Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 816 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 543 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 543 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 816 қаулысымен
бекітілген

Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы
объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын,
оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу
тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік

      инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар азаматтық авиация саласындағы көлік қызметі субъектілеріне қолданылмайды.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) көлік инфрақұрылымының объектілерін тексеріп қарау - техникалық құралдарды, жабдықтарды, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына (бұдан әрі — тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптары) сәйкестігіне тексеру бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын іс-қимыл;

      2) көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) - көлік қызметі субъектілеріне берілетін және оның тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;

      3) өтінім беруші - меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде көлік инфрақұрылымы объектісі бар көлік қызметі субъектісі;

      4) тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдар - жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы құрылғылар;

      5) уәкілетті мемлекеттік орган - көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2. Көлік қызметі субъектілерін тексеріп қарауды жүргізу тәртібі
мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау тәртібі

      4. Көлік қызметі субъектілерін тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттауды уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.

      5. Көлік қызметі субъектісін аттестаттаудың жалпы мерзімі аттестаттау жүргізуге өтінім келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауы тиіс.

      6. Аттестаттау жүргізу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға

      2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, 1-қосымшаға сәйкес өтінім береді.

      7. Әрбір көлік инфрақұрылымы объектісіне жеке өтінім беріледі.

      8. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган өтінім мен құжаттарды қараусыз қайтарады, ол туралы күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде бас тарту негіздері бар тиісті хатты жібереді.

      9. Анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін көлік қызметі субъектісі осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта өтінім береді.

      10. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      11. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар сәйкес болған кезде уәкілетті мемлекеттік орган күнтізбелік 10 (он) күн ішінде көлік инфрақұрылымы объектісін тексеріп қарауды жүргізу үшін комиссия құрады және көлік инфрақұрылымы объектісін тексеріп қарауды жүргізудің басталу күні туралы ақпаратты қамтитын еркін нысанда ресми хабарламаны өтінім берушіге жібереді.

      Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органның, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдері енгізіледі.

      12. Көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеріп қарауды жүргізу кезінде:

      1) мыналармен:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарға сәйкес техникалық құралдармен;

      бейнебақылау жүйелерімен;

      қол жүгі мен багажды тексеріп қарауды жүргізуге арналған үстелдермен;

      рентгендік-телевизиялық қондырғылармен тексеріп қарау мақсатында тексеріп қаралатын адамдардың заттары мен нәрселерін орналастыруға арналған пластик, көзбен көруге болатын сыйымдылықтармен;

      тексеріп қараудан өткен жолаушылар мен келушілердің тексеріп қараудан өтпеген жолаушылармен және келушілермен байланысын болдырмауға арналған қоршаулармен;

      көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбесі туралы ақпараты бар стендтермен жабдықталған тексеріп қарау пункттерінің болуы;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына жауап беретін жеке басын тексеріп қарауды жүргізуге арналған үй-жайлардың (бөлмелердің) болуы;

      3) олардағы ақпарат күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде сақталатын бейнебақылау және бейнежазба жүйесінің болуы;

      4) қуәлікті алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттарда көрсетілген мәліметтер тексеріледі.

      13. Көлік инфрақұрылымы объектісін тексеріп қарау нәтижелері бойынша тексеріп қарауды ұйымдастырудың іс жүзіндегі жай-күйін, тұжырымдарды, ұсынымдарды және куәлікті берудің мүмкіндігі (мүмкін еместігі) немесе куәліктің қолданысын қалпына келтіру (ол тоқтатыла тұрған жағдайда) туралы қорытындыларды көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада көлік инфрақұрылымы объектісін тексеріп қарау актісі жасалады. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және өтінім берушіге таныстыру үшін ұсынылады.

      Комиссияның көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеріп қарау мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспауы тиіс.

      14. Егер өтінім беруші тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкес келетін болса, уәкілетті мемлекеттік орган күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде куәлікті беру туралы шешім қабылдайды.

      Куәлік басқа адамға берілмеуі тиіс.

      Куәлік 5 жыл мерзімге беріледі және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Куәлікті беру мүмкіндігі туралы қорытындысы бар көлік инфрақұрылымы объектісін тексеріп қарау актісі куәлікті беру үшін негіз болып табылады.

      15. Әрбір көлік инфрақұрылымы объектісіне жеке куәлік беріледі.

      16. Куәлікті беруден бас тарту өтінім беруші тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, куәлікті берудің мүмкін еместігі туралы қорытындысы бар көлік инфрақұрылымы объектісін тексеріп қарау актісінің негізінде жүргізіледі.

      17. Куәлікті беруден бас тарту кезінде өтінім берушіге осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген аттестаттаудың жалпы мерзімінен аспайтын мерзімде бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап беріледі.

      18. Куәлікті беруден бас тартқан жағдайда көлік қызметі субъектісі бас тартуды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде іс-шараларды, мерзімдерді және жауапты адамдарды көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды, іс-шаралар жоспарын алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оны уәкілетті мемлекеттік орган келіседі.

      19. Іс-шаралар жоспарын келіскен сәттен бастап өтінім беруші сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды қабылдайды, одан кейін уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етеді.

      Көлік қызметі субъектісі көрсетілген сәйкессіздіктерді жойғаннан және хабарламаны алғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалардың 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген тәртіппен көлік инфрақұрылымы объектісін қайта тексеріп қарауға шығады.

      20. Уәкілетті мемлекеттік орган көлік қызметі субъектісі тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарын сақтамаған жағдайда, куәліктің қолданысын тоқтата тұрады.

      21. Куәліктің қолданысын тоқтата тұру үшін уәкілетті мемлекеттік орган куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде тоқтата тұру себептерін және куәліктің қолданысы тоқтатыла тұратын, бірақ 3 айдан аспайтын мерзімді көрсетеді.

      Куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрған немесе ол кері қайтарып алынған жағдайларда уәкілетті мемлекеттік орган күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде көлік қызметі субъектісін қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      Егер көлік қызметі субъектісі анықталған сәйкессіздіктерді куәлік қолданысын тоқтата тұрудың белгіленген мерзімінде жоймаған болса, уәкілетті мемлекеттік орган куәлікті кері қайтарып алады, ол туралы өтінім берушіні хабардар етеді.

      22. Куәлік кері қайтарып алынған кезде көлік қызметі субъектісі хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде куәлікті уәкілетті мемлекеттік органға қайтарады.

      23. Куәліктің қолданысын қалпына келтіруді (ол тоқтатыла тұрған жағдайда) уәкілетті мемлекеттік орган көлік қызметі субъектісі анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан және уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалардың 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген тәртіппен көлік қызметі объектісін тексеріп қарауды жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады.

      24. Көлік қызметі субъектісінің атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, егер олар тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкес келмеуіне әкеп соқтырмаса, берілген куәліктерді қайта ресімдеу жүргізіледі және оларды уәкілетті мемлекеттік орган берілген куәліктерді қайта ресімдеуге өтінімді алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде береді.

      Көлік қызметі субъектісі көрсетілген тармақтағы негіз басталған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қайта ресімдеуге себеп болған құжаттарды қоса бере отырып, берілген куәліктерді қайта ресімдеуге өтінім береді.

      25. Куәлік зақымдалған немесе жоғалған (ұрланған) жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік орган тиісті өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде куәліктің телнұсқасын береді.

      26. Куәліктің телнұсқасын алу үшін көлік қызметі субъектісі уәкілетті мемлекеттік органға қажетті негіздемесі бар және бұрын берілген куәлікті қоса бере отырып, еркін нысандағы өтініш (жоғалу (ұрлану) жағдайларын қоспағанда) береді.

  Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар
мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне
келетін адамдарды, олардың алып
жүретін заттарын, оның ішінде қол
жүгі мен багажын тексеріп қарауды
жүргізу тәртібі мен талаптарына
сәйкестігіне
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ______________________________________

      ______________________________________

      ______________________________________

      (уәкілетті мемлекеттік органның атауы)

Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті алуға өтінім

      _________________________________________________________ мақсатында

      (көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті алу,

      қолданыс мерзімін ұзарту)

      _____________________________________________________________________

      (өтінім берушінің толық атауы)

      аттестаттауды жүргізуді сұраймын.

      Тексеріп қарауды жүзеге асыру жоспарланған күн

      _____________________________________________________________________

      (мерзімі ұзартылған/өзгерістер енгізілген кезде тиісінше қолданыстағы

      куәліктің аяқталу мерзімі көрсетіледі)

      Басшы _____________________

      (лауазымы/қолы/күні)

      М.О.

  Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар
мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне
келетін адамдарды, олардың алып
жүретін заттарын, оның ішінде қол
жүгі мен багажын тексеріп қарауды
жүргізу тәртібі мен талаптарына
сәйкестігіне
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша

Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті алуға
арналған өтінімге қоса берілетін құжаттар
тізбесі

      1. Өтінім берушінің құрылтай құжаттары.

      2. Жеке тұлғаның жеке куәлігі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама (заңды тұлғалар үшін).

      3. Күзет қызметі субъектілерімен жасалған шарттардың (шарттарға қосымшалардың) көшірмелері (бар болса).

      4. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеріп қарауды жүргізу жөніндегі көлік қызметі субъектісінің не күзет қызметі субъектісінің жұмысшылары, көлік қызметі субъектісінің техникалық құралдары туралы деректер.

      5. Бағыныстылығы мен өзара іс-қимыл жасайтын байланыстар көрсетілген өтінім берушінің көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеріп қарау бөлімшесінің ұйымдық құрылымңын схемасы.

      6. Өтінім берушінің көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеріп қарау бөлімшелері туралы ереже.

      7. Тексеріп қарау пункттері мен жеке басын тексеріп қарауды жүргізуге арналған үй-жайлары (бөлмелері) көрсетілген өтінім берушінің көлік инфрақұрылымы объектісінің аумағы жоспарының схемасы.

      8. Меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және шарттардың өзге де нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

      1 - 8-тармақтарда көрсетілген құжаттар көлік инфрақұрылымы объектісінің бірінші басшысының қолымен және өтінім берушінің мөрімен расталған көшірмелер түрінде беріледі.

  Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар
мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне
келетін адамдарды, олардың алып
жүретін заттарын, оның ішінде қол
жүгі мен багажын тексеріп қарауды
жүргізу тәртібі мен талаптарына
сәйкестігіне
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша

Көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеріп қарау актісінің
үлгілік нысаны

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті мемлекеттік органның атауы)

      20__ жылғы "__" ________ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:

      Басшы: ___________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      комиссия мүшелері:

      ___________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      ___________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      (көлік инфрақұрылымы объектілерінің атауы)

      аттестаттау жүргізді.

      Қорытындының мәтіні

      _____________________________________________________________________

      Комиссия басшысы:___________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      Комиссия мүшелері:

      ___________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      ___________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы ___________ ___________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

  Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар
мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне
келетін адамдарды, олардың алып
жүретін заттарын, оның ішінде қол
жүгі мен багажын тексеріп қарауды
жүргізу тәртібі мен талаптарына
сәйкестігіне
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша

      Елтаңба

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті мемлекеттік органның атауы)

      Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлік

      № ___________________________________

      Қолданыс мерзімінің

      аяқталатын күні:

      Көлік инфрақұрылымы объектісінің атауы:

      Көлік инфрақұрылымы объектісінің мекенжайы:

      Телефоны:

      Факс:

      Е-maі1:

      Байланыс ақпараты:

      Осы куәлік көлік инфрақұрылымы объектісі ____________________________

      _____________________________________________________________________

      (атауы)

      жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін

      адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен

      багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкес көлік

      инфрақұрылымы объектісіне ______________________ келетін адамдарды,

      олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын

      тексеріп қарауды жүзеге асыру құқығы берілгенін куәландырады.

      МО Уәкілетті мемлекеттік органның басшысы

      не ол уәкілеттік берген адам

      ___________________ __________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      Берілген күні: 20__ жылғы "___" _____

      Уәкілетті мемлекеттік орган

      _____________________________________________________________________

      (көлік инфрақұрылымы объектісінің атауы, № сертификат)

  Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар
мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне
келетін адамдарды, олардың алып
жүретін заттарын, оның ішінде қол
жүгі мен багажын тексеріп қарауды
жүргізу тәртібі мен талаптарына
сәйкестігіне
аттестаттау қағидаларына
5-қосымша

Тексеріп қарауды жүргізу жөніндегі көлік қызметі субъектісінің
не күзет қызметі субъектісінің жұмысшылары, көлік қызметі
субъектісінің техникалық құралдары туралы жиынтық деректер

      1. Тексеріп қарауды жүргізу жөніндегі көлік қызметі субъектісінің не күзет қызметі субъектісінің жұмысшылары туралы деректер (көлік инфрақұрылымы объектісінің атауы)

Жұмысшылардың штаттық лауазымдары

Санаты

Штат бойынша саны

Іс жүзіндегі саны

1.




2.





      2. Көлік қызметі субъектісінің техникалық құралдары туралы деректер

Тексеріп қарау пункттерінің саны


Техникалық қауіпсіздік құралдарының міндеті мен атауы

Үлгісі, моделі

Саны

1

2

3

1. Стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлар)



2. Ықшам (қол) аспаптар



3. Рентгендік-телевизиялық қондырғылар



4. Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады