"Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1042 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К.Мәсімов
 
 


      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 378-құжат; 2010 ж., № 38, 326-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесінде:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісіндегі республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік бағдарламаларды топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарын ведомстволық сыныптау негізінде қалыптастырылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 6-9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.»
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады