"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 тамыздағы № 965 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 44-құжат; 1999 ж., № 10, 344-құжат; 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2007 ж., № 12, 84-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Республика Үкiметiнiң құзыретi
      Республика Үкiметi:
      1) мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негiзгi бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
      2) мемлекеттік бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізеді;
      3) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдайды;
      4) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды әзірлейді;
      5) Республика Президенті айқындайтын тәртіппен республикалық бюджетті әзірлеуге және өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
      6) Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңдылықтың сақталуын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;
      7) құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;
      8) мемлекеттік баға белгілеу саясатын әзірлейді; мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасын белгілейді;
      9) мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;
      10) еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуы, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын қалыптастырады;
      11) мемлекеттік өңірлік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; өңіраралық проблемалар мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
      12) ғылым мен техниканы, жаңа технологияларды енгізуді, мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
      13) табиғи ресурстар мен қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
      14) құқықтық саясатты іске асыруды қамтамасыз етедi, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртiбiн, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлейді және жүзеге асырады;
      15) келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты іске асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi; сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қабылдайды; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
      16) өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
      2) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Республика Премьер-Министрі:
      1) Үкiметтiң жұмысын ұйымдастырады және Үкiмет мүшелерiнiң арасындағы қызметтiк мiндеттердi бөледi;
      2) Республика Президентiмен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады;
      3) халықаралық қатынастарда Үкiмет атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге қол қояды;
      4) Республика Президентiне: Үкiметтiң құрылымы мен құрамы; министрліктерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министр қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар жөнiнде; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министрдi, оның iшiнде Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi;
      5) Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландырудың және қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
      6) Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы баяндап отырады;
      7) Үкiмет мүшелерiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есебiн тыңдап отырады;
      8) Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдарды құрады және таратады;
      9) Үкiметтiң қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.»;
      3) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлік өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.»;
      4) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-бап. Үкiмет құрамына кірмейтiн орталық атқарушы орган
      1. Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органды Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
      Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
      2. Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте – салаларалық үйлестіруді жүзеге асырады.
      3. Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органның құрылымын жауапты хатшы бекітеді және әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады.
      Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган департаменттері мен басқармаларының жиынтығы Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органның аппараты болып табылады.
      4. Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган басшысының жанынан алқа құрылады, ол консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органның басшысы бекiтедi.
      5. Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган басшысының бұйрықтары Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органның актiлерi болып табылады.»;
      5) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органының құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыра алады, сондай-ақ ведомство құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатыса алады.».
      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады