Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 896 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 35) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. «Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1185 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 405-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 896 қаулысымен 
бекітілген    

Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби
авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының
өтілін есептеу қағидалары

      1. Осы Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақыларына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының (бұдан әрі – құтқарушы) өтілін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Құтқарушының еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы алуға құқық беретін өтіліне:
      1) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарындағы жұмыс істеген;
      2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру;
      3) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жолдамалары бойынша жұмыстан қол үзіп кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыған уақыты есептеледі.
      3. Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдарға қызмет көрсететін, республикалық бюджет есебінен ұсталмайтын құтқарушыларға еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы алуға құқық беретін өтіліне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бөлімшелері мен қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істеген уақыты қосылады.
      4. Өтілі, сондай-ақ осы Қағидалар сәйкес еңбек сіңірген жылдарына есептелетін уақыт күнтізбелік есептеумен ескеріледі.
      5. Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы алуға құқық беретін өтіліне қосу үшін құтқарушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өзінің еңбек қызметін растайтын тиісті құжаттарды тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады