«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1069 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар» деген бөлімде:
      10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» деген функционалдық тобында:
      212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi» деген әкімші бойынша:
      220 «Ветеринария саласында объектілер салу» деген бағдарламада:
      «Павлодар облысы» деген кіші бөлімде:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылында орналасқан бір үлгідегі аудандық ветеринариялық зертхана (виварийі бар)» деген жолда «12507» деген сандар «13261» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында орналасқан бір үлгідегі модульді аудандық ветеринариялық зертхана (виварийі бар)» деген жолда «13497» деген сандар «12743» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi
К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады