"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1065 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.01.2017 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2016 № 802 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында:

      3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;";

       5-тармақта:

       16) тармақшаның 1-бөлігіндегі "адамдарға қолданылмайды." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санға сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін адамдарға қолданылмайды.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.12.2016 № 802 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.

       2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады