"Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудын 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1297 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      «1. Бағдарламаның Паспорты» деген бөлімде:
      «Міндеттерінде»:
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын дәйекті жаңартумен қоса жүзеге асыру;»;
      «Нысаналы индикаторларда»:
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «12 жылдық оқыту моделіне 1-сыныптан бастап дәйекті көшу жүзеге асырылған;»;
      «4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар» деген бөлікте:
      мына:

      «

білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған

40%

45%

60%

білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен

29%

50%

100%

орта білім беру ұйымдарында электрондық оқу жүйесі пайдаланылады

0

50%

90%

»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған

40%

47,3%

60,7%

білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында және «НЗМ» ДБҰ Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырған (5 жылда 1 рет)

29%

100%

80%

орта білім беру ұйымдарында электрондық оқу жүйесі пайдаланылады

0

14,2%

90%

»;

      мына:

      «

2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған

0

1, 5, 11 сыныптар

1-10, 12 сыныптар

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны

6

20

20

»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

2015 жылдан бастап 12 жылдық оқыту моделіне біртіндеп көшу жүзеге асырылған

0

1-сыныптар (апробация)

1, 2, 3, 4, 5-сыныптар

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің саны

6

20

20

»;

      мына:

      «

РІSА, ТІМSS, РІRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулерден қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері

ТІМSS: 7-11 орын

РІSА: 50-55 орын, ТІМSS: 10-15 орын

РІSА: 40-45 орын, ТІМSS 10-12 орын, РІRLS: 10-15 орын

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

РІSА, ТІМSS, РІRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының нәтижелері

ТІМSS: 7-11 орын

РІSА: кемінде 450 балл, ТІМSS: 4 және 8-сыныптар үшін кемінде 500 балл

РІSА-2018: кемінде 480 балл, ТІМSS-2019: 4 және 8-сыныптар үшін кемінде 520 балл, РІRLS-2016: кемінде 450 балл, ІСІLS-2018: кемінде 450 балл

»;

      мына:

      «

қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі

40%

75%

80%

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі

40%

85%

95%

»;

      мына:

      «

жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі

50%

78%

80%

әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны

0

1

2

»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі

50%

80%

82%

әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның ЖОО-ның саны

0

QS рейтинг «ТОП-600+»: 2 ЖОО

QS рейтинг «ТОП- 600+»: 4 ЖОО

»;

      «Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады» деген бөлікте:
      мына:

      «

магистр дәрежесі бар бейіндік мектеп педагогтерінің үлесі

0%

кемінде 10%

кемінде 20%

ЖАО, БҒМ

педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың үлесі

2,6%

4,5%

6%

ЖАО, БҒМ

»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен бастауыш сыныптар педагогтерінің үлесі

0%

0,3%

100%

ЖАО, БҒМ

педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың үлесі

2,6%

4,5 %

6%

ЖАО, БҒМ

»;

      мына:

      «

академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесінің мамандарының үлесі

3,4%

5%

15%

ЖАО, БҒМ

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесінің ПОҚ үлесі

3,4%

37,5%

40%

ЖАО, БҒМ

»;

      мына:

      «

азаматтық жоғары оқу орындарына корпоративті басқару принциптерін енгізу

44%

65%

90%

БҒМ

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

азаматтық жоғары оқу орындарына корпоративті басқару қағидаттарын енгізу

44%

70%

90%

БҒМ, ДСӘДМ

»;

      мына:

      «

үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесі

0,9%

0,2%

0

ЖАО, БҒМ

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесі

0,9%

0,8%

0

ЖАО, БҒМ

»;

      мына:

      «

оқушылардың жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен қамтылған оқушылар үлесі

8 %

12 %

14,5 %

ТСМ

көркем, музыкалық, техникалық, ғылыми шығармашылықпен қамтылған мектеп жасындағы балалардың үлесі

21,5%

23%

38%

ЖАО, БҒМ

»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

оқушылардың жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен қамтылған оқушылар үлесі

8%

12%

14,5 %

МСМ

жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы мектеп оқушыларының жалпы санынан қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесі

21,5%

60%

75%

ЖАО, БҒМ

»;

      мына:

      «

даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі

9%

25%

50%

ЖАО, ЕХӘҚМ, БҒМ

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі

9%

25%

50%

ЖАО, ДСӘДМ, БҒМ

»;

      мына:

      «

мамандықтардың жалпы санынан кәсіптік стандарттармен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі

0%

30%

90%

ЕХӘҚМ, ИЖТМ, жұмыс берушілер қауымдастығы

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

мамандықтардың жалпы санынан кәсіптік стандарттармен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі

0%

35%

90%

ДСӘДМ, салалық министрліктер, БҒМ, жұмыс берушілер қауымдастығы

»;

      мына:

      «

жұмыс берушілердің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген техникалық және кәсіптік білімнің біріктірілген білім беру-оқыту бағдарламаларының үлесі

20%

40%

70%

БҒМ, ЖАО, жұмыс берушілер қауымдастығы

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындардың жалпы санынан кәсіпорындар базасында практикадан өтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген білім алушылар үлесі

80%

85%

90%

ЖАО, БҒМ, салалық министрліктер, жұмыс берушілер қауымдастығы, «Атамекен» Одағы

»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

жұмыс берушілердің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген техникалық және кәсіптік білім берудің кіріктірілген білім беру-оқыту бағдарламаларының үлесі

20%

35%

70%

БҒМ, ДСӘДМ, ЖАО, жұмыс берушілер қауымдастығы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындардың жалпы санынан кәсіпорындар базасында практикадан өтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген білім алушылар үлесі

80%

87%

90%

ЖАО, БҒМ, салалық министрліктер, жұмыс берушілер қауымдастығы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

»;

      мына:

      «

техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы жастардың үлесі

17,6%

20%

23%

ЖАО, БҒМ

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы жастардың үлесі

17,6%

16,8%

17,8%

ЖАО, БҒМ

»;

      мына:

      «

жатақханалардағы ТжКБ оқушылары үшін жаңадан енгізілген орын саны

0

1300 орын

1500 орын

ЖАО

ТжКБ оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақтандырылған оқу орындарының үлесі

36%

75%

90%

ЖАО, БҒМ

»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

жатақханалардағы ТжКБ оқушылары үшін жаңадан енгізілген орын саны

0

2480 орын

2408 орын

ЖАО

ТжКБ оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақтандырылып жұмыс істеп тұрған оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханалардың үлесі

36%

42%

55,7%

ЖАО, БҒМ

»;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

ТжКБ оқу орындарының жалпы санынан дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізгендерінің үлесі



48%

70%

ЖАО, БҒМ, ДСӘДМ

»;

      мына:

      «

2015 жылдан бастап, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары магистратурада, докторантурада, бакалавриатта - бір семестрден бір академиялық жылға дейін оқиды, ғылыми тағылымдамадан өтеді

69%

100%

100%

БҒМ

Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапханаға қолжетімділігі бар жоғары оқу орындарының үлесі

26%

55%

100%

БҒМ

»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

2015 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары магистратурада, докторантурада, резидентурада оқиды, тағылымдамадан өтеді (жылына 900-ден аспайтын стипендиялар беру)

69%

100 %

100%

БҒМ

Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапханаға қолжетімділігі бар жоғары оқу орындарының үлесі

26%

80%

100%

БҒМ

»;

      мына:

      «

жоғары оқу орындарының жалпы санынан ғылыми және жобалау-конструкторлық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін құрған жоғары оқу орындарының үлесі

*

10%

25%

БҒМ

магистратура мен докторантураны аяқтаған және жоғары оқу орындарын бітірген жылы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі

*

10%

30%

БҒМ

»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

азаматтық жоғары оқу орындарының жалпы санынан ғылыми және жобалау-конструкторлық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін құрған жоғары оқу орындарының үлесі

*

10%

25%

БҒМ, ДСӘДМ

магистратура мен докторантураны аяқтаған және жоғары оқу орындарын бітірген жылы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға, оның ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі

*

15%

30%

БҒМ

»;

      мына:

      «

жұмыс берушілермен бірлесіп, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары үшін модульдік оқу бағдарламаларының саны

0

20 бірлік

25 бірлік

БҒМ, жұмыс берушілер, ЕХӘҚМ

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

жұмыс берушілермен бірлесіп, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары үшін модульдік оқу бағдарламаларының саны

0

20 бірлік

25 бірлік

БҒМ, жұмыс берушілер, ДСӘДМ

»;

      «5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар» деген бөлімде:
      «Педагог мәртебесі» деген кіші бөлімде:
      «Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету» деген бөлікте:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберінде орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін ағылшын тілді педагог кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі;»;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагог кадрлары қысқа мерзімді, оның ішінде мазмұнды жаңарту бойынша, сондай-ақ деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.»;
      он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жыл сайын мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің педагог кадрларының, оның ішінде:
      мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды біріктірілген түрде оқыту (инклюзивті білім);
      даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс;
      жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін мамандардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырыс бөлінеді.»;
      «Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту» деген бөлікте:
      он алтыншы абзац алып тасталсын;
      «Білім беру менеджменті» деген кіші бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар:
      Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған (2015 жылы - 47,3%, 2020 жылы - 60,7%).
      Білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында және «НЗМ» ДБҰ Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырған (5 жылда 1 рет) (2015 жылы - 100%, 2020 жылы - 80%).»;
      «Білім беруді басқару жүйесі» деген бөлімде:
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заманауи менеджмент технологияларын енгізу үшін білім беру ұйымдарының басшылары 5 жылда 1 рет менеджмент саласында және «НЗМ» ДБҰ Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өтеді.»;
      он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім беру ұйымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және ЖОО-лардағы сыбайлас жемқорлық пайызын азайту үшін әлеуметтік зерттеулер мен акциялар өткізіледі.»;
      «Е-Lеаrning» электрондық оқыту» деген бөлікте:
      «Мақсаты:» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мақсаты:
      Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасын қалыптастыру арқылы ақпараттық және медиасауаттылықты, сыни ойлауды, зерттеу дағдыларын, шығармашылық міндеттерді шешуге қабілеттілікті, командада жұмыс істей білуді, дербестікті, азаматтық жауапкершілікті қамтитын оқушылардың XXI ғасырда қажетті дағдыларын дамыту болып табылады.»;
      «Міндеті:» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Міндеттері:
      1. Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді ЭО бөлігінде жетілдіру.
      2. Орта мектептің оқу-тәрбие процесін сүйемелдеу үшін мемлекеттік тілге басымдық бере отырып, үш тілде цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу.
      3. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының арасында желілік өзара іс-қимыл жасау мен ынтымақтастықты ұйымдастыру.
      4. Ақпараттық білім беру ортасының құрылымын дамыту арқылы білім беруді басқарудың тиімділігін арттыру.»;
      «Нысаналы индикатор» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикатор:
      Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015 жылы - 14,2 %, 2020 жылы - 90 %).»;
      «Электрондық оқытуды енгізу» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЭО енгізу нәтижесінде ЭОЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық база сәйкес келтіріледі. Сондай-ақ ЭО-ны білім берудің жаңа мазмұнына кіріктіру жүзеге асырылады және мемлекеттік тілге басымдық бере отырып, орта мектептің оқу-тәрбие процесін іске асыру үшін қажетті сапалы ресурстардың кең спектрін қамтитын Ұлттық ЦБР каталогы құрылады.
      Білім беру процесінің барлық қатысушыларына ашық білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі және қатысушылардың желілік өзара іс-қимыл жасауы үшін жағдай жасалып, елде орта білім беру жүйесін басқару процестері автоматтандырылады және базалық жарақтандыру стандартына сәйкес орта мектептердің техникалық инфрақұрылымы жасалады.
      Білім беру процесінің әрбір қатысушысы сапалы білім беру ресурстары мен инструментарийіне қол жеткізеді, тиісті құзыреттерге ие болады.
      Білім алудың қолжетімдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету нәтижесінде әрбір оқушы Интернетке шығуға болатын кез келген жерден ЦОР-дың кең спектріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады, бұл зерделенетін ақпараттың кеңеюіне және оқыту қарқындылығын арттыруға жәрдемдеседі. Оқушының тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, элитарлығы мен материалдық қамтамасыз етілуіне қарамастан, білім алудың тең мүмкіндіктері жасалады. Әрбір оқушы оқу қарқынын өзі белгілеп, оқыту процесін дербестендіруді қамтамасыз ету есебінен сабақтың уақыты мен мұғалімнен тәуелсіз бола алады.
      Электрондық оқытуды енгізу шеңберінде оқу процесі оқушы үшін ізденіс қызметінің «бойлау» ортасына айналады, мұнда мұғалім фасилитатор рөлін атқарады, педагогикалық өзара іс-қимыл жасау «субъект - субъект» схемасы бойынша іске асады. Мұғалім ақпарат таратушы, консультант және үйлестіруші функцияларынан арылады, бұл оқушылармен жеке қосымша жұмыс істеуге уақыт бөледі.
      Мұғалім үшін бөліп таратылған оқыту жүйелері мен бірыңғай стандарттарды қолдану есебінен оқыту саласындағы озық тәжірибені пайдалану мен тираждау мүмкіндігі пайда болады.
      Сапалы білім беруге қолжетімділікті кеңейту есебінен білім берудің көрсетілетін қызметтеріне қанағаттанушылық дәрежесі, сондай-ақ оқушылар ата-аналарының да хабардар болуы мен білім беру процесіне қатысуы артады.
      Білім беру қызметтері адамдардың неғұрлым кең ауқымына ұсынылады. Білім беру жүйесін басқару процестерін автоматтандыру және оқу орталығынан шалғай болуына қарамастан, кадрлардың біліктілігін өндірістік қызметтен қол үзбей орталықтандырылған түрде арттыру қамтамасыз етіледі.
      Сапалы білімге мүдделі барлық тараптардың күш-жігерін жұмылдыру үшін мүмкіндіктер жасалады, әртүрлі қоғамдастықтардың әлеуметтік жауапкершілігі артады, білім беру жүйесінің ашықтығы және оқушылар мен педагогтердің қызметі нәтижелерінің транспаренттігі қамтамасыз етіледі.»;
      «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» деген кіші бөлімде:
      «Мақсаты» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мақсаты:
      Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру.»;
      «Міндеттері» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Міндеттері:
      1. 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету.
      2. Балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.
      3. Республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту.
      4. Мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау.
      5. Мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін ұдайы арттырып отыруды жүзеге асыру.
      6. Инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіш құралдармен, жеделсатылармен және басқа да құрылғылармен жарақтау).
      7. Оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту.»;
      «Нысаналы индикатор» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикатор:
      3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (2015 жылы — 77,7%, 2020 жылы — 100%).»;
      «Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту» деген бөлікте:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің (ППТК) желісі кеңейтіледі. 2015 жылға дейін психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің (ППТК) желісі барлық балабақшалар санының 8%-ынан 30%-ына дейін өседі.»;
      «Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету» деген бөлікте:
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100 %-ға дейін ұлғайтылады;»;
      «Орта білім» деген кіші бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар:» деген бөлікте:
      бірінші, екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылдан бастап 12 жылдық оқыту моделіне дәйекті көшу басталды (2015 ж. - 1-сыныптар (байқаудан өткізу), 2020 ж. - 1, 2, 3, 4, 5-сыныптар).
      Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің саны (2015 жылы - 20 бірлік, 2020 жылы - 20 бірлік).»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «РІSА, ТІМSS, РІRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері (2015 ж.: РІSА: кемінде 450 балл, ТІМSS: 4 және 8-сыныптар үшін кемінде 500 балл, 2020 ж.: РІSА-2018: кемінде 480 балл, ТІМSS-2019: 4  және 8-сыныптар үшін кемінде 520 балл, РІRLS-2016: кемінде 450 балл, ICILS-2018: кемінде 450 балл).»;
      «Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу
      Орта білім берудің 12 жылдық моделіне көшу мақсатында Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды әзірлеу мен енгізу жоспарлануда, олардың негізінде орта білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту жүзеге асырылады.
      Жаңа МЖБС базалық қағидаты - орта білім беру мазмұнын жаңарту мен мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың негіздері ретінде құндылықтарды айқындау.
      Орта білім берудің құндылықтары тәртіп пен жасампаздық қызметті ынталандыратын оқушы тұлғасының өмірлік бағдарлары, өзін іске асырып, өз өмірі мен қоршаған ортаның сапасын жақсарта білетін адам тұлғасын қалыптастырудағы жетекші фактор болуға тиіс.
      Құндылықтарға негізделген орта білім беру Қазақстан Республикасының зияткерлік, физикалық және рухани жағынан дамыған азаматын дамыту, оның жылдам өзгеретін әлемде сәттілікті қамтамасыз ететін білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру және сол арқылы елдің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капитал қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағдарланған.
      Орта білім берудің аталған миссиясын іске асыру адамгершілік құндылықтарды нығайту, ұлттық-мәдени дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ өз Отанына деген жауапкершілікті алып жүруге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін алғышарттар жасайды.
      Құндылықтық білім беру жағдайында мектеп Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеяларды іске асыруға үлес қосып, патриоттық сезімдер ұялатуға және оларды өз елінің ашық, тілектес азаматтары етіп тәрбиелеуге жәрдемдесуі тиіс.
      Орта білім беру жүйесінің бітірушілері функционалдық жағынан сауатты ғана емес, сол сияқты:
      1) жауапкершілігін, белсенді азаматтық ұстанымын танытуға және өз елінің дамуына үлес қосуға;
      2) мәдениеттер мен пікірлердің сан түрлілігін сыйлауға;
      3) шығармашыл және сыни тұрғыдан ойлауға;
      4) коммуникативті және дос пейілді болуға;
      5) әлеуметтік жағынан жауапты және қамқор болуға;
      6) ақпараттық-коммуникативтік құралдар мен технологияларды тиімді пайдалануға;
      7) бүкіл өмір бойы білім алуға дайын болуға қабілетті болуы тиіс.
      2016 жылдан бастап 2017 жыл аралығында ғылыми зерттеулер, үздік педагогикалық практика мен 12 жылдық білім беруге көшу бойынша эксперимент нәтижелерін ескере отырып, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату негізінде МЖБС мен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары дәйекті енгізілетін болады.
      Барлық білім беру деңгейлерінің сабақтастығы олардың мазмұны мен оның модульдік құрылымын кіріктіру, оқыту нәтижелерін кең спектрдегі дағдыларға қол жеткізу мен оларды критерийлік бағалау жүйесі арқылы өлшеуге бағдарлау негізінде қамтамасыз етіледі.
      Орта білім берудің 12 жылдық моделіне көшумен қатар орта білім берудің 11 жылдық моделінің мазмұнын ішінара жаңарту болжанады. Қолданыстағы 11 жылдық оқыту моделі бойынша білім алатын оқушылар XXI ғасырда табысты, тыныс-тіршілік әрекеті үшін қажетті дағдыларды меңгеруі тиіс.
      «Қазақ тілі» (Т1, Т2), «Орыс тілі» (Я1, Я2), «Ағылшын тілі», «Информатика», «Жобалау қызметі» (6-9-сынып), «Жаһандық перспективалар мен жобалау қызметі» (10-11-сынып) пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарлар әзірленеді. 2015 жылы оларды сынаудан өткізу, ал 2016 жылы қолданыстағы 11 жылдық мектеп моделіне енгізу жоспарлануда.
      Жалпы орта білім берудің МЖБС жоғары білім берудің МЖБС-мен (баклавриат) кіріктіріледі - жоғары білім берудің жалпы білім беретін пәндері циклының жекелеген пәндері оқу жүктемесін ұлғайтусыз 11-12-сыныптардағы бейіндік оқыту бағдарламаларына ауыстырылады.
      Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленіп, сынаудан өткізіледі.
      Оқулықтар мен ОӘК-ні, электрондық оқулықтарды әзірлеу, түзеу білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен ОӘК-ні аудару және бейімдеу жүзеге асырылады.
      2015 жылы 12 жылдық оқыту моделінің бағдарламасы бойынша оқулықтар мен ОӘК, ал 2016 жылы - олардың сараптамасы әзірленеді.
      2016 жылдан бастап жалпы білім беру ұйымдарының барлық білім алушылары жергілікті бюджеттер есебінен тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі.
      2015 жылы 12 жылдық оқыту моделіне дәйекті көшу басталады.
      Алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйекте білім алушылардың жалпы саны шамамен 2,7 млн. баланы құрайды.
      Олардың қатарындағы 426 мыңнан астам бала, оның ішінде 12 жылдық бағдарлама бойынша 5337 бала 1-сыныпқа барады.
      2016 жылы - 341 мыңнан астам бала.
      Жинақталған тәжірибе мен халықаралық практиканы ескере отырып, 2015 жылдан бастап Қазақстанның білім беру жүйесінің құрылымы ХБСК сатыларына сәйкес келтіріледі. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтар жіктеуіші қайта қаралады. Орта техникалық және кәсіптік білімнің жекелеген білім беру бағдарламалары үшінші білім беру жүйесіне (қолданбалы бакалавриат) жатқызылады, колледждердің мәртебесі артады. Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына түсу үшін толық орта білімді аяқтау қажет.»;
      «Инклюзивті білім жүйесін дамыту» деген бөлікте:
      бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін: білім алушылардың оқу жетістіктерін бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейінде бағалаудың икемді жүйесі;
      мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
      Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерге, мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау және мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәртібін регламенттеу мәселесі пысықталады.»;
      он екінші, он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылға қарай қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайып, 700-ге жетеді.
      Бұдан басқа, республикалық жалпы орта білім беру мектептеріндегі үйірмелер мен секциялардың жұмысы жанданады, бұл балаларды қосымша біліммен қамтуды 60 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.»;
      «Техникалық және кәсіптік білім» деген кіші бөлікте:
      «Нысаналы индикаторларда:»:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі (2015 ж. - 85%, 2020 ж. - 95%).»;
      «Техникалық және кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту» деген бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кадрлар даярлау құрылымы ретке келтіріледі.»;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы кәсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғайтылады. Ол үшін дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізу арқылы жұмыс берушілермен әріптестік есебінен практика базасы кеңейтіледі.»;
      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ оқу орындарының базасында техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа инфрақұрылымы (әлемдік деңгейдегі колледждер, өңіраларық кәсіптік орталықтар) құрылады. Жаңа инфрақұрылым еңбек нарығы мен ел экономикасының ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін ескере отырып, ТжКБ саласындағы озық әлемдік практикалардың негізінде жасалады.»;
      «Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту» деген бөлікте:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоғары білікті жұмысшы кадрларды даярлау сапасын реттеу, оның ішінде экономика салаларында мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттау жүйесін енгізе отырып, дуальді оқыту шеңберінде жергілікті жерлерде қамтамасыз етіледі.»;
      «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім» деген кіші бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар:» деген бөлікте:
      екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі (2015 жылы - 80%, 2020 жылы — 82 %).
      Әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның ЖОО-ның саны (2015 жылы - «ТОП-600 + QS рейтингі»: 2 ЖОО; 2020 жылы - «ТОП-600 + QS рейтингі»: 4 ЖОО).»;
      «Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының жобаларына сәйкес келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» деген бөлікте:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиаттардың 100%-ы магистратурада, докторантурада, резидентурада оқиды, тағылымдамалардан өтеді. Жылына 900-ден аспайтын стипендия тағайындалады.»;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәсіпорындарда, оның ішінде ИИДМБ жобаларын іске асыратын кәсіпорындарда өндірістік практика базалары құрылады.»;
      мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «Екінші курстан бастап студенттер үшін кәсіпорындардағы өндірістік практика енгізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Кадрлар даярлау елдің индустриялық-инновациялық дамуына сәйкес келтіреді.
      ЖОО-ларды қайта бейіндеу және өңірлік мамандандыру жүзеге асырылады.»;
      «Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз ету» деген бөлікте:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Болон декларациясы қағидаттарының бірі ретінде академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында студенттер оқытудың бүкіл кезеңінің кемінде бір академиялық кезеңінде шетелде оқытылады;»;
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірге кәсіптік стандарттар әзірлейді;»;
      «Жоғары білім сапасын бағалау жүйесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету» деген бөлікте:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау біртіндеп ЖОО-лар мен колледждерге арналған ұлттық институционалдық аккредиттеумен ауыстырылады. Мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылауды білім туралы заңнамаға және білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексерістер нысанында жүзеге асырады.»;
      «Білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау» деген бөлікте:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Елдің индустриялық-инновациялық даму бағыттарын іске асыру үшін ЖОО жанынан инновациялық құрылымдар құрылады:»;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Жекелеген ЖОО шетелдік инвесторлар мен отандық компаниялардың консорциумдарына сенімгерлік басқаруға беріледі.»;
      «Өмір бойы оқу» деген кіші бөлімде:
      «Нысаналы индикаторда:»:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім беру ұйымдарында 2016 жылдан бастап мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кәсіптік даярлау үшін жағдай жасалады, арнайы білім беру бағдарламалары жасалады.»;
      «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» деген кіші бөлімде:
      «Жастар саясатын іске асыру» деген бөлікте:/
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жастарға тұратын жері, оқу және жұмыс орны бойынша атаулы көмек көрсету мақсатында өңірлерде психологиялық, профилактикалық консультациялық, әдіснамалық, құқықтық қызметтер көрсету жөніндегі жастардың ресурстық орталықтары дамытылады;»;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік жастар саясатын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету жетілдіріледі.
      ТжКБ ұйымдарында, ЖОО мен кәсіпорындарда Жастар істері жөніндегі комитеттер мен жастармен жұмыс бойынша өзге де құрылымдар құрылады.»;
      «Жастардың әлеуетін ашу тетіктерін іске асыру» деген бөлікте:
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Жетекші республикалық жастар ұйымдарының өкілдерін орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың құрамдарына енгізу жұмысы жалғастырылады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады