1. Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына:
1) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылға негізгі борышты өтеу мерзімін өзгерту бөлігінде «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 5104143000 (бес миллиард жүз төрт миллион жүз қырық үш мың) теңге сомасында және «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының қатысушыларын жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 850598000 (сегіз жүз елу миллион бес жүз тоқсан сегіз мың) теңге сомасында;
2) «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі борышты өтеу мерзімін 2021 жылға өзгерту бөлігінде «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3877967000 (үш миллиард сегіз жүз жетпіс жеті миллион тоғыз жүз алпыс жеті мың) теңге сомасында берілген бюджеттік кредиттер қайта құрылымдалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктері, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі кредиттік шарттарға тиісті қосымша келісімдер жасасуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |