"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1328 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 597-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері» деген 4-бөлімде:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері:

Р/с №

бекеттің
атауы

облыстың немесе қаланың атауы

автожолдың атауы

1

2

3

4

1.

Еркін

Алматы

Алматы – Өскемен, 270 км

2.

Қарабұтақ

Ақтөбе

Самара – Шымкент, 965 км

3.

Молодежный

Қарағанды

Қызылорда – Павлодар – Успенка –
Ресей Федерациясының шекарасы,
1066 км

4.

Семей

Шығыс
Қазақстан

Омбы – Майқапшағай, 757 км

5.

Қарабалық

Қостанай

Ресей Федерациясының шекарасы
(Екатеринбургке) – Алматы, 422 км

6.

Бейнеу

Маңғыстау

Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай –
Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау
порты, 844 км

7.

Мамлютка

Солтүстік
Қазақстан

Челябинск – Новосибирск, 496 км

8.

Қызыл Жар

Астана қаласы

Екатеринбург – Алматы, 1281 км

                                                              ».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады