"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты
жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №
836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 8 қазандағы № 1065 қаулысына (бұдан әрі - Үкіметінің қаулысы)
ПРЕСС-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Үкіметі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның іске асыру мақсатында Үкіметінің қаулысы қабылданды.
Үкіметінің қаулысында Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсіптер тізбесіне және санға сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін адамдарға жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат алудан босатылады және квотадан тыс жұмыс істейді.
Сонымен бірге, басым жобаларға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны мынадай жобаларды іске асыратын мезгіліне квотаны белгілеуді Үкіметінің қаулысымен енгізілген өзгерістер рұқсат беріледі.