Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсету туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 993 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсету туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Нығметұлы Ахметовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсету туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 993 қаулысымен     
мақұлданған      

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсету туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі,
      екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және олардың қарулы күштері арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жарақтандыруда техникалық жәрдем көрсету ретінде Қытай тарапы өтеусіз негізде 30 дана ауыр жүк таситын тралы бар «Цзефан» ершікті тартқыштар (бұдан әрі - мүлік) түріндегі мүлікті Қазақстан тарапының меншігіне береді.

2-бап

      Қытай тарапы мүлікті Алашонькоу шекара пунктіне жеткізеді, онда Тараптардың уәкілетті органдарының өкілдері арасында тиісті актіге қол қоюмен оны қабылдау-беру жүзеге асырылатын болады.
      Алашонькоу шекара пунктіне дейін мүлікті жеткізумен байланысты барлық шығыстарды Қытай тарапы көтереді, ал одан кейінгі шығыстар Қазақстан тарапының есебінен болады.

3-бап

      Осы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес лицензиялауға, кедендік декларациялауға жатады және кедендік баждар мен импорт бойынша қосымша құн салықтарын төлеуден босатылады.

4-бап

      Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
      Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
      Қытай тарапынан: Қытай Халық Республикасы Қорғаныс министрлігі.

5-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер және/немесе консультациялар арқылы шешеді.

7-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді және осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қойылған күнінен бастап өз қолданысын тоқтатады.

      20__ жылғы «___»_________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасының          Қытай Халық Республикасының
            Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қытай Халық Республикасының
Үкіметі арасындағы Қазақстан 
Республикасының Қарулы Күштеріне
өтеусіз көмек ретінде техникалық
жәрдем көрсету туралы келісімге
қосымша             

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде берілетін мүліктің тізбесі

Р/с
Мүліктің атауы Қуаты Сипаттамалары Саны

1.

Ершікті тартқыштар

350-400 қ/к

Жүк көтергіштігі - 60 тонна

10 дана

2.

Цзефан (FAW) ауыр жүк таситын жартылай тіркеме трал



Жұмыс платформасының ұзындығы - 10 метр, ені - 3,3 метр.
Тралдың жалпы ұзындығы - 14,5 метр.

10 дана

3.

Ершікті тартқыштар

350-400 қ/к

Жүк көтергіштігі - 40 тонна

20 дана

4.

Цзефан (FAW) ауыр жүк таситын жартылай тіркеме трал



Жұмыс платформасының ұзындығы - 12,5 метр, ені - 3,2 метр.
Тралдың жалпы ұзындығы - 16,9 метр.

20 дана

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады