Қазақстан Республикасының Үкіметі, Әзербайжан Республикасының Үкіметі, Грузия Үкіметі және Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз учаскесінде темір жол-теңіз қатынасындағы транзиттік тасымалдарды дамыту туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1150 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзербайжан Республикасының Үкіметі, Грузия Үкіметі және Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз учаскесінде теміржол-теңіз қатынасындағы транзиттік тасымалдарды дамыту туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Қазақстан Республикасының Үкіметі, Әзербайжан Республикасының Үкіметі, Грузия Үкіметі және Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз учаскесінде теміржол-теңіз қатынасындағы транзиттік тасымалдарды дамыту туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ толықтырулар мен өзгерістер енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 қазандағы
№ 1150 қаулысымен
мақұлданған

      Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Әзербайжан Республикасының Үкіметі,
Грузия Үкіметі және Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық
Республикасының мемлекеттік шекарасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі -
Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз учаскесінде
теміржол-теңіз қатынасындағы транзиттік тасымалдарды дамыту туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Әзербайжан Республикасының Үкіметі, Грузия Үкіметі және Түрік Республикасының Үкіметі
      Еуропа, Қара теңіз, Кавказ, Каспий теңізі мен Азия өңірлерінде экономикалық қатынастарды, сауданы одан әрі дамыту мен көлік қатынасын жетілдірудің маңыздылығын мойындай отырып;
      халықаралық нарыққа қолжетімділікті оңайлату және ТРАСЕКА дәлізі бойынша жүктерді транзиттік тасымалдауға жәрдемдесу қажеттігін ескере отырып;
      Қытай Халық Республикасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз бағытында жүктердің халықаралық мультимодальды тасымалдарын жетілдіру саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында;
      халықаралық теміржол көлігі жөніндегі Негізгі Келісімге техникалық қосымшаның және ТРАСЕКА мультимодальдық тасымалдарын дамыту туралы келісімнің ережелеріне сәйкес
      төмендегілер туралы уағдаласты:
 

1-бап
Жалпы ережелер

      1. Осы Келісім Қытай Халық Республикасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз бағытында жүктердің халықаралық теміржол-теңіз мультимодальдық тасымалдары саласындағы Тараптардың өзара қатынастарын айқындайды.
      2. Тараптардың құзыретті органдары:
      1) Қазақстан Республикасы тарапынан - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
      2) Әзербайжан Республикасы тарапынан - Көлік министрлігі;
      3) Грузия тарапынан - Экономика және орнықты даму министрлігі;
      4) Түрік Республикасы тарапынан - Көлік, теңіз қатынасы және коммуникация министрлігі болып табылады.
      3. Құзыретті органдардың ресми атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі дереу хабарлайды.
      4. Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және олар қатысушысы болып табылатын, Тараптар мемлекеттері арасында жасалған халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.
 

2-бап
Келісімнің мақсаттары

      1. Осы Келісімнің мақсаттары:
      1) Қытай Халық Республикасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі- Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз бағытында жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру үшін көлік байланыстарының тиімділігін арттыру;
      2) жүктерді одан әрі контейнерлендіруге және мультимодальдық тасымалдарды дамытуға жәрдемдесу;
      3) Келісім Тараптары мемлекеттерінің теміржол көлігі субъектілерінің халықаралық көрсетілетін қызметтер нарығына қолжетімділігін оңайлатуға жәрдемдесу және Қытай Халық Республикасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы -Қара теңіз бағытында жүктерді тасымалдау кезінде теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тапсырыс берушілер үшін тең жағдайлар жасау;
      4) сауда кеме қатынасын дамытуға және Қытай Халық Республикасы - Қазақстан Республикасы - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы бағытында Қара теңіз бен Каспий теңізінде жүк ағындарын тартуға жәрдемдесу;
      5) осы Келісімнің Тараптары мемлекеттерінің порттары арасындағы тасымалдардың дамуын қиындататын кедергілерді жоюда ынтымақтасу;
      6) жалпыға бірдей қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес қозғалыс қауіпсіздігін, жүктердің сақталуын және қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;
      7) осы Келісім Тараптарының тиімді көлік-логистикалық әлеуетін дамыту болып табылады.
      2. Осы Келісімнің 2-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарға сәйкес Тараптар өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес:
      1) Тараптар мемлекеттерінің аумағы арқылы транзиттік жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға;
      2) транзиттік тасымалдарға бәсекеге қабілетті тарифтерді қалыптастыруға, барлық тараптар тағайындайтын және маркетингтік жоспарда тағайындалатын бірыңғай бас тарифпен келісуге;
      3) ұлттық заңнамаға сәйкес СІМ/SМGS бірыңғай көлік жүкқұжатын пайдалануға;
      4) елдердің нарықтарында, әлеуетті жүк жөнелтушілердің өңірлеріне бірлескен мониторинг жүргізу жөніндегі бағдарламаларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, Тараптар порттарының бағыты бойынша жүк ағындары көлемін ұлғайту бойынша бастамаларды жан-жақты бірлескен қолдауға;
      5) қолданыстағы жүк ағындарын одан әрі дамытуға және ТРАСЕКА дәлізінің және осы Келісім Тараптары порттарының жаңа транзиттік мүмкіндіктерін іздеуге бағытталған зерттеу жүргізуге;
      6) тиісті жылжымалы құрамға және тасымалдау құралдарына тиісті қажеттіліктерге уақтылы бақылау жүргізуге; транзиттік жүктердің өтуіне оңтайлы өту уақытын қамтамасыз ету мақсатында олардың аумағына/нан бара жатқан жылжымалы құрам мен үшінші елдерге транзит үшін барлық қажетті техникалық жағдайлармен (RIV, біліктік жүктеме, жол табанның ені және т.б.) қамтамасыз етуге;
      7) жалпыға бірдей қабылданған әлемдік практикаға сәйкес контейнерлерді тасымалдау кезінде көліктік логистика мәселелерін реттеу жөнінде жұмыстар жүргізуге;
      8) порттар арасында теміржол маршруттық поездармен болашақта өңірлік және халықаралық мультимодальдық контейнерлік тасымалдарды жүзеге асыруға дайындау мақсатында нарықты кеңейту процестеріне жәрдемдесуге;
      9) әрқайсысы монополиясыз пайдалана алатын, оған сәйкес Тараптар теміржол көрсетілетін қызметтерінің және жеткізушілер теміржол операторы болып қалатын, сондай-ақ маршрут бойы қажетті инфрақұрылымды және оның техникасын инвестициялайтын әрбір өңірде осындай құрылым құруға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды.
 

3-бап
Жүктердің халықаралық тасымалдарына жәрдемдесу

      1. Тараптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес өз мемлекетінің аумағы арқылы жүктердің халықаралық транзиттік тасымалдарына тиімді жәрдем көрсетеді.
      2. Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Тараптар Қытай Халық Республикасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз бағытында жүктерді тасымалдау кезінде келісілген тарифтік саясатты жүргізеді.
      3. Грузия және Түрік Республикасы теміржол-паромдық қосылысы бар теңіз порттары арасындағы теміржол-паромдық қатынасты ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажетті келісімді қабылдайды.
      4. Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы және Грузия өздерінің теміржол жүк вагондарының (контейнерлерінің) теміржол-паромдық қатынастар арқылы Түрік Республикасының теңіз порттарына қатынайтынына келіседі.
 

4-бап
Үйлестіру Кеңесі

      1. Осы Келісімді іске асыруға қатысты мәселелерді реттеу мақсатында Тараптар өз өкілдерінен тұратын Тараптар тағайындаған, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Үйлестіру кеңесін құрады.
      2. Үйлестіру кеңесі жүк тасымалдауды ұйымдастыру және оның тарифтік саясат мәселелерін қарайды, Қытай Халық Республикасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз бағытында жүк вагондарымен тасымалдау, техникалық қызмет көрсету, қамтамасыз ету және пайдалану шарттарын айқындайды.
      3. Үйлестіру кеңесі Тараптар аумағында ағылшын әліпбиі бойынша мемлекеттер атаулары тәртібімен кезек-кезек жылына кемінде бір рет немесе Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша жиналады. Қабылдаушы Тарап Үйлестіру кеңесінің төрағасы болады.
      4. Тараптардың құзыретті органдарының қажет болған жағдайда басқа мамандарды Үйлестіру кеңесінің отырысына шақыруға құқығы бар.
 

5-бап
Дауларды шешу

      1. Осы Келісімді қолдануға және бұзуға байланысты туындайтын және келіссөздер жолымен шешілмейтін келіспеушіліктер немесе талаптар Үйлестіру кеңесіне қарауға және реттеуге беріледі.
      2. Егер Үйлестіру кеңесі даулы мәселелерді реттеуде келісімге келе алмаса олар халықаралық құқық нормаларына сәйкес дипломатиялық арналар арқылы шешілетін болады.
 

6-бап
Келісімге қосылу

      1. Осы келісімнің барлық Тараптары келіскен жағдайда, депозитарийге дипломатиялық арналар арқылы қосылу туралы құжаттарды беру жолымен оның мақсаттарымен және қағидаттарымен келісетін кез келген мемлекеттің қосылуы үшін Осы келісім ашық.
      Осы келісімнің тараптары жоғарыда айтылған өзінің келісімін депозитарийге дипломатиялық арналар арқылы білдіреді.
      Осы Келісім қосылған мемлекет үшін Тараптардың қосылу үшін ұсынған соңғы келісімін депозитарий алған күннен кейін 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
      2. Қосылу туралы құжаттар осы Келісімнің 9-бабында көрсетілген депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      3. Қосылған Тарап өзінің құзыретті органдары туралы депозитарийді жазбаша түрде хабардар етеді, депозитарий бұл туралы осы Келісімнің өзге де Тараптарын хабардар етеді.
 

7-бап
Келісімге өзгерістер мен толықтырулар

      1. Барлық Тараптардың келісуімен осы Келісімнің ережелеріне осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын Хаттамалармен ресімделген өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      2. Өзгерістер мен толықтырулардың ұсынылған мәтіндерін, депозитарий Тараптар арасында ұсынылған мәтіндерді ресми түрде алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде қолданады.
      3. Өзгерістер мен толықтырулардың бар ұсынылған мәтіндерін Тараптар ресми түрде алған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде қарайды.
      4. Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар барлық Тараптардың келісуі бойынша мәтін ұсынылған күннен бастап 8 (сегіз) айдан кешіктірілмей қабылданады.
      5. Тарап не Тараптар түзетулердің мәтіндерін қабылдамаған жағдайда, осы Келісім Тараптарының әрқайсысы Келісімді ескертпелерімен қабылдауға құқылы.
      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілгендей, Тараптар мақұлдаған жағдайда осы Келісімге кез келген өзгеріс осы Келісімнің 8-бабы 1-тармағына сәйкес көзделгендей күшіне енеді.
 

8-бап
Келісімнің күшіне енуі, қолданылу мерзімі және қолданысын тоқтату

      1. Осы Келісім Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді. Депозитарий осы Келісімнің күшіне енгені туралы барлық Тараптарға хабарлайды.
      2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
      3. Тараптардың әрқайсысы кез келген уақытта депозитарийді бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар ете отырып, осы Келісімнен шыға алады, бұл жағдайда Келісім бұл Тарап үшін оның осы Келісімнен шығу туралы хабарламасын депозитарий алған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң күшін жоғалтады.
      4. Осы Келісімге сәйкес Тараптың өзіне қабылдаған міндеттемелері ол Келісімнен шыққаннан кейін де, олар толық орындалғанға дейін күшін сақтайды.
 

9-бап
Депозитарий

      1. Осы Келісімнің депозитарийі Әзербайжан Республикасы болып табылады.
      2. Депозитарий Тараптарға осы Келісімнің куәландырылған көшірмелерін береді, Тараптарға осы Келісімге кез келген басқа қатысушының қосылғаны немесе жеке Тарап үшін немесе барлық Тараптар үшін осы Келісім қолданысының тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
      20__ жылғы «___» __________ қаласында күші бірдей ағылшын және орыс тілдерінде төрт төлнұсқа данада жасалды. Даулар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтінінің күші басым болады.
 
 

      _______________________________________________
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
      _______________________________________________
      Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
      _______________________________________________
      Грузия Үкімет үшін
      _______________________________________________
      Түрік Республикасының Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады