Қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1179 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 қарашадағы
№ 1179 қаулысымен
бекітілген

Қызметiн ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.10.2019 № 768 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Ішкі істер министрі.

      2. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

      3. Ішкі істер министрінің орынбасары.

      4. Комитет төрағасы.

      5. Комитет төрағасының орынбасары.

      6. Департамент бастығы.

      7. Департамент бастығының орынбасары.

      8. Дербес басқарма бастығы.

      9. Дербес басқарма бастығының орынбасары.

      10. Комитеттің басқарма бастығы.

      11. Комитеттің басқарма бастығының орынбасары.

      12. Комитеттің дербес бөлімінің бастығы.

      13. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаментінің бастығы.

      14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары.

      15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаментінің қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының бастығы.

      16. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаментінің қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдары бастығының орынбасары.

      17. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы.

      18. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары.

      19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекеме бастығы.

      20. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекеме бастығының орынбасары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады