Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1081 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Президентi жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесіне таратылатын мекеме кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүліктерді беруді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 432-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1081 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      3-бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:" деген жолда "2974,5" деген сандар "2937" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:" деген жолда "2688,5" деген сандар "2651" деген сандармен ауыстырылсын;

      10) тармақша алып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады