"Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлей үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1170 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 356 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.06.2016 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1189-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларында:
      3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мемлекеттік бақылаушы - уәкілетті органның мамандандырылған не Қазақстан Республикасының кеден ісі саласында уәкілетті органы айқындаған кеден бекеттерінде асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын және «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген мемлекеттік бақылау актілерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын өкілі;»;
      11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.»;
      19-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      20-тармақтың 1) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Мемлекеттік бақылаушы Қағидалардың 18-тармағында, қажет болса, Қағидалардың 19 (сондай-ақ, осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген асыл тастарды қоспағанда, өңделмеген асыл тастардың экспортына арналған лицензияның көшірмесінің болуы), 20 (сондай-ақ, асыл тастардың (гауһардан басқа) экспортына арналған лицензияның көшірмесінің болуы, уәкілетті органның сараптамалық комиссиясының хаттамасының болуы (өзінің сипаттамалары бойынша бірегей санатқа жатқызылуы мүмкін сатып алынған өңделмеген асыл тастарда немесе дайын өнімде асыл тастар болған жағдайда) және 21-тармақтарында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дәйектілігін тексереді, тексеруден кейін асыл тастар үшін Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар үшін Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі - акт) ресімдейді.»;
      екінші бөліктің үшінші абзацы алып тасталсын;
      24-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларында:
      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік бақылаушы - уәкілетті органның мамандандырылған не Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы айқындаған кеден бекеттерінде өңделмеген табиғи алмасты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын және «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген мемлекеттік бақылау актілерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын өкілі»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.»;
      24-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады