"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 1160 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      1. Орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      2. Уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
      3. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі.
      4. Уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі.»;
      2) 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртібі
      1. Жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Егер өтініш берген кезде адамға мүгедектік белгіленген болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - ХҚО) беріледі, оған тізбесін орталық атқарушы орган бекітетін құжаттар қоса беріледі.
      Мүгедектік алған белгіленген кезде адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін МӘС бөлімшесіне жүгінуге құқылы.
      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жәрдемақы алуға құқығы бар адамның тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе ХҚО-ға беріледі, оған тізбесін орталық атқарушы орган бекітетін құжаттар қоса беріледі.
      ХҚО ұсынылған өтініштер мен оларға қоса берілген құжаттардың төлнұсқалылығын куәландырады және бір күн ішінде ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы оларды Орталыққа береді.
      ХҚО құжаттар көшірмелерінің ұсынылған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
      Жасына байланысты жәрдемақы тағайындау үшін адам «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы.
      3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
      4. Барлық қажетті құжаттармен бірге өтініштің осы баптың 2-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні жәрдемақы тағайындау үшін өтініш берген күн болып есептеледі.
      Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себебін жазбаша дәлелдеп, өтініш берушіге құжаттарын қайтаруға міндетті.
      5. Уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
      4-бап. Жәрдемақының бір түрін екіншісіне ауыстыру
      Жәрдемақы алушы адамның өтініші негізінде жәрдемақының бір түрін екіншісіне ауыстыру Орталыққа барлық қажетті құжаттарымен қоса өтінішті тіркеген күннен бастап орталық атқарушы орган белгілеген тәртіпте жүргізіледі.»;
      3) 5-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жәрдемақы тағайындау мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш Орталықта тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      4) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті органның, Орталықтың, ХҚО кінәсі бойынша уақытында алынбаған жәрдемақылар сомасы қандай да бір мерзіммен шектелмей, өткен уақыт үшін бір мезгілде төленеді.»;
      5) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мүгедек адамға зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталықтан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып, қайта қаралады.»;
      6) 9, 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Мүгедектік топтары
      Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.
      Мүгедектіктің себептерін, еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін, сондай-ақ мүгедек болған уақытты МӘС бөлімшесі анықтайды.
      Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.
      10-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі
      1. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы мүгедектіктің МӘС бөлімшесі белгілеген бүкіл кезеңіне тағайындалады.
      2. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда, жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектік тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.
      Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда, жәрдемақы еңбекке қабілетті деп танылған күнге дейін төленеді.
      3. Егер мүгедек адам қайта куәландыруға ол үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда, егер МӘС бөлімшесі оны сол кезеңде мүгедек деп таныса, тоқтатылған күнінен бастап, бірақ бір айдан аспайтын мерзім үшін қайта басталады.
      Дәлелді себептер бойынша қайта куәландыру мерзімін өткізіп алған жағдайда жәрдемақы төлеу, төлем тоқтатылған күннен бастап, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезең үшін мүгедек деп таныса, қайта куәландырылған күнге дейін, бірақ әрі кеткенде үш жылдан аспайтын мерзім үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, аталған уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.».
      2. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж, № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;»;
      мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
      5) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.»;
      2) 4-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6-баптарында айқындалған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарында айқындалған Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар;»;
      3) 5-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңның 4-бабында көрсетілген адамдар жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - ХҚО) өтініш береді, оған тізбесін орталық атқарушы орган бекітетін құжаттар қоса беріледі.
      ХҚО ұсынылған өтініштер мен оларға қоса берілген құжаттардың төлнұсқалылығын куәландырады және бір күн ішінде ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы оларды Орталыққа береді.
      ХҚО құжаттар көшірмелерінің ұсынылған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
      Заңның 4-бабы 1-1), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген адамдарға жәрдемақы тағайындау туралы өтініш оларға мүгедектік алғаш белгіленген кезде МӘС бөлімшесіне беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      «2-2. Жәрдемақы тағайындау мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш Орталықта тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
      4) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер мүгедек заңдарда белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін МӘС бөлімшесіне келмесе, онда жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедек деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
      Қайта куәландырудың мерзімін дәлелді себеп бойынша өткізіп алған жағдайда жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңге мүгедек деп таныса, төлем тоқталған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан асатын уақытқа жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.»;
      5) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау негіздемесі жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.».
      3. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс өтілі бар адамдарға берілетін ақшалай төлем;
      2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелері;
      3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;»;
      2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Жәрдемақы тағайындау тәртібі мен мерзімдері
      1. Жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.
      Бұл ретте жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа дейін жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан жәрдемақы тағайындалады.
      2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - ХҚО) береді, оған тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріледі.
      ХҚО ұсынылған өтініштер мен оларға қоса берілген құжаттардың төлнұсқалылығын куәландырады және бір күн ішінде ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы оларды Орталыққа береді.
      ХҚО құжаттар көшірмелерінің ұсынылған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
      3. Жәрдемақы тағайындау мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш Орталықта тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
      4. Барлық қажетті құжаттармен бірге өтініштің Орталықта немесе ХҚО-да тіркелген күні жәрдемақы тағайындау үшін өтініш берген күн болып есептеледі.
      Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептерін жазбаша негіздеуге және өтініш берушіге құжаттарды қайтаруға міндетті.
      5. Жәрдемақы орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.».
      4. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттармен қоса тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.»;
      2) 4-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган, халыққа қызмет көрсету орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркеп, өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.
      Халыққа қызмет көрсету орталығы ұсынылған өтініштер мен оларға қоса берілген құжаттардың төлнұсқалылығын куәландырады және бір күн ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы оларды уәкілетті органға береді.
      Халыққа қызмет көрсету орталығы құжаттар көшірмелерінің ұсынылған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
      Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияларға қорытынды дайындау үшін тапсырады.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға береді.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау өтініш беруші ұсынған, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттар мен мәліметтердің, сондай-ақ учаскелік комиссия қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.»;
      3) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.»;
      4) 6-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде табыс етілетін құжаттар және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.
      Отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған табыстардың барлық түрі енгізіледі.».
      5. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат, № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13-2), 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;»;
      «14-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;»;
      2) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде өтініш берушіге Орталықтың құрылымдық бөлімшелері немесе халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жазбаша нысанда хабарлауға;»;
      3) 12-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (егер өтініш берген кезде адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне немесе ХҚО-ға әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
      1-2) МӘС бөлімшесіне еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш белгіленген кезде еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
      1-3) жұмыссыз ретінде тіркелген кезде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
      1-4) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініш беруге;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мен осы тармақта көрсетілген өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың осы Заңда белгіленген әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты әрекетіне шағымдануға құқығы бар.»;
      4) 14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      5) 20-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган нысандағы өтінішті өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырылады. Өтінішке тізбесін әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін құжаттар қоса беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған орган өтініш берушіні қағаз құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
      Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтінішті қабылдайтын орган немесе ұйым көшірмелердің ұсынылған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, ұсынылған өтініш пен қоса берілген құжаттардың төлнұсқалылығын куәландырады және ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы оларды бір күн ішінде Орталықтың құрылымдық бөлімшесіне жолдайды.»;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орталықтың құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемдер тағайындауға қажетті құжаттар қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға береді.
      3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды шешім берушіге Орталықтың құрылымдық бөлімшелері немесе ХҚО арқылы қайтарады.»;
      6-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда - МӘС бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысының жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеген күнінен бастап;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы Заңның 12-бабы 1-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда өтініш тіркелген күн Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш берілген күн ден есептеледі.
      Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш Орталықта тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
      6) 21-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін куәландыруды және белгілеуді МӘС бөлімшесі Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады.»;
      7) 22-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      8) 23-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
      9) 23-1-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
      10) 23-2-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
      6. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1 -баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;»;
      2) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді Орталық бөлімшесіне немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.»;
      3) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тиісті уәкілетті орган қажетті, оның ішінде электрондық құжаттармен бірге өтінішті олар Орталық бөлімшесінде немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген күннен бастап қарайды, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда - мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.».
      7. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 12), 16), 17), 24) және 39) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) зейнетақы - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, уәкілетті ұйымнан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;»;
      «16) зейнетақы төлемдері:
      уәкілетті ұйымнан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне барабар жүзеге асырылатын ақша төлемдері;
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан - зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;
      17) зейнетақы алушы (бұдан әрі - алушы) - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдері және (немесе) мемлекеттік зейнетақы төлемі тағайындалған және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке тұлға;»;
      «24) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - осы Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толған соң жеке тұлғаға уәкілетті ұйымнан берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;»;
      «39) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;»;
      2) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтарға осы Заңда белгіленген жағдайлар басталған кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алу құқығына кепілдік берілген.»;
      3) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
      14-1-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі мен мерзімдері
      1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш азаматтың тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - ХҚО) беріледі, оған тізбесін орталық атқарушы орган бекітетін құжаттар қоса беріледі.
      ХҚО ұсынылған өтініштер мен оларға қоса берілген құжаттардың төлнұсқалылығын куәландырады және бір күн ішінде ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы оларды Орталыққа береді.
      ХҚО құжаттар көшірмелерінің ұсынылған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін адамдар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы.
      2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау мерзімі қоса берілген құжаттармен бірге өтініш Орталықта тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
      3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырады.
      4. Өтініш пен қажетті құжаттардың Орталықта немесе ХҚО-да тіркелген күні мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін өтініш берілген күні болып есептеледі.»;
      4) 15-бапта:
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш берілген күнге уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген табыс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін талап етілетін еңбек өтілінен артық жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ ол зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспайды.
      5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, әскери қызметшілерге, ішкі істер органдары, прокуратура, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлеріне және зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдарға Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспайды.»;
      5) 17-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.
      3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде жәрдем көрсетуге міндетті.»;
      6) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері
      1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш азаматтың тұрғылықты жері бойынша Орталыққа беріледі, оған тізбесін орталық атқарушы орган бекіткен құжаттар қоса беріледі.
      2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындау мерзімі қоса берілген құжаттармен бірге өтініш Орталықта тіркеген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
      3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төлемін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүзеге асырады.
      4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Өтініштің қоса берілген құжаттармен бірге Орталықта тіркелген күні Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш берілген күн болып саналады.
      5. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеуге және ұсынылған құжаттарды өтініш берушіге қайтаруға міндетті.
      6. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.»;
      7) 19-бап алып тасталсын;
      8) 20-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның төлем тағайындауы үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыру;»;
      9) 21 және 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
      1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді.
      2. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің осы Заңның 15-бабының 5-тармағында және 64-бабында көзделген шектеулер мен жағдайлар ескеріле отырып, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.
      3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және Орталықтан  төленетін зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша тағайындалуы және төленуі мүмкін.
      4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
      22-бап. Өткен уақыт үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алу
      Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш берер алдындағы үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
      2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның, Орталықтың немесе ХҚО кінәсінен уақтылы алынбаған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен Орталық төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы өткен уақыт үшін мерзімдері шектелмей төленеді.»;
      10) 57-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) салық органдарына - тұлғаның міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік әлеуметтік жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жатқызуға) байланысты мәселелер бойынша;».
      2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацын, 2-тармағы 3-тармақшасының алтыншы абзацын, 5-тармағы 3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады