Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы" 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1079 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
      1-тармақта:
      2) тармақшада:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев,»;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова;»;
      3) тармақшада:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,»;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;»;
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев,»;
      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев,»;
      2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасының шеңберiнде жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады