Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 808 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ереже бекітілсін.
      2. «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 766 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 56, 762-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 808 қаулысымен 
бекітілген     

Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын
орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу
жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға
әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі
жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші
орган туралы үлгілік ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ереже «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы облысының (республикалық маңызы бар қаласы, астанасы), ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші органның (бұдан әрі - консультациялық-кеңесші орган) мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.
      2. Консультациялық-кеңесші орган қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету, оларды оңалту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметі бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады.

2. Консультациялық-кеңесші органның міндеттері

      3. Консультациялық-кеңесші органның негізгі міндеттері:
      1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметіне жәрдемдесу;
      2) заңнамаға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға тапсырыстар орналастыру;
      3) сотталғандардың еңбегін, оның ішінде бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қажеттілігі үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы өндірісті дамытуды ұйымдастыру;
      4) заңнамаға сәйкес сотталғандарды еңбекте пайдалану жолымен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарын өңірлік және жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге тарту;     
      5) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
      6) қайырымдылық концерттерін, кездесулер, дәрістер, сотталғандарға заң консультациялары мен өзге де құқықтық көмекті, спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға, мекемелердің кітапхана қорларын толықтыруға жәрдемдесу;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      4. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультациялық-кеңесші органның міндеттеріне:
      1) босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға жәрдемдесу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру;
      2) қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті, оның ішінде мүгедектер мен зейнеткерлерді мүгедектер және қарттар үйлеріне орналастыруды ұйымдастыру;
      3) сотталғандардың шағымдары мен өтініштерін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің уақтылы және дұрыс шешуіне жәрдемдесу;
      4) жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері комиссиясының қызметіне қатысуы;
      5) сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету;
      6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды қарау жатады.
      5. Ауданның (облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультациялық-кеңесші органның міндеттеріне:
      1) қылмыстық жаза қолдану тәртібінде қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшін қоғамдық жұмыс объектілерін айқындау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;
      2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын өтеп жүрген адамдарға еңбекке және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтік және өзге де көмектің басқа түрлерін ұйымдастыруға көмек көрсету бойынша ұсыныстарды қарау жатады.

3. Консультациялық-кеңесші органының өкілеттіктері

      6. Консультациялық-кеңесші орган:
      1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізеді;
      2) мемлекеттік органдардан консультациялық-кеңесші органның міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты, материалдарды сұратады және алады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне, түзеу жұмыстарына сотталғандардың, мерзімінен бұрын шартты түрде, шартты түрде босатылғандардың және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған басқа да адамдардың жұмыс орындарына барады;
      4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің басшыларын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшыларын консультациялық-кеңесші органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жылына кемінде екі рет тыңдайды.

4. Консультациялық-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру

      7. Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган әкімдіктің қаулысымен құрылады.
      8. Консультациялық-кеңесші органның құрамы денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, білім беру, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, жер қатынастары, дене шынықтыру салаларында басқаруды және үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатарынан қалыптастырылады.
      9. Консультациялық-кеңесші органның құрамына лауазымы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органының бастығы кіреді.
      10. Консультациялық-кеңесші органның құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары да, сондай-ақ келісім бойынша прокуратура өкілдері, мәслихат депутаттары кіреді.
      11. Консультациялық-кеңесші органды жергілікті атқарушы орган басшысының орынбасары басқарады.
      12. Консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын жергілікті атқарушы орган айқындайды және мәслихат бекітеді.
      13. Консультациялық-кеңесші органның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
      14. Консультациялық-кеңесші орган жыл сайын мәслихат алдында өз қызметінің нәтижесі туралы есеп береді.
      15. Консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысының күн тәртібін, сондай-ақ оның өткізілетін орнын, уақытын, тәртібін және мерзімін консультациялық-кеңесші органның басшысы айқындады.
      16. Консультациялық-кеңесші органның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады