Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Индустрия және жаңа технологиялар, Мәдениет, Мұнай және газ, Қоршаған орта және су ресурстары, Төтенше жағдайлар министрліктерінің таратылуына (жойылуына) байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
атқарған қызметтерінен мыналар босатылсын:
Ерік Әбенұлы Байжүнісов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Болат Тұрғанұлы Төкежанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі;
Жанай Сейітжанұлы Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі;
Болат Оралұлы Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі;
Бектас Ғафурұлы Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі;
Валерий Викторович Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов