"Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1252 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 5, 6, 8, 9, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

5.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері бойынша оқу-әдістемелік, анықтамалық әдебиетті әзірлеу және шығару

Қаулыны стан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСӘДМ, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша)

25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай, 2013 – 2014 жылдар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: 2013 жылы – 14 395 мың теңге; 2014 жылы – 5 284 мың теңге

6.

Еңбек заңнамасының негіздері бойынша оқу және жарнамалық бейнероликтер әзірлеу

Қазақ стан Республикасының Үкіметі не ақпарат

ДСӘДМ, БҒМ, ИДМ

2013 жылғы 25 шілде және 2015 жылғы 25 қаңтар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: 2013 жылы – 28 290 мың теңге; 2014 жылы – 4 500 мың теңге

                                                              »;
      «

8.

Әлеуметтік әріптестердің қатысуымен еңбек жанжалдарын реттеу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізу

Қазақ стан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша)

Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай

Талап етілмейді

9.

Еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша интернет-конференциялар өткізу

Қазақ стан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша)

Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай

Талап етілмейді

10.

Ұйымдардың еңбек ұжымдары үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру бойынша семинарлар мен консенсусқа қол жеткізу үшін келіссөздер жүргізу дағдылары жөніндегі тренингтер өткізу

Қазақ стан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСӘДМ, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша)

Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: 2013 жылы – 45000 теңге; 2014 жылы – 45000 теңге; 2015 жылы – 45000 теңге

                                                              »;
      «

12.

Еңбек заңнамасының негіздері тақырыбы бойынша қолданыстағы ақпараттық-талдамалық бағдарламалар аясында сюжеттердің шығуын ұйымдастыру

Қазақ стан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИДМ, ДСӘДМ

Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 031 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

13.

Мемлекеттік органдар басшыларының, кәсіптік одақтар, жұмыс берушілер бірлестіктері өкілдерінің, жалдамалы қызметкерлердің еңбек заңнамасының неғұрлым өзекті мәселелері бойынша БАҚ-та сөз сөйлеулерінің медиа-жоспарын әзірлеу

Қазақ стан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСӘДМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша)

Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай

Талап етілмейді

                                                              »;
      «

15.

ДСӘДМ интернет ресурсының еңбек заңнамасы мәселелері бойынша контентін өзектілендіру

Қазақ стан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСӘДМ

Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай

Талап етілмейді

16.

Жұмыс беруші – қызметкер өзара қарым-қатынастары мәселелерін жариялау кезінде журналистердің сауаттылығын арттыру және еңбек дауларын дұрыс жариялау үшін оларға арналған арнайы семинарларды өткізу

Қазақ стан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСӘДМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай

Талап етілмейді

17.

Жұмыс берушілердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу

ДСӘДМ-ге ақпарат

Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша)

Жыл сайын, 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай

Талап етілмейді

18.

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссиялар отырыстарында қызметкерлердің және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының негіздері жөніндегі сауаттылығын арттыру мәселелерін жүйелі түрде қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілермен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша)

Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай

Талап етілмейді

                                                              »;

      ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады