Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 880 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік мүлікті ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ЕС 145 тікұшақтарына арналған ангарлар түріндегі республикалық мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 880 қаулысына  
қосымша      

«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының акцияларын
төлеуге берілетін республикалық мүліктің
тізімі

Р/с №

Объектілердің атауы

Орналасқан жері

Жалпы алаңы (м2)

1

2

3

4

1.

Ангар

Алматы қ., Боралдай кенті, «Боралдай» әуеайлағы

600

2.

Ангар

Қызылорда қ., әуежайы

600

3.

Ангар

Балқаш қ., әуежайы

600

4.

Ангар

Көкшетау қ., әуежайы

600

5.

Ангар

Павлодар қ., әуежайы

600


Барлығы:

5

3000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады