Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысы.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1288 қаулысына
қосымша

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2021 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Р/с №

Келісетін мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
4. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
5. Құрамында психотроптық заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
4. Құрамында есірткі заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
5. Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

3


Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады