2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режимі туралы келісімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 964 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режимі туралы келісімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа 2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режимі туралы келісімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылы 29 тамыздағы
№ 964 қаулысымен 
мақұлданған    

Жоба

2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан –
Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері және олардың
жұмыс режимі туралы келісімге өзгеріс пен толықтыру енгізу
туралы хаттама

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі,
      2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы және олардың жұмыс режимі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 11-бабына сәйкес,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 4-бабының 1-тармағының екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз),» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан),» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Келісімге қосымшаның «Автомобиль өткізу пункттері» деген бөлімінде:
      реттік нөмірі 2-жолдың «Өткізу пункттерінің мәртебесі» деген бағанындағы «екіжақты, жүк-жолаушылар» деген сөздер «көпжақты (халықаралық), жүк-жолаушылар» деген сөздермен ауыстырылсын.

3-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 11-бабына сәйкес оның ажырамас бөлігі болып табылады және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
      2014 жылғы «__» ________ _______ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады