"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 1085 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
 
 

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан

2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған республикалық бюджетке мынадай мөлшерде:
      1) 150 (бір жүз елу) миллиард теңге:
      Астана – Алматы автомобиль жолының Астана – Қарағанды, Алматы –Қапшағай учаскелерін салуға;
      Астана – Павлодар автомобиль жолын салуға;
      «Жезқазған – Бейнеу» теміржолын салуға;
      Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындыққа;
      Инфрақұрылымдық жобалар қорын қалыптастыру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға;
      2) 250 (екі жүз елу) миллиард теңге:
      банк секторын сауықтыру үшін «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамын капиталдандыруға;
      3) 50 (елу) миллиард теңге:
      мына:
      24 (жиырма төрт) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Ұлттық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының;
      24 (жиырма төрт) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға;
      1 (бір) миллиард теңге сомасына «Астана – Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салуға;
      4) 25 (жиырма бес) миллиард теңге:
      Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға нысаналы трансферт бөлінсін.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
       Президенті

Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады