Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоса беріліп отырған 1998 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевқа 1998 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.11.2015 № 923 қаулысымен.
3.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
|
Жоба |
1998 жылы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі,
1998 жылы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) басшылыққа ала отырып,
Келісімге өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар таңбаларына және басқа да өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және пайдалану саласында өзара тиімділік және тепе-теңдік негізіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді қалай отырып,
төмендігілер туралы келісті:
1-бап
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісімнің мақсаттары үшін «өнеркәсіптік меншік» ұғымы 1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде қайта қаралған, 1979 жылғы 2 қазандағы өзгерістері бар 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясының (бұдан әрі - Париж конвенциясы) 1-бабында көрсетілген мағынасында түсінілетін болады.».
2-бап
Келісімнің 6-бабының үшінші абзацындағы «төлеуді;» деген сөз «төлеуді қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдайды.» деген сөздермен ауыстырылып, төртінші абзацы алып тасталсын.
3-бап
Келісімнің 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғау құжаттарын беруге өтінімдер беру, қорғау құжаттарын алу және оларды күшінде ұстау кезінде екі мемлекет Тараптарының өтінім берушілері істі осы мемлекеттердің патенттік сенімді өкілдерімен тікелей жүргізуге міндетті.».
4-бап
Келісімнің 9-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тараптар басқа мемлекеттің өтінімі берілген кезде өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелдік патенттеу тәртібіне қатысты ұлттық заңнама талаптарының сақталуын растайтын құжаттың берілуін міндетті шарт ретінде таниды.».
5-бап
14-баптың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
Әзірбайжан Республикасында - Әзірбайжан Республикасының Стандарттау, метрология және патенттер жөніндегі мемлекеттік комитеті.».
6-бап
Осы Хаттама Келісімнің 15-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді және Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін әрекет етеді.
2014 жылғы «__» _________ Астана қаласында әрқайсысы қазақ,
әзірбайжан және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру мақсаттары үшін орыс тіліндегі мәтін пайдаланылады.
Қазақстан |
Әзірбайжан Республикасының |