Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 1140 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов



  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 817-құжат):

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақы төлеу қағидалары;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақы төлеу қағидасы, осы қауылға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 1, 2-қосымшылар, осы қауылға 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 66-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидасында:

      2-тармағының 4), 5) тармақшылары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) белгіленген арнаулы атақ немесе сыныптық шен - арнаулы атақтар және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтіндегі құқық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің арнаулы атағы немесе сыныптық шені;

      5) қызметті өткерудің шекті жасы - құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сай келетін арнаулы атақтар және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде белгіленген арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша жасы."

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидалар арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілер лауазымдарында жұмыс істеуін жалғастырып отырған адамдарға қолданылады.";

      4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар жойылу сәтінде соңғы қызмет атқарған жері бойынша құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет зейнеткерлікке шыққан кезде қызметкердің Т.А.Ә. лауазымын, атағын, ақшалай үлесін, әлеуметтік қамсыздандыруын, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды міндетті түрде көрсете отырып, жетекшінің немесе уәкілетті жетекшінің тиісті бұйрығын шығару арқылы міндетті тіркелуге жатады.";

      7-тармағының 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) белгіленген лауазымдық айлықақыны сақтау туралы шешім тиісті құқық қорғау органы (мекеме), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басшысының бұйрығымен ресімделеді;";

      8-тармақта:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталады:";

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбек сіңірген жылдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін:

      әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiргендер, арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде арнайы атағы, сыныптық шені бойынша белгіленген құқық қорғау қызметінде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толғандар, не штаттың қысқартылуына, өз еркі немесе денсаулық жағдайы бойынша шығарылғандар;

      құқығы жойылу сәтінде құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдар, арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде арнайы атағы, сыныптық шені бойынша белгіленген құқық қорғау қызметінде мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толған не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шығарылған, жиырма бес жыл және одан жоғары жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айы үздіксіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын адамдар алуға құқылы;";

      3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "күнтізбелік 10 жылдан жоғары еңбек сіңірген жылдары барларға және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметте болудың шекті жасына жеткендерге, денсаулығының жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты:";

      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметте олардың шекті жасына жеткендердің қызметтен шығуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері күнтізбелік есептеуде зейнетақыны тағайындау кезінде есепке алынатын еңбек сіңірген жылдарына байланысты анықталады.";

      11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға құқық қорғау органдар, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары зейнетақы тағайындау кезінде, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емделу құқығы сақталады.";

      14-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кез келген басқа лауазымдарға кадрлық орын ауыстырған;";

      15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет осы Қағидаларда көрсетілген адамдар тіркеу туралы берілген анықтамалар туралы мәліметтерді Т.А.Ә, ЖСН көрсете отырып салық органдарына ұсынады.";

      көрсетілген Қағидасының қосымшасы осы қауылға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  1 қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2011 жылғы 20 қазандағы
  № 1192 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік
міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған)
жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Біржолғы өтемақыны төлеу құқық қорғау органының мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкеріне не оны алуға құқығы бар адамға мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не орындалуы міндетті қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейінгі бір жыл ішінде;

      2) құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, науқастануы салдарынан болған мүгедектік белгіленгенде;

      3) құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектікке соқтырмайтын ауыр немесе жеңіл зақымданған (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда.

      3. Біржолғы өтемақыны алу үшін құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкері немесе оны алуға құқығы бар адам қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қаржы бөлімшесіне (бұдан әрі - қаржы бөлімшесі) мынадай құжаттарды ресімдеп, ұсынады:

      1) қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) не орындалуы міндетті қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақаты салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтыс болған жағдайда:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      қайтыс болғандығы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;

      қаза болған (қайтыс болған) тұлғаның қызмет өткерген орнынан берілген қаза болуының (қайтыс болуының) жағдаяттары туралы қорытындының көшірмесі;

      егер төлемақыны алуға өтініш беруші қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғаның мұрагері болып табылса, мұраға құқығы туралы куәлік;

      қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғаның қаза тапқан (қайтыс болған) күнгі ақшалай үлесі туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы.

      Бұдан басқа, Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтірілген зақымның салдарынан бір жыл өтпей қайтыс болған қызметкердің қаза табу (қайтыс болу) фактісі бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның (бұдан әрі - ӘДК) қорытындысы ұсынылады;

      2) қызметкерге осы Қағиданың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтірілген зақымнан болған мүгедектікті белгілеу кезінде:

      осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      қызметкердің қызмет өткерген жерінен берілген мертігу (жарақат алу, жаралану, контузия алу), науқастану жағдайлары туралы қорытындының көшірмесі;

      ӘДК-ның мөрімен куәландырылған денсаулыққа келтірілген зақымның фактісін растайтын ӘДК берген қорытындының көшірмесі;

      қызметкердің мертігу (жарақат алу, жаралану, контузия алу), науқастану болған күнгі ақшалай үлесі туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы;

      мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) қызметкер осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтірілген ауыр немесе жеңіл зақым алған жағдайда:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      қызметкердің қызмет өткерген жерінен ауыр немесе жеңіл зақым алған жағдаяттары туралы қорытындының көшірмесі;

      емдеу-профилактикалық мекеменің не ӘДК-ның денсаулыққа келтірілген зақымның ауырлығы туралы анықтамасы;

      қызметкердің оқиға болған күнгі ақшалай үлесі туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы.

      4. Қызметкер немесе біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адам өтемақы төлеу туралы өтініш жасаған кезде қаржы бөлімшесі осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген құжаттар ресімделуінің толықтығы мен дұрыстығын тексереді және мекеме басшысының атына ресімделген өтінішті 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен жағдайда төленетін, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға берілетін біржолғы өтемақыны төлеуге өтініштерді тіркеу журналында тіркейді. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш тіркелуге жатпайды.

      5. Егер құқық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқарумен байланысы жоқ жағдайлар салдарынан қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (зақымдануы), науқастануы заңнамада белгіленген тәртіппен дәлелденсе, тиісті құжаттар ресімделмейді және біржолғы өтемақы төленбейді.

      6. Біржолғы өтемақы төлеуді басшының не уәкілетті органның, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет шешімі негізінде қаржы бөлімшесі республикалық және жергілікті бюджеттерде осы мақсатқа көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасы аумағындағы екінші деңгейдегі банктегі алушының жеке шотына аудару жолымен, сондай-ақ пошта арқылы өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде алушының жеке шотына аудару жолымен жүргізеді.

      Кәмелетке толмаған алушыға біржолғы өтемақыны төлеу бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына, сондай-ақ оның заңды өкілдеріне өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде бір мезгілде хабарлай отырып, оның тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банктегі тек оның жеке шотына аудару жолымен жүргізіледі.

      7. Құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кадр қызметтері қызметкерлерге немесе өтемақы алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу туралы өтініштерді қаржы бөлімшелеріне беру қажеттілігі туралы міндетті түрде жазбаша хабарлайды.

      8. Қызметкерлердің қаза табуы (қайтыс болуы) немесе зақымдануы жағдайындағы зиянды өтеу бойынша жұмысқа жалпы басшылық етуді құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кадр және қаржы қызметтері жүзеге асырады.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  2 қосымша
  Қазақстан Республикасының
  құқық қорғау органының,
  мемлекеттік фельдъегерлік
  қызмет қызметкері өзінің
  қызметтік міндеттерін атқару
  кезінде мертіккен кезде,
  сондай-ақ ол қаза
  тапқан (қайтыс болған)
  жағдайда оның алуына
  құқығы бар біржолғы
  өтемақыны төлеу қағидасына
  1-қосымша


      Кімге________________________________

      (құқық қорғау органы басшысының

      лауазымы, арнайы атағы немесе сыныптық

      шені, тегі, аты-жөні)

      кімнен_______________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты-жөні)

      ___________________________мекен-жайы

      бойынша тұратын өтініш жасаушының

      ЖСН №________________________________

Біржолғы өтемақы төлеуге арналған өтініш

      Сізден __________________________________________________________

      (залалдың орны толтырылуы тиіс оқиғаның сипаты көрсетіледі)

      байланысты маған біржолғы өтемақы төлеуіңізді өтінемін.

      Маған тиісті соманы ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (банктің атауы, банктің БСН-і, банктің МФО-сы, алушының жеке есеп шотының

      № немесе оның байланыс Бөлімшесі арқылы аудару жағдайында оның мекен-жайы)

      Өтінішке мынадай құжаттарды:

      1. __________________________

      2. __________________________

      3. __________________________

      4. __________________________ қоса беріп отырмын.

      Өтініш иесінің қолы ___________

      201_ жылғы "___" ____________

      Құжаттар 201_ жылғы "__" ___________ қабылданды.

      Қолы ______________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  3 қосымша
  Қазақстан Республикасының
  құқық қорғау органының,
  мемлекеттік фельдъегерлік
  қызмет қызметкері өзінің
  қызметтік міндеттерін атқару
  кезінде мертіккен кезде,
  сондай-ақ ол қаза
  тапқан (қайтыс болған)
  жағдайда оның
  алуына құқығы бар біржолғы
  өтемақыны төлеу қағидасына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік
қызмет қызметкері қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде
қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеуге
арналған өтініштерді тіркеу
ЖУРНАЛЫ

Мертіккен қызметкерді, оның ішінде қайтыс болған адамның тегі, аты-жөні, және оның мекен-жайы

Қайтыс болған қызметкердің асырауындағының, мұрагерінің Т.А.Ә. және оның мекен-жайы

Залалдың орнын толтыру себебі (қаза болу, мүгедектігі, ауыр немесе жеңіл мертігу)

Біржолғы өтемақы сомасы

Төлем құжатының № мен күні

Егер өтінішті тіркеуде бас тартылса онда бас тартудың себебі

1

2

3

4

5

6

7










  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  4 қосымша
  Арнаулы атақтарды және
  сыныптық шендерді иелену,
  сондай-ақ нысанды
  киім киіп жүру құқықтары
  жойылған адамдарға
  зейнеткерлікке шыққан кезде
  әлеуметтік қамсыздандыруды,
  барлық жеңілдіктер мен
  артықшылықтарды сақтау
  қағидаларына қосымша

Құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша
зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамтамасыз етуді, барлық жеңілдіктер мен
артықшылықтарды сақтай отырып, арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді
иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарды тіркеу
туралы
АНЫҚТАМА

      ___________________________ берілді

      (мемлекеттік органның, бөлімшенің атауы)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________

      2. Жойылу сәтіндегі арнаулы атағы (сыныптық шені) _____________

      3. Құқық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жойылу сәтіндегі атқарған лауазымы _____________________________________

      4. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылуына байланысты мемлекеттік немесе азаматтық лауазымға ауыстыру туралы

      2012 жылғы "____"_________ № ______ бұйрық.

      Мөр орны Органның кадр қызметінің басшысы


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  5 қосымша
   

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
     


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  6 қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  7 қосымша


      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  8 қосымша
   


      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  9 қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  10 қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  11 қосымша
   

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  12 қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2014 жылғы 27 қазандағы

№1140 қаулысына


13 қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  14 қосымша
   

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  15 қосымша
   

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  16 қосымша
   

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  17 қосымша
   

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  18 қосымша
   

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  19 қосымша
   

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  20 қосымша

      Ескерту.К үші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  21 қосымша

      Ескерту.К үші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2014 жылғы 27 қазандағы
  № 1140 қаулысына
  22 қосымша

      Ескерту.К үші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады