлiктерiнде), 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 466 (бірiншi бөлiгiнде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (үшінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 474, 475 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 476, 477 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 483;
      2) 503505 – 512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) осы Кодекстiң 503, 505 – 512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары;
      2) осы Кодекстiң 476-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын басқаратын адамдарға) ескерту түрінде – белгіленген тәртіппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған әскери полицияның лауазымды адамдары құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері – әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, сол үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк жаза ретiнде айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция кiнәлiлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртiптiк жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері – әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, сол үшін көлiк құралын басқару құқығынан айыру не әкімшілік қамақ түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн бұзушылықтар туралы хаттамаларды әскери полиция сотқа жiберу үшiн жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiлеген тәртiппен бередi.
      Әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерден басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері жасаған, сол үшін айыппұл, көлiк құралын басқару құқығынан айыру, әкімшілік қамақ түрiнде әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн бұзушылықтар туралы хаттамаларды әскери полиция қарау не сотқа жiберу үшiн жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiлеген тәртiппен бередi.»;
      18) 620-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдары жүргізушілері немесе оларды басқаратын басқа да адамдар жол жүрісі қағидаларын бұзған жағдайда – әскери полицияның лауазымды адамдары;»;
      19) 630-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:
      «463-4 (үшінші, төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «463-4 (үшінші – алтыншы бөліктерінде) деген сөздермен ауыстырылсын;
      «471 (екінші бөлігінде)» деген сөздер «471 (бірінші, үшінші – он бірінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      екінші абзацта:
      «463-3 (бесінші бөлігі)» деген сөздер «463-3 (үшінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «464-1 (бірінші және екінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «464-2 (екінші бөлігі), 464-3 (екінші – төртінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
      «469» деген цифрлар «469 (екінші және үшінші бөліктері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «471 (1-2 және екінші бөліктері)» деген сөздер «471 (бірінші, екінші, төртінші – он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «474-1,» деген цифрлардан кейін «474-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының: әскери полицияның (әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы (461 (3-1-бөлiгi), 463-3 (үшінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469 (екінші және үшінші бөліктері), 471 (бірінші, төртінші – он бірінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474-1, 475 (үшінші бөлігі), 484 (бірінші бөлігі)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын басқаратын адамдар (әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерден басқа) жасаған барлық жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар туралы);»;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «әскери полиция органдарының (388, 389-1, 512-1 – 512-5-баптар);»;
      жиырма тоғызыншы абзацтағы «көлiк бақылау», «471 (1-1-бөлігі)» деген сөздер тиісінше «көліктік бақылау», «471 (екінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;».
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
      115-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) автомобиль жолдарына, көлік құралдарына арналған тұрақтар мен орынтұрақтарға, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар мен ғимараттарға;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекара, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бойынан бөлінген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.».
      3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
      324-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
      Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде беруге міндетті.».
      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 54-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындауға ақы төлеуді қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;»;
      2) 55-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындауды қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;».
      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 367-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
      1) жеңiл автомобильдерге:
      В санатындағы (ВЕ, В1 қоса алғандағы) автомобильдер;
      жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (автомобиль-пикаптар);
      рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатына (ВЕ қоса алғанда) қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;
      2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, жүк автомобильдерiне С санатындағы (СЕ, С1Е, С1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады;
      3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгiленбесе, арнайы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдығы бар автомобильдер жатады;
      4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, автобустарға D санатындағы (DЕ, D1Е, D1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады.»;
      2) 540-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мыналарды:
      жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн – 125 пайыз;
      көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн – 125 пайыз;
      автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 280 пайыз;
      автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 13 700 пайыз;
      автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 22 800 пайыз;
      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 140 пайыз;
      көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн – 35 пайыз;
      техникалық қарап тексерудің халықаралық сертификатын бергенi үшiн – 50 пайыз;».
      6. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
      17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «17-бап. Қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң
               құпиялылығын қамтамасыз ету

      Қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін органның шешiмi бойынша сол орган айқындайтын мерзiмге қорғалатын адамдардың жеке басы, олардың тұрғылықты жерi туралы деректердiң және мекенжай бюроларынан, төлқұжат қызметтерiнен, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнен, автоматты телефон байланысының анықтама қызметтерiнен және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, басқа да ақпараттық-анықтамалық қорлардан олар жөнiнде өзге де мәлiметтердiң, мұндай мәлiметтер басқа қылмыстық iс жүргiзуге байланысты белгiленген тәртiппен анықталатын жағдайларды қоспағанда, берiлуiне тыйым салынуы мүмкiн.».
      7. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) аумақтық көліктік жоспарлау – аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау, ол көліктің барлық түрлерінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін трассалауды жоспарлауды да қамтиды;»;
      19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-1) көше-жол желісі – қызыл сызықтармен шектелген және көлік құралдарының, велосипедтер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне, инженерлік коммуникациялар салуды және төсеуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумақтары қатынас жолдарының құрамдас бөлігі ретінде олардың көлік, велосипед және жаяу жүргіншілер байланыстарын қамтамасыз етуге арналған, елді мекендер аумақтарының бір бөлігі болып табылатын көлік инфрақұрылымының объектісі. Көшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, өтпелер, жағалаулар, алаңдар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары көше-жол желісінің негізгі элементтері болып табылады;»;
      мынадай мазмұндағы 19-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-2) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория. Күзетілетін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;»;
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) қала құрылысы қызметi (бұдан әрi – қала құрылысы) – қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын, қала құрылысын жоспарлауда аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастырудағы және дамытудағы, оларды аумақтық көліктік жоспарлаудағы және жол жүрісін ұйымдастырудағы, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындаудағы, қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлаудағы қызмет;»;
      2) 3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттiк мүдделердi – тұтастай алғанда, өңірлерді, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, аумақтық көліктік жоспарлауды және жол жүрісін ұйымдастыруды, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлiк және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегі қоғам мүдделерiн;»;
      3) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      «9-1-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету
                жөніндегі талаптар

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс кызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету шарттарына негізделуге тиіс.
      Осы талаптарды орындау жөніндегі шаралар аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі жобалау құжаттамасында көрсетілуге тиіс.
      2. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiндегi жобалардың бөлiмдерi (бөлiктерi) енгiзiледi.
      Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiндегi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасының талаптарын (шарттарын, шектеулерiн) орындау жобаларды iске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
      3. Елді мекендер мен аумақтар аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі кешенді жобалау құжаттамасымен қамтамасыз етілуге тиіс.
      4. Елді мекендерде жол-көлік оқиғалары және жолдар мен көшелердің өткізу қабілеті мониторингінің нәтижелері мемлекеттік қала құрылысының кадастрында базалық деңгейде көрсетіледі.
      5. Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі жобалардың бөлімдерінде (бөліктерінде) құжаттардың мынадай түрлері қамтылады:
      1) кешенді схемалардың, бас жоспарлардың көліктік бөлімдерін әзірлеу үшін негіздейтін материалдар (жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі тұжырымдамалық ұсыныстар, кешенді көліктік схемалар, зерттеулер мен болжамдар) – көлік жүйелерінің жұмысын, жол-көлік оқиғаларының ошақтары мен себептерін зерттеуді, бұрын әзірленген жобалық шешімдерді күтілетін авариялық деңгейі бойынша бағалауды орындайды, көлік жүктемесін қайта бөлу, көше-жол желісін қайта сыныптау, көше-жол желісінің жаңа учаскелерін салу, жол жүрісін шектеу есебінен жол-көлік оқиғаларын азайту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      2) кешенді көлік схемасы – жеке және қоғамдық көлік арасындағы көлік жұмысының көлемдерін бөлуді орындайды, көше-жол желілерін және қоғамдық көлік желілерін, көшеден тыс жылдамдық қозғалысының желілерін дамыту бойынша кешенді шешімдер ұсынады;
      3) көше-жол желісінің бас схемасы – аумақтық жоспарлау құжаттарына (аумақтық жоспарлау схемаларына және бас жоспарларға) сәйкес тиімді әрі қауіпсіз көше-жол желісін дамыту міндеттерін іске асырудың қаржылық-экономикалық аспектілерін белгілейді;
      4) көше-жол желісін ұйымдастыру жобасы – магистральдық көше-жол желісінің берілген құрылымын іске асырады, жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету шартымен көшелердің, жолдар мен тораптық элементтердің, көлденең және бойлық қималардың, тораптардағы жол жүрісі схемаларының орналасатын жерлерін айқындайды. Көшелер мен жолдарды орналастыру үшін қажетті аумақтарды айқындайды;
      5) жолдарды жоспарлау жобасы – жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, бөлінген жерлердің (қызыл сызықтардың), резервке қалдырылған аумақтардың шегінде көшелер мен жолдардың негізгі элементтерінің орналасатын жерлерін айқындайды;
      6) жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасы – көше-жол желісін ұйымдастырудың қабылданған жобасы мен көшелерді жоспарлаудың қабылданған жобалары шеңберінде жол жүрісін ұйымдастыру жүйесін қоғамдық көліктің жол жүрісімен өзара байланыстыра отырып, айқындайды.
      6. Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру үш сатыда жүзеге асырылады:
      бірінші сатыда ағымдағы көлік жағдайына зерттеулер жүргізіледі, көлік жағдайының ұзақ мерзімді перспективаға арналған өзгеру болжамдары орындалады, аумақтың көлік тірегін дамыту мүмкіндіктеріне баға беріледі және бірінші кезегін бөліп көрсете отырып, ұзақ мерзімді перспективаға арналған жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі тұжырымдамалық ұсыныстар қалыптастырылады. Бір жүз мыңнан астам тұрғыны бар қалалар, көлік жағдайы күрделі басқа да қалалар үшін кешенді көлік схемалары әзірленеді;
      екінші сатыда зерттеу нәтижелері, тұжырымдамалық ұсыныстар және кешенді көлік схемалары негіздейтін материалдар ретінде ресімделеді және Қазақстан Республикасының және жекелеген өңірлердің (облыстың немесе оның қандай да бір бөлігінің) аумағын аумақтық жоспарлау схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу шеңберінде қаралады. Аумақтық жоспарлау схемаларының және бас жоспарлардың басқа да материалдарымен өзара байланыстырылған жол жүрісін ұйымдастырудың бас схемалары көрсетілген құжаттарды әзірлеудің нәтижесі болып табылады;
      үшінші сатыда жол жүрісін ұйымдастыру бас схемаларының негізінде жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемалары әзірленеді.
      7. Көше-жол желісін ұйымдастыру жобасы бас жоспар (аумақтық жоспарлау құжаты), жолдарды жоспарлау жобасы мен жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасы арасындағы өзара байланыстырушы буын болып табылады.
      8. Жолдарды жоспарлау жобасы жекелеген тораптарда жол жүрісін ұйымдастыру жобасын әзірлеуге негіз болып табылады.
      9. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау мынадай:
      жол жүрісі қарқындылығының ұлғаю перспективасын ескере отырып, жолдардың қажетті өткізу қабілетін;
      жолдарды интеллектуалды көлік жүйелерімен;
      қоғамдық көліктің кедергісіз әрі қауіпсіз жүруін, оның ішінде оларға жүру үшін жекелеген жолақтарды бөлу арқылы;
      велосипедтердің кедергісіз әрі қауіпсіз жүруін, оның ішінде оларға жекелеген велосипед жүретін жолақтарды не велосипед жолдарын бөлу арқылы;
      жолдарды трасса бойындағы медициналық-құтқару пункттерімен жарақтандыруды;
      жаяу жүргіншілер өткелдерімен қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай болуға тиіс.»;
      4) 42-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы:
      1) стратегиялық және экономикалық жоспарлаудың ережелеріне сәйкес өндiргiш күштердi жайғастыру мен орналастырудың негiзгi қағидаттарын;
      2) табиғатты ұтымды пайдаланудың және шаруашылық қызметтiң, республикалық маңызы бар өндiрiстiк, көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың негiзгi ережелерін;
      3) өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи-мәдени мұра объектiлерi және (немесе) қорғалатын ландшафттық объектiлерi бар аумақтарды сақтау жөнiндегi негiзгi шараларды;
      4) табиғи және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердiң немесе қысылтаяң табиғи-климаттық жағдайлардың әсерiне ұшыраған ерекше қорғалатын аумақтарды, пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру үшiн пайдалану немесе пайдалануды шектеу түрлерiн;
      5) аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды қамтиды.»;
      5) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзiрленедi, екi және одан көп облыстың (не олардың бөлiктерiнiң), сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің шекараларын есепке алмай, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аудандардың аумақтарындағы өзара келiсiлген (шоғарландырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн қызмет етедi және:
      1) жоспарланатын аумақты аймақтарға бөлудi;
      2) аумақты қала құрылысына игеру мен дамытуды;
      3) өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндiргiш күштердi, өндiрiстiк, көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру мен орналастыру жүйесiн кешендi дамыту жөнiндегi шараларды;
      4) табиғатты ұтымды пайдалану, ресурстармен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды;
      5) аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі шараларды айқындайды.»;
      6) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кешендi схемаларда осы өңірдегі елдi мекендердiң, қала маңы аймақтарының шекараларын белгiлеу, резервтiк аумақтарды қоса алғанда, аумақты кешендi дамыту үшiн ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар қамтылуға тиiс.»;
      7) 47-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көліктік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;»;
      8) 49-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Тұрғын аймақ көлік құралдарына арналған тұрақтармен және орынтұрақтармен, пәтерлердің санына сәйкес қажетті орынтұрақ алаңымен, балалар және спорт алаңдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.».
      8. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 4-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның келісуімен облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде жол беріледі.»;
      2) 9-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудің жерлерi жол органдарының немесе концессионерлердiң иелiгiнде және пайдалануында болады әрі автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана арналады.
      2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекара, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бекеттерді қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.»;
      3) 14-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Автомобиль жолдарын дамыту ісін жоспарлауды мемлекеттік органдар, шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдарын басқарушылар бекітілген республикалық және өңірлік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Елді мекендердің көше-жол желісін дамыту ісін жоспарлауды тиісті жергілікті атқарушы органдар көлік құралдарының тұрақтары мен орынтұрақтарын ұйымдастыру үшін міндетті түрде жер бөле отырып, жүзеге асырады.»;
      «4. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық құжаттама – белгіленген тәртіппен мемлекеттік, оның ішінде экологиялық сараптамадан, ал қазіргі бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ведомстволық сараптамадан өтуге тиіс.»;
      4) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жол органы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей зілзалалар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіштік қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жол жүрiсiн шектеуге немесе тоқтатуға, автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауға құқығы бар.»;
      5) 20-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жол органының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның немесе оның бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінен автомобиль жолдары бойындағы жол жүрiсiн тоқтатудың немесе шектеудің себептері туралы түсіндірме алуға;».
      9. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат):
      1) 6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) автомобиль көлігін және қалалық рельстік көлікті пайдалануға қатысты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелеріне;»;
      2) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көлік құралын басқаратын, жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыратын адам тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін өзімен бірге алып жүруге және оны Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілеттік берілген адамдарға тексеру үшін көрсетуге міндетті.
      Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде автомобиль көлігі құралын басқаратын, жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыратын адамнан тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін көрсетуді талап етуге міндетті.»;
      3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

      1. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері жолаушылар автомобиль көлігіндегі көлік оқиғасына қатысушыларға сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттардың бір-бір данасын, оның ішінде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрісі қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшірмесін тегін береді.
      2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар жолаушылар көлігіндегі оқиға және оның салдары туралы қолындағы ақпаратты сақтандырушы өтініш жасаған кезде оған бұл ақпаратты тегін беруге міндетті.
      3. Жолаушыларды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушының жәбірленушілерге немесе олардың мұрагерлеріне сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға мүмкіндігі болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері тиісті сақтандырушыға осы көлік оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады.
      Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы кез келген басқа адамның да хабарлауға құқығы бар.»;
      4) 13-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) сақтандыру жағдайы және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелеріне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;».
      10. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құкықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 5-бапта:
      1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдері, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк пен олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;»;
      «3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз бетінше жүргізіліп әкелінетін, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі көлік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруіне немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты тіркеуден шығарған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспайды.»;
      2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу және жол жүрісі қағидаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.»;
      3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Көлiк құралын басқаратын адам көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисiн өзiмен бiрге алып жүруге және оны Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес уәкiлеттік берілген жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне және көліктік бақылау органдарының лауазымды адамдарына тексеру үшiн көрсетуге мiндеттi.
      Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде көлiк құралын басқаратын адамнан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисiн көрсетуді талап етуге мiндеттi.»;
      4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

      1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкiлдерiне, сондай-ақ сұрау салуы бойынша сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру омбудсманына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлiк оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрiсi қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн бередi.
      2. ішкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көлiк оқиғасы және оның салдары туралы қолдағы ақпаратты сақтандырушы, сақтандыру омбудсманы және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры өтiнiш жасаған кезде оларға осы ақпаратты жазбаша нысанда, мөрмен куәландырып, тегiн беруге мiндеттi.
      3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнің көлік оқиғасының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыға осы көлiк оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады.»;
      5) 10-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын оларды міндетті техникалық қарап тексеру өткізілетін жерлерде және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның тіркеу бөлімшелерінде жасасуға тыйым салынады.»;
      6) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап он екi ай мерзiмге жасасылады.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығы пайда болған кезден бастап, бiрақ осы көлiк құралы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркелген (қайта тiркелген) кезден бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасасылуға тиiс.»;
      7) 16-баптың 2-тармағының 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) көлiк оқиғасын жасаған кезде жәбiрленушілерге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;»;
      «6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдар мен ұйымдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;».
      11. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
      «31) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы – жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координатын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы шұғыл қимылдайтын жедел қызметтермен екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы.»;
      2) 19-6-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «байқауды және жүргiзушiлердi рейс алдында (ауысым алдында) медициналық байқауды жүргiзуге арналған қызметтер мен бiлiктi қызметкерлердiң» деген сөздер «қарап тексеруден өткізу, жүргiзушiлерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізу үшін қызметтер мен бiлiктi персоналдың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 22-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы «автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiне алдын ала және кезеңiмен, соның iшiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру жүргiзiлуiн, еңбек және тынығу режимi сақталуын» деген сөздер «автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiн рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізуді, олардың еңбек және тынығу режимiн сақтауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы «рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлiк құралының техникалық байқаудан өткенi» деген сөздер «рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткені және автокөлiк құралын техникалық қарап тексеруден өткiзгені» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 25-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Екi және одан көп автобус колонналарына жол жүрісі қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнаулы автомобильдерi iлесiп жүруге тиiс.»;
      5) 26-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «және такси жүргiзушiлерінің рейс алдында (ауысым алдында)» деген сөздер «, такси жүргiзушiлерінің рейс алдында және рейстен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 29-баптың 12) тармақшасындағы «рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруды ұйымдастыру және жүргiзу» деген сөздер «рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 37-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары міндетті түрде шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықталуға жатады.
      1-2. 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен қосымша жабдықталады.».
      12. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен байланыс операторлары байланыс қызметтерін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шұғыл шақыру жүйесінің операторымен, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да қызметтермен тегін жалғанымдар ұсынуды қамтамасыз етеді.»;
      2) мынадай мазмұндағы 29-2-баппен толықтырылсын:

      «29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру
                 жүйесі үшін телекоммуникация желілерін
                 пайдалануға беру

      Ұялы байланыс операторы шұғыл шақыру жүйесінің операторына автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды беру және шұғыл шақыру жүйесінің операторымен екіжақты дауыс байланысын орнату үшін өзінің жылжымалы желісінің байланыс арналарын пайдалануға өтеусіз негізде беруге міндетті.».
      13. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 5-баптың бірінші бөлігінде:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      7-2) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу;»;
      2) 8-баптың 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) қылмыстың жасалуына күдiктi адамдарды ұстау жөнiндегi шараларды жүргізу кезiнде, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн мән-жайлар кезiнде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келiсу бойынша көшелердiң, автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiнде және басқа да аумақтарда көлiктің және жаяу жүргiншiлердің жол жүрісін шектеуге немесе оған тыйым салуға;
      17) әскери көлiк құралдарының колонналары өткен уақытта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен үйлесiмдi түрде автомобиль жолдары мен көшелерде жол жүрісін реттеуге, осы колонналарға және арнайы мақсаттағы көлiк құралдарына iлесiп жүрудi ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге;».
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) – 8)10) – 13) және 15) – 20) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады