Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 1279 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Волковгеология» акционерлік қоғамына «Таукент тау-кен-химия кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 0,002 %-ын, «Степное-КБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 0,001 %-ын, «КБ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 0,002 %-ын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады