Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) броньнан шығару – номенклатура өзгерген кезде, сондай-ақ кәдеге жарату немесе жою, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдану, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;";
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдану, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшiн қажеттi шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс – мемлекетте қорғаныс мұқтаждары, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мемлекеттiк материалдық резервтi жаңарту – номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi өткенге дейiн мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін материалдық құндылықтар тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама нысандарында тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар қоса беріліп, бүкiл сақталу мерзiмiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға, сондай-ақ ұзақ сақтауға әзір болуға тиіс.
12. Уәкілетті орган мемлекеттік материалдық резервке берілетін және онда сақтауда тұрған материалдық құндылықтарға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастырады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Заңды тұлғалар сақтау пункттерінің тізбесіне енгізілгеннен кейін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және сақтауға байланысты қызметтер көрсету жөнінде шарт (бұдан әрі – сақтау шарты) жасасу кезінде сақтау пункті банк кепілдігін немесе сақтандыру полисін ұсынады.
Үлгілік сақтау шартын уәкілетті орган бекітеді.";
43-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жаңарту графигі сақтау шартында айқындалады.";
44-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жаңарту шеңберінде жеткізілетін материалдық құндылықтар сақтау шартының талаптарына және осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.";
78, 79 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Ведомство басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру үшін жаңартылатын материалдық құндылықтардың және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына материалдық құндылықтардың өтеусіз берілетіні туралы ақпарат жіберіледі.
79. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары тізбе ведомствоның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны қарайды және ведомствоға жаңартылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды қабылдау туралы өтінім береді, онда атауы, саны, өлшем бірлігі, болжамды қабылдау күні туралы мәліметтер қамтылады.
80. Ведомство өтінім түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органдардың өтінімдерін қарайды және келіседі не себептерін көрсетіп, келісуден бас тартады.
Ведомство мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылатын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды алушы мемлекеттік органдардың өтінімдерін келіскен жағдайда өтінімдерді тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Көлік шығыстары, оның ішінде материалдық құндылықтарды тиеу-түсіруге байланысты шығыстар алушы мемлекеттік органның есебінен жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |